1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы



бет6/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Табысқа келесілер жатады:
- дайын өнімдерді сатудан;
- өндірістік қызмет байланысынан;
- тауарлы материалды құндылықтарды сатудан;
- құрылыс монтаж жұмыстарынан;
- механизмдер қызметінен;
- жал;
- курстық айырым негізінде;
- басқа да.
8 бөлім 10 пунктінде шығыстар есебі қаралған.
Шығыстар деп активтердің азаюы немесе міндеттемелердің артуы түріндегі экономикалық ресурстардың азаюын айтамыз. Есепті кезеңнің табысы танылып, бағаланғаннан кейін шығыстармен өзара салыстырылып, серіктестіктің шығыстары есепте танылады. Шығыстар пайда болған орындарына қарай есепке алынады. Шығыстар құрамына кіреді:

  • тауарлық-материалдық құндылықтарды пайдаланумен байланысты шығындар;

  • еңбек ақы төлеу шығыдары;

  • аударымдар түріндегі шығындар;

  • басқа да шығындар.

Өнімнің өзіндік құнын құрастырушы шығындар келесідей элементтерден тұрады: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, аударымдар, амортизация, басқа да шығындар.
Шығыстар есебі Типтік шоттар жоспарының 7-ші бөлімінің, ал шығындар есебі 8-ші бөлім шоттарында жинақталады.
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нің есеп саясатымен танысқанна кейін келесідей ой қалыптасты. Есеп саясатында өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар баптары ғана көрсетілген, ал баспа қызметіне байланысты ерекшеліктерді ескеретін баптар туралы айтылмаған. Арнайы стандарттар мен нормтаивтерге байланысты да ешқандай ақпарат келтірілмеген. Сондықтан да біздің еліміздегі ұйымдар есеп саясатына әлі күнге толық құнды баға бермейді, оны құрастыру маңызын әлі толық түсіне қоймаған деген қорытынды шығаруға болады. Бұл ұйымның Жарғысында көрсетілетін қызметтерінің көптеген түрлері көрсетілгенімен, баспа ісіне арнайы маманданған болғандықтан осы салаға қатысты ерекшеліктер, мысалы, редакциялық шығындар, көркемдік шығындар, тақырыптық жоспралау бөліміне қатысты, рафиктік бөлім, фотозертханасына қатысты, тікелей өндірістік цехқа қатысты арнайы ерекшеліктер есеп саясатында көрсетілгені жөн деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет