1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы



бет28/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

41.Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, әдебиет зерттеушісі, этнограф.Баршаңызға белгілі М. Х. Дулати Кашмирде билік құрған жылдары парсы тілінде «Тарих-и Рашиди» атты Орталық Азия халықтарының ХІІІ-ХVІ-шы ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы классикалық тарихи шығармасын жазды. Еңбектің ішінде халқымыздың тарихына қатысты қызықты мағлұматтар көп. Соның біріне, атап айтсақ Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу оқиғаларын М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі деректер арқылы бажайлап көру мынадай жәйттерді айшықтауға мүмкіндік берді. «Тарихи Рашиди» кітабының ең тамаша жері, Мұхаммед-Хайдар мұнда Алтынорда мен Шағатай ұлысының әбден ыдырап, XV ғасырдың орта кезінде бұрынғы қазақ тайпалары бірігіп, жеке өкімет құрғанын бірінші рет ашық, көлемді түрде төндіре жазған. Кітаптың тіліне, ондағы мәліметтердің айқын, маржандай тізіліп құрылуына қарағанда, оның жазушысы жергілікті халықтың тұрмысын, шаруашылығын, саяси тіршілігін жете білетін кісі екенін көрсетеді. Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек.Қадырғали Жалайри еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін «Алаш мыңы» атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес… Аса маңызды тарауларының бірі — «Орыс хан дастаны». Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің «қосқан» үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген — бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осы Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан» (38-бет). «Қазақ тарихы» журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің «Орыс хан және оның ұрпақтары» деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз. Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Бірақ, бүл — тарих. Ал тарихтан келер үрпақсабақалып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін інжу-маржан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет