1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі



бет55/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Байланысты:
Казакстан тарих ГОС

86.Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет.
1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды: этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды.
87.Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.
Партизандық соғысы– жау басып алған аумақтарда дұшпанмен күрес жүргізетін жалпы халықтық күрес.
Оған жау тылында қимыл жасауға арнайы жіберілген әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін. Оған тұрақты армияға кірмейтін жау тылында қимыл жасаушы әскери топтар, жасақтар және бөлімдер қатысады.
Партизан соғысы қарсыластың тірек пунктіне, штабтарына, әскерлеріне және әртүрлі нысандарына тұтқиылдан соққы беру әдісімен, сондай-ақ жекелеген диверсия түрінде жүргізіледі. Партизан соғысының негізгі мақсаттары:қарсы жақтың адам күші мен соғыс техникасын шығынға ұшырату, оны басқару
қатынас жасау орталықтарының, тыл органдарының қалыпты жұмысын бұзу, үрей туғызу.
Партизан соғысы көне заманнан белгілі (мысалы, А.Македонскийдің әскерлеріне Спитамен бастаған массагет тайпасының қарсылығы немесе галл тайпаларының Рим экспансиясына қарсы күрестері, т.б.). Партизан соғысын жеріне жау басып кірген барлық халықтар жүргізген, соның ішінде тарихта неғұрлым жақсы сақталғандары Солтүстік Американың тәуелсіздік үшін болған соғыстағы (1775 - 83) америка халқының күресі, Ресейдегі орыс шаруаларының Наполеон әскерін талқандауға қатысуы (1812), француз-пруссия соғысы (1870-71) кезіндегі француз халқының күресі, сондай-ақ 19-ғасырда қазақ даласында болған орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарда да партизандық ұрыс жүргізу тактикасы кең түрде қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет