Киіз үй негізгі үш элементтен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Жылжымалы тор көз – кереге, кереге басы мен шаңырақты жалғастыратын ағаш – уық, киіз үйдің төбесі – шаңырақ. Керегенің әр бөлігі қанат деп аталатын қабырғалардан тұрады.
Тұтыну қажетіне орай киіз үй үш түрге бөлінеді. Киіз үй үш қанаттан бастап, он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлгілері болған. Жалпы киіз үй – басты төрт түрлі жабдықтан тұрады. Киіз үйдің сүйегі қайың, мойыл, сәмбі талы, қарағай сияқты ағаштардан жасалатын жабдықтар (кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, табалдырық, жақтау несе таяныш, сықырлауық). Киіз үйдің киіздері негізінен қойдың күзен жүнінен жасалатын жабдықтар (туырлық, үзік, түндік, киіз есік, уық қап, дөдеге т.б)
55.XV-XVII ғасырлардағы қазақ қолданбалы өнерінің жалпы даму тенденциялары
Жауабы: XV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті өткен кезеңдегі мәдениеттің барлық ерекшеліктерін бойына сіңірді.Солай бола тұра, ұлттық өзіндік болмыс жасалып, материалдық және рухани мәдениеттің белгілірі орныға бастады. XV-XVII ғасырларда Қазақ мемлекетінің аумағы Орта Азияның отырықшы аудандарын қамтығанымен, оның мәдениетінің ерекшелігі бәрінен бұрын көшпелі өмір салтымен анықталады. Үй-жай,киім үлгісі, қоршаған табиғат туралы түсініктері, халық ауыз әдебиеті мен өнерінде көрініс тапты. Қазақ халқының тұрғын үйі материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Үй мен оның ішкі жабдығы қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен үйлесім тапты.
Киіз үй ағаш пен киізден құрастырылады. Ол кереге ,шаңырақ, уықтардан тұрады.Киіз үйдің көлемі қанаттарының санына байланысты болады. Он екі қанатты киіз үйдің аумағы 100-120 шаршы метрге жетті.XV-XVII ғасырларда Қазақстанға сондай-ақ жартылай отырықшы және отырықшы тұрақты үйлер де тән. Мұндай үйлердің .(жер үй, шошала. қақыра)көпшілігі Қазақстанның оңтүстігінен табылған. Қазақтардың өмірінде олардың басты қыстақ тұрақтары орналасқан Сырдария, Талас және Шу өзендерінің аңғарлары мен Торғай, Есіл және Ертіс өзендерінің маңызы зор болды. Қазақтардың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдаиларына байланысты ежелгі дәстүрлер көрініс тапты. Киім шұға, жүн және жібек маталардың, киіз бен теріден дайндалды. Қазақтарда қасқырдың, түлкінің, жолбарыстың және құндыздың, бұлғынның, күзеннің терілері аса қымбат бағаланды. Терілерден сәнді тондар тігілді. Бағалы аңдардың терісінен тігілген тондар <<ішкі>> деп аталды. Қазақтардың қару-жарағы да әр түрлі болды. Ерекше балқытылған болаттан қайқы қылыштар, селебе, семсер жасалған. Сапы, қанжар, <<жеке ауыз>> — ұзын пышақтар кеңінен қолданылады. Садақ пен жебе, найза мен қылыш неғұрлым кең тараған қару болды.
Достарыңызбен бөлісу: |