29. Ноғай ордасы: аумағы, тайпалық құрылымы, саяси тарихы.13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі хан болды. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген.
30. Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы.XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасыменшектесті. XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Алтын Орда құрамына кіріп, Шибан әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұғазаманындағы түрік шонжорлары әулиетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханныңқұрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Түмен қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.Түркітілдес тайпалар, негізінен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысатын. Осыған қарамастан, археологтар Тобыл мен Ертіс алқаптарында отырықшылық өмірдің белгілерін тапқан. Сол аймақтарда үй шаруашылығы, тоқыма, метал өңдеу, қыш-құмыра өнеркәсібі дамыды. Сібір хандығының негізгі әкімшілік және әскери орталықтары: Қызыл-Тура, Қасым-Тура, Явлу-Тура (қазіргі Ялуторовск қаласы), Тонтур.Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыдыСібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574–1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығының Мәскеу мемлекетінің құрамына кіру үрдісі басталды