22.Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі. Қожа Ахмет Ясауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.
Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X–ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады
Оның 90 мыңдай шəкірт — мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен. XIII–XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: «Мəдинада — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет», — деген.XII ғасырда Түркістан қаласының орнындағы Ясы атты кішкене қыстақтың Ясы шаһары деп даңқы шығуы Қожа Ахмет Ясауи əулие атымен тікелей байланысты. Өйткені Əзірет Сұлтанның көзі тірісінде-ақ оны киелі адам деп мойындаушылық көп болған. Бұған жұпыны киініп, сəн-салтанаттан аулақ өмір кешуі, ақын болуы, түрік тілінде жазған негізгі шығармасы «Диуани Хикмет» атты керемет кітабының жүрекке жылы тиетін, имандылыққа шақыратын жеке тараулары мен шумақтары, қалың бұқараның аузынан тастамайтын ғазалына айналуы үлкен себепші болған.
23. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы. Орта ғасырда қазақ даласынан шыққан ғұламалар Әл-Фараби мұралары, Махмұт Қашқаридің «Диуани лүғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»), Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» («Құтты білік»), Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» («Хикметтер жинағы»), Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашиди», «Жаһан-наме» еңбектері, Ахмед Йүгінекидің «Хибат-ул Хақаиқ» («Ақиқат сыйы»), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы», Хусам ад-Дин Сығанақи еңбектері ислам мәдениеті аясында жазылған жәдігерлер. Түркі ойшылдары ислам мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне елеулі ықпалын тигізді. 960 жылы Қарахан мемлекетінің ресми діні ислам болып жарияланды. Қарахандықтар дәуірінде қала мәдениеті дамып, мұсылмандық сәулет өнерінің ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Әулие Ата, Айша Бибі кесенелері, мешіттер мен медреселер, кітапханалар Қарахан мемлекетіндегі рухани-мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары болғанын дәлелдейді.
Орта ғасырларда қазақ елі мұсылмандық мәдениеттің аясында дамып, есімдері әлемге белгілі ойшылдар мен ғалымдарды тарих сахнасына шығарды. Араб халифаты аясындағы сан түрлі тілде сөйлейтін және алуан түрлі мәдени ұстанымдағы халықтарды біріктерген ислам мәдениеті ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің үлгісіне айналды. Орта ғасырлық мұсылман мәдениеті мен философиясы, ғылымы мен өнері түркі, араб, парсы тілдес сан алуан халықтардың жасаған ортақ еңбегінің нәтижесінде әлем мәдениетінің алтын қорына айналды.
Ислам діни сенімі және ислам құндылықтарының қазақ даласына енуі қазақ мәдениеті мен әдебиетіне Құран Кәрім қиссалары мен араб әдебиетінің үлгілері де ене бастады. Ортақ рухани құндылықтар негізінде мұсылмандық шығыс мәдениетінің жәдігерлері қазақ мәдениеті мен әдебиетіне ауызша аңыз-дастандар жолымен, яғни, жыраулар мен термешілердің қызметі арқасында, екіншіден, қолжазбалық түрде тарала бастады.