1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары


Қазақ мәдениетіндегі фольклордың орны



бет15/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
77 сурак

45. Қазақ мәдениетіндегі фольклордың орны
Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
«Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),
Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),
Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:
Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,
С.Бабажанов,
Т.Сейдалин, т.б
Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.
Шәкерім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Өскенбайұлы, X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.
Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),
Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),
Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады.
Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева , Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет