24.Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. 1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық – 10 «жүздіктен» тұрады. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.
1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.
Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
25. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды.