1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер



бет78/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
Байланысты:
Казакстан тарих ГОС

118.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ын өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген.
Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті.
Көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына арнайы жоспар жасалған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің барлық жылдары этникалық қазақтардың ерікті түрде елге оралуын ынталандыру саясатын жүргізуде. 2000 жылдың басындағы деректе Қазақстанның өзінде қазақтар 8 млн 590 мың, бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың, шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың болған екен,Мамандар келтірген деректер бойынша, соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре берсе, 2020-2030 жылдары қазақтың саны едәуір көбейеді деген болжам бар. Сондай-ақ алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1991-2019 жылдар аралығында оралман мәртебесін 304 839 отбасы немесе 1 042 589 адам алған. Қазіргі таңда еліміз әр жыл сайын қандастарымызды елге қайтару үшін бөлінетін мемлекеттік квотаның көлемін көбейте түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет