56.XV-XVII ғасырларда қазақ киімдері
Жауабы: Көшпелі қазақтардың киім-кешектері қала тұрғындарына қарағанда біраз бөлектеу болған. Жалпы қазақтар қысқы киімнің жел, суық өткізбейтін жылы, жазғы киімнің әдемі, әсем, тартымды болуына көңіл бөлген. Қысты күні ер адамдар қойдың, түйенің жабағысынан сырған, қалың матамен тыстаған, кең тігілген тон, қасқыр, тауешкі сияқты аңдардың терісінен жасалған сыртын тыстаған жағалы ішік, құлын терісінен тігілген жарғақ, түгін ішіне қаратып, қой, киік терісінен істеген жылы шалбарлар киген. Көктемдегі, жаздағы қазақтардың киімі бешпент, камзол, шапан болған, ақ киізден жасалған жұмсақ ақ қалпақ киді. Олардың қысқы тымақтары елтіріден, түлкі, қасқыр тб аң терісінен тігілді.
Ер адамдардың аяқ киімдерінің түрі көп: өкшесі биік, қонышы тізедег асатын шоңқайма етік, былғары саптама етік, аң аулағанда киетін қайқы жұмсақ етік, жазда киетін жеңіл етік, жұмсақ теріден істелінген мәсі, сауыр былғарыдан істелінген кебіс т.б. Бұл қазақтардың мал теріні шебер өңдеп пайдалана білгенін көрсетеді.
Әйелдердің әртүрлі матадан, жібектен, мақпалдан тігілген көйлек, камзол,аң терісінен жасалған сыртқы киімдердің үлгілері тіпті көп болған. Қыздар белі қымталған етек-жеңін бірнеше қатар желбеу жүргізілген қос етек көйлек немесе белі бүрілген , етегі әдептелген тік көйлек, қаусырмасы, етегіне оқа жүргізілген камзол, басына үкілі тақия, аяғына биік өкшелі етік киетін болған.
57.Мұсылман дәуіріндегі декордың негізгі элементі
Жауабы: Ислам архитектурасы - исламның әлеуметтік, мәдени, діни
және саяси құбылыс ретінде дамыған әртүрлі архитектуралық
стильдерінің жиынтығы. Ислам сәулетіне діни де, зайырлы да
ғимараттар да кіреді. Ислам сәулетіне сонымен қатар исламның
алғашқы дәуірінде де, қазіргі заманға байланысты да, басқа да
елдерде де исламның әсерімен танымал болған сәулет
стильдері кіруі мүмкін.
• Архитектуралық стиль Таяу Шығыста 7 ғасырда пайда болды
және орта ғасырларда Солтүстік Африка, Испания, Кіші Азия,
Үндістан мен Иран, Орталық Азия мен Кавказда дамыды.
Кейінірек ислам сәулеті Оңтүстік-Шығыс Азияға да келді. Қазіргі
заманда мешіттер ислам сәулетіне сәйкес бүкіл әлем
мұсылмандарының барлық тұрғылықты жерлерінде салынады.
• Исламдағы ең алғашқы архитектуралық құрылыс Мадина қаласында алғашқы мешіт Мұхаммед пайғамбардың хижрасынан кейін салынды. Содан кейін мұсылмандар жаулап алған қалаларда мешіттер ашыла бастады. Меккені алғаннан кейін әр мешітте михраб (Қағбаға бағытталған бұрыш) пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |