49. 19 ғасырдағы қазақ би өнері
Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет - әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады. Би белгілі бір әуендермен, күйлермен сүйемелденеді. Мысалы, «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. ХІХ ғасырда Рахымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген. Ол билегенде халық әуенінің ырғағымен бірге теңселіп, әндетіп отырған. Ал, ХХ ғасырдың басында диуана атанған Зәрубай биші «Қоянды» жәрмеңкесінде қоян болып киініп, «Қоян» биін үстел үстіне қойылған кеселер арасымен ептілікпен секіріп, қол - аяғын тигізбей шебер орындаған. Қазақтың тағы бір биі «Ұтыс»
Белгілі биші Рахым Асылбекұлы «Қаражорға», «Ортеке» билерін шебер орындаған.
50. Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерінің дамуы мен ерекшелігі
Жауабы: Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениеттің дамуында 30-жылдардың басынан жаңа кезең басталды, ол кадрларды даярлауға байланысты. Жас әртістердің, әншілердің, музыканттардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және болашақ кадрлар даярлау мақсатымен 1932 жылы республикада тұңғыш музыкалық-драма техникумы, 1933 жылы музыкалық әртістер студиясы, ал келесі жылы тұңғыш музыка мектебі ашылды. Қазақ өнерінің дамуы: кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, опера, балет, музыка, ХХ ғ.драматургиясын жатқыза аламыз
Достарыңызбен бөлісу: |