1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары


Қазақ киізүйінің уығының иінделіп жасалуына байланысты үйдің сыртқы пішіні дөңгеленіп, келісті көрінеді



бет20/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
77 сурак

Қазақ киізүйінің уығының иінделіп жасалуына байланысты үйдің сыртқы пішіні дөңгеленіп, келісті көрінеді. Осыған сай үзік етегі кең пішіліп, бүріле тігіліп уық иініне бөрікше киіліп келеді. Үзік ішінен жабылатын туырлықтары шаңыраққа жеткізіле, яки жете қабыл етіліп, қарақас салып жабылады.
Киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне яғни заманымыздан бұрынғы 3-ші мың жылдыққа саяды. (қ.с. энцеклопедиясы 5 том, 456 бет). Киіз үй ықылым замандарды басынан кешіргендіктен, оның даму барысын дөп басып айту өте қиын. Алайда киіз үйлердің алғашқы нұсқасы – «күрке» болды. Күрке – сырықтардың басын буып жасаған алғашқы баспана. Сырықтардың басын шіліктермен бұрап буғаннан кейін, мосыға ұқсас тікейтіп тұрғызып, ара-арасына сырық қосып, күрке ағашының қатарын молайтып, орнықты әрі сырықтардың арасының жиі болуын қамтамсыздандырған. Сыртына шөп-шалаң, қамыс жапқан, кейін қамысты тоқып жапқан. Бірақ бұл көңілдегідей баспана емес еді. Күрке сырықтарының басын бууға топтап бұрап істеткен шіліктердің кепкеннен кейін сол беті тұрып қалатындығын білген адамдар, шіліктің бұл қасиетін пайдаланып, шіліктерді топтап бұрап шағын шеңбер жасаған. Ең алғашқы шіліктен бұрап жасалған шаңырақшада тым ебдейлі берік болмайтындықтан, табиғи қуыс ағаштардың екі жағын тұжырып, қабырғаларынан тесік тесіліп, шаңырақ орнына пайдаланды. Бұл «шелек шаңырақ» деп аталды. Әрі қазіргі ағаш шаңырақтың алғашқы тұрпаты болды. Керегелер де қада ағаштардан біртіндеп дамыды… Бастапқыда ашалы қада жерге қағылып, онан соң айқастырылған қадалар пайдаланғаны мәлім.
Осылайша ғасырлардың өтуі бұл баспаналадың көші-қонға лайықталған, берік жималы түрін туындатты. Баспаналар біртіндеп жақсартылып, жаңғыртылып, өзгертіле беруімен бірге шаңырағы да, уық, керегелері де біріне-бірі сәйкесті, жығып-тігуге қолайлы, жеңіл, ықшам етіліп жасалып, қазақ киіз үйінің тұлғасы сараланып шақты.
54.Қазақ мәдениетінде киіз үйдің дизайны мен функционалдығы
Жауабы: Киіз үй – ежелгі көшпелі өмір сүрген адамдардың жылжымайтын негізгі баспанасы. Ол тез жылып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықталып жасалады. Киіз үйдің пайда болған уақыты қола дәуіріне тура келеді. Киіз үй біздің заманымыздан бұрын 7 ғасырда кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір кәсіпке айналған. Киіз үйдің қабырғасы шеңбер тәрізді келіп, төбесі күмбезделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет