1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы


«Полиграфкомбинат» ЖШС-нің қызметінің экономикалық жағдайы, бәсекелестік мүмкіндігі және даму бағыттары



бет7/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
ҚР Баспа ісі

1.3 «Полиграфкомбинат» ЖШС-нің қызметінің экономикалық жағдайы, бәсекелестік мүмкіндігі және даму бағыттары

Баспа ұйымының қызметін жүзеге асырудан бұрын қызметті ұйымдастыру қажет. Баспа ұйымының шаруашылық қызметін ұйымдастыру деп өндірістік қорлардың кеңістіктік-уақыттық құрылымны және олардың (жұмысшы күші, өндіріс құралдары, материалдар) арасындағы белгілі-бір есепті кезең ішінде аздаған шығын жұмсай отырып, жоғары сандық және сапалық нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы өзара қатынастрады айтамыз.


Шаруашылық қызметті ұйымдастыру үшін келесі ережелер сақталуға тиіс:
- жоғары маманданған кадрлар мен менеджерлер, қажетті ақпарат көздері және оларды жедел алу жолдарының болуы;
- шаруашылық қызметтің барлық процестерінің біріктірілуі және қойылған мақсатқа және тиімді қызметке қол жеткізу үшін олардың өзара байланысын орнату;
- басқарушылық шешімдердің икемдлігі негізінде ұйымның өзгермелі жағдайларда да қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Жүйелі тұрғыдан қарағанда баспа ұйымының сауда-шаруашылық қызметі жүйенің кірісіндегі ресурстарын орналастыру арқылы жүйенің шығысында тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ететін және пайда әкелетін сауда қызметін алу болып табылады.
Баспа ұйымының сауда-шаруашылық қызметінің процестері ұйымның кірісінде натуралды және ақшалай өлшемдегі өндіріс қорларын қалыптастырудан басталады. Өндірістік қорлары деп тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде пайдаланылатын табиғи, еңбек, тауарлық ресурстарды түсінеміз. Баспа ұйымының шаруашылық қызметінің тиімділігі өндіріс ресурстарының мөлшері, құрамы мен мақсатты бағыттарына ғана емес, олардың ұтымды қолданылуына да байланысты болады. Ресурстардың әрқайсысының түрі бойынша оларды бағалау, тиімді қолдану әдістері бар. Барлық ресурстарға тән қасиет олар сирек кездеседі және мөлшері шектеулі. Сондықтан ресурстарды тиімді қолданудың маңызы өте зор.
Баспа ұйымының сауда-шаруашылық қызметі процесін келесі сурет ретінде көрсетуге болады.[10]

КІРІС БАСПА ҰЙЫМЫ ШЫҒЫС





Сауда қызметі
Тауарлар
(сатып алу .........сату)
Ақша қаражаттары

Сатып алу (Ақша-Тауар) Сату (Тауар1-Ақша1)


Сату қызметтері





Ресурстар:
Еңбек
Материалдық
Технологиялық
Ақпараттық
Қаржылық

Сатып алушылар
Сатудан алынған табыс (САТ)
Шығын (Ш)
Пайда (П= САТ-Ш)

Шығын Табыс





Пайда

Сурет 5 - Баспа ұйымының сауда-шаруашылық қызметінің үрдістері


Баспа ұйымының сауда-шаруашылық қызметінің процестері олар қызмет атқаратын сыртқы және ішкі ортаға тәуелді. Баспа ұйымының ішкі ортасы оның мақсатын, міндеттерін, құрылымын, технологиясы мен адамдарын анықтайды. Сыртқы факторлар мен баспа ұйымын келесі байланыста қарауға болады (сурет 6).



Экономикалық

Ғылыми-техникалық



Бәсекелестер

Демографиялық

Технологиялық



Баспа ұйымы

Тұтынушылар

Жабдықтаушылар



Саяси

Мәдени



Мемлекеттік ұйымдар



Құқықтық

Әлеуметтік

Сурет 6 - Баспа ұйымның сыртқы ортасының негізгі факторлары


Ішкі орта ұйымның өз ішінде басшылық шешімдеріне қатысты анықталады. Нақты бір орын алған жағдай бойынша белгілі-бір фактор жоспарлы фактор деп танылады.
Сыртқы ортаның өзгеруі баспа ұйымының тек сауда-шаруашылық қызметіне ғана емес оның қаржылық нәтижелерінің де қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан әсер ететін сыртқы факторларды ажыратып, олармен қатар қызмет атқару мүмкіндігіне ие болу қажет.
Нарық – бұл оның субъектілері арасындағы, ең алдымен көптеген сату-сатып алу процестері түріндегі өзара байланыстары мен нақты экономикалық қатынастарының жиынтығы. Тауар иеленуші мен сатып алушы нарықтық қатынастарға түскен кездегі олардың қатынастарының объектісі тауар болып табылады және осы тауарға деген меншіктік құқықты сатушы сатып алушыға береді. Баспа өнімдерін сатушылар кеесілер болып табылады:

  • баспа ұйымы (өндіруші);

  • делдалдар – сауда ұйымы түріндегі таратушылар.

Баспа өнімдерін сатып алушылар соңғы тұтынушылар мен делдалдар түрінде болады.
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нің соңғы бес жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері жөніндегі мәліметтерді баланс пен пайда және зиян жөніндегі есептіліктернегізінде келесі кесте түрінде жинақтауға болады.(қосымша А)

Кесте 3 - «Полиграфкомбинат» ЖШС-нің 2004-2009 жылдардағы негізгі көрсеткіштері*





Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2004 ж нақты

2005 ж
нақты

2006 ж
нақты

2007 ж
нақты

2008 ж
нақты

2009ж 10 айы үшін

1

Тауарлық өнім көлемі

мың теңге

1178750,0

1571200,0

1789843,0

1564840,0

1592528,0

1117181,0

2

Натуралдық өндіріс көлемі

мың б.б.

113264,0

133180,0

154031,0

133004,0

107238,0

59251,0




Кітап-журнал өнімі

мың б.б.

106494,0

127260,0

148508,0

100342,0

96155,0

53923,0




Кітап-журнал өнімі

мың есе б.

284502,0

321960,0

363317,0

210974,0

231121,0

76572,0




Түптелген кітаптар

мың дана

4083,0

5953,0

5954,0

4045,0

3477,0

3796,0,0




Брошюра

мың дана

5680,0

5142,0

5598,0

4069,0

3566,0

4895,0




Сурет және басқалары

мың б.б.

6770,0

5920,0

5523,0

32662,0

10992,0

5328,0




Сурет және басқалары

мың есе.б.

20627,0

23593,0

17110,0

120053,0

39295,0

20429,0

3

Натуралдық өндіріс көлемі, Атамұра баспа

мың б.б.

57960,0

94152,0

98653,0

55744,0

49067,0

41475,0

4

Ақшалай өлшемді өндіріс көлемі
Атамұра баспа

мың теңге

798867,0

1244792,0

1308767,0

1023322,0

1079204,0

989635,0

5

Жалпы көлемдегі үлесі (ақша өлш.)

%

68,00

79,30

72,80

65,40

46,00

70,30

2-ші кестенің жалғасы






Жалпы көлемдегі үлесі (натуралды өлшем)

%

51,20

70,70

64,00

42,00

67,80

70,00

6

Сменалық коэффициенті

коэфф.







1,10

1,00

1,10

1,0

7

Жұмысшылар саны

адам

349

353

371

356

347

347




Өндіріс жұмысшылары

адам

342

346

363

349

339

339

8

Жалпы еңбек ақы мөлшері

мың теңге

133540,0

160925,0

200450,0

237134,0

304448,0

256161,4

9

Орташа еңбек ақы

мың теңге

31886,0

37990,0

45025,0

55509,0

73114,0

75564,0

10

Сатылған өнімнің өзіндік құны

мың теңге

928064,1

1366001,0

10490189,1

1177958,3

1367893,0

1185503,0

11

Өзіндік құндағы жалақы үлесі

%

14,8

12,7

19,7

20,1

22,2

21,6

12

Пайда+
Зиян -

мың теңге

135692,0

69160,0

310646,0

283811,0

194759,0

221342,0

13

Рентабельділік

%

14,7

5,0

29,6

24,1

14,2

18,7

14

Сатылған өнім көлемі

мың теңге

1161825

1592860

1463435

1574810

1664371

1406846

15

Сатылған өнім 1 тг сәйкес шығын

тиын

79,9

85,7

71,7

74,8

82,2

84,3

16

Ақша қаражаттарының қозғалысы

мың теңге

1229613,8

1873172,3

1876880,9

1860025,5

1781020,7

1434853,0




Оның ішінде: Атамұра баспасы

мың теңге

607050,0

1339540,0

1170998,0

1133500,0

1037200,0

1046739,7




Басқалары

мың теңге

422563,8

473632,3

509882,9

591525,5

593820,7

388113,3




Несие

мың теңге

200000,0

60000,0

196000,0

135000,0

150000,0

-

17

Төленген салықтар

мың теңге

163474,3

239430,6

186936,5

308944,6

319409,4

250236,5

18

Салық салынатын табыс

мың теңге

135692,1

69160,6

310646,1

283815,6

194756,1

-

19

Декларация бойынша КТС

мың теңге

41176,0

17848,4

44862,8

68964,8

63294,9

37343,6

20

Салықтық жүктеме коэффициенті

%

3,5

1,1

3,1

4,4

3,8

2,7

*Кесте ұйымның нақты мәліметтері негізінде құрастырылған

Кестедегі мәліметтерге қарап ондағы көрсеткіштердің 2006 жылы өте жоғары дәрежеге көтеріліп, 2007-2008 жылдары төмендегенін, ал 2009 жылдың 10 айының деректері бойынша бірқалыпты деңгейде екендігін көруге болады.


Мысалы, жекелеген көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, тауарлық өнім көлемі 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін артқан (2005 жылы 392450 мың теңгеге, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 218643 мың теңгеге артқан), ал 2007 жылы алдыңғы жылға қарағанда 225003 мың теңгеге кеміген, 2008 жылы 27688 мың теңгеге артқан, ал 2009 жылдың 10 айында 475347 мың теңгеге кеміген. Келтірілген көрсеткіштердің қайсысы болмасын осындай өзгерістерге ұшыраған, мұның басты себебі сол жылдарда бүкіл әлемдік дағдарыстың орын алуы. «Полиграфкомбинат» ЖШС-і құрамындағы «Атамұра» ұйымның тауарлық өнім өндірісіндегі үлесінің жоғары екенін көріп отырмыз. «Атамұраның» ақшалай өлшемдегі тауарлық өнім өндірудегі үлесі 2009 жылдың 10 айы үшін 70,30%, ал натуралды өлшемде 70,00%-ға тең. Еңбек ақы шығындарының сатылған өнімдердің өзіндік құнындағы үлесі жоғары болғандығын, ал рентабельділік көрсеткіштерінің орташа деңгейде екендігін көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет