1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


XX ғ.бас кезіндегі қоныс аударып келгендерге жасалған қолдау. Аграрлық қатынастардың шиеленісуі. Қазақ жерін экспедициялық зерттеудің мақсаты



бет16/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

21. XX ғ.бас кезіндегі қоныс аударып келгендерге жасалған қолдау. Аграрлық қатынастардың шиеленісуі. Қазақ жерін экспедициялық зерттеудің мақсаты.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді.


22.Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық. 1920жылдары бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрлар даярлау, бұқара халықтың мәдени деңгейін арттыру қажеттілігі туындады. КСРО – ның басқа аймақтарындағыдай Қазақстанда да сауатты, зиялы қауым ат төбеліндей аз болатын. Халықтың басым бөлігінде бастауыш білімде жоқ болатын. Сол себепті Қазақстанда «мәдени революция» жасау керек деп шешті. Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиіс болды: Біріншіден мәдени артта қалушылықты жою. Екіншіден білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру. Соған байланысты 1920 жылы тамызда Партияның Орталық Комитетінде үгіт – насихат бөлімі құрылды. Осы жылы қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси – ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға басшылықты жүзеге асыра бастады. Мәдени революцияның міндеттері: Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу керек болды. – Жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім қажет болды. – Қазақстандағы оқу – ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу. – Рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін, қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту. – Кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін – театр, кино, бейнелеу өнерін т. Б. Қалыптастыру. – Қазақстанда ғылымды қалыптастыру үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру. – Жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным – сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмірдегі салтын енгізу. – Социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау. – Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру. Осылайша 1920 – 1930 жылдардағы партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай – ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар арқылы «жаңа кеңестік сана» қалыптастыру ісіне бағытталды. Партия біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін бір жағынан – халықтың білімі мен мәдениетін көтеруге, екінші жағынан – шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге тырысты. Біртұтас кеңестік мәдениет құру идеясы ұлттық мәдениеттің өрісін тарылтып жіберді. Осы кезеңдердегі реформалар Қазақстанды негізінен орыстандыру саясатынның арқасында жүргізілді. Қазақ тілінің аясы тарылып, жергілікті халыққа қысым жасалды. Қазақ мектептері өте аз болды, тіпті болғандарының өзі жабылып жатты. Жергілікті халықтың бұрыннан қалыптасқан сана сезімі мен менталитеті аяқ асты болды. Осының салдарын Қазақстан халқы әлі күнге дейін зардабын шегіп келуде.


23.
“Әскери коммунизм”саясатының негізгі мәні азық түлікті жоспарлы түрде бөлу болып табылады.Кеңес өкіметі Лениннің айтуы бойынша “шаруалардың өндірген өнімінің өздерінің күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін қарулы азық түлік отрятдары мен армияға артықша құқық берілді.”Әскери коммунизм” саясаты РКФСР дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенімен,оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды.Қазақстанның көптеген өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып,Кеңес өкіметін құлату жағдайында Алашорда Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса,олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті.Қазақстандағы қарулы қақтығыс Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. Сондықтан қазақстандық майдандардағы ұрыс қимылдарының барысына Азамат соғысының басты майдандарындағы шайқастардың нәтижесі ғана шешуші ықпал етіп қойган жоқ, сондай-ақ жергілікті әскери құрамалар мен партизандардың іс-қимылдары және Қазақстан аумағындағы ақ гвардияшылар басып алған жерлердегі көтерілістер Шығыс пен Оңтүстік майдандарда соғысып жатқан Қызыл Армияның негізгі күштеріне айтарлықтай көмек көрсетті. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды азат етуде, Колчакты түбегейлі талқандауда, ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарын Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстаннан және Жетісу жерінен қуу кездерінде айқын көрінді. Кеңес үкіметі Қазақстан майдандарында соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне қажетті әскери көмегін аямады.


24.
Қоныс аудару саясаты: XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. 1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.
1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.


25.
Сталин – тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті. Сталин шын мәнінде қара шекпенді Ресейге ауыстыра салынған Рим императоры іспетті еді: ол Ресейді өзіне бағындырып, Рим сияқты орасан зор империяны құрып алды, бірақ мұнда, оның өзімен қоса, еркін адамдар болған емес. Оның империясы түп-түгел маркстік-лениндік идеяның құлақкесті құлдарынан тұратын. Бухарин оны «Марксті оқыған Шыңғысхан» деуші еді, ал, шындығында, ол одан гөрі көңіл көтеруге, театрға, аярлыққа, кісі өлтірушілікке құмар Неронға көбірек ұқсайтын. 1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері «ұлы» көсеміміз В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО құрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын құрмас бұрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жұмыстары осылайша қатаң жүргізілді.


26.
XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі , оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси –қоғамдық ой –пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.


XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт –азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т.б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық –саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді .


Мысалы :
1.А.Байтұрсынов *Маса *, М.Дулатұлы *Оян қазақ!* кітабін жазып , қазақ халқының сол кездегі ой-санасын оятты .


2.Ә.Бөкейханов неше түрлі саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламалар жасаумен айналысты.


3.1913 жылдан бастап жарық көрген *Қазақ* газеті либералдық демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді . * Қазақ* газеті арқылы Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының саяси сауатын ашты .


4.Қазақтың тұңғыш магистрі Ж.Ақбаевтың саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық –саяси бағытын айқындауда зор рөл атқарды


Қорыта келгенде, қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық –саяси сауаты ашылмай , мәңгі түнекте қалар еді.




27.
Кеңес мемлекеті мәдени революция процесіне бағыт бере отырып, оған еңбекшілер бұқарасының өздерінің жанды шығармашылығымен белсене қатысуына, олардың басым көпшілігінің «көзін ашып, білім алуға» деген орасан зор ұмытылысына сүйенді. Ана тілі негізінде және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, мәдениетті еркін дамыту үшін барлық халықтарға нақты жасалынған жағдайда ғана еңбекшілердің мәдениет тұрғысынан өркендеуі мүмкін. Сонымен бірге ұлттар томаға-тұйықтыққа қарсы күресте ғана, ұлттардың шығармашылық ынтымақтасуы мен өзара рухани баюы негізінде ғана ұлттық мәдениеттердің гүлденуіне жетуге болатын еді.

Әлеуметтік-экономикалық қайта құрудағы сияқты, мәдени құрылыс саласында да өтпелі кезеңде еңбекшілердің қалың бұқарасына түсінікті, ұғымды жолдар, тәсілдер, құралдар қолданылды.


Алайда мәдени құрылыс үлкен қиыншылықтармен күресу жағдайында жүзеге асырылды. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты, халықтың ұлан-ғайыр аумақта сирек орналасуы, патриархатгық-феодалдық және клерикалдық институттардың ықпалы, өлкенің жалпы экономикалық артта қалуы, халықтың түгелдей дерлік сауатсыздығы, қатынас жолдары мен байланыс құралдарының жеткіліксіздігі, өте-мөте материалдық базаның әлсіздігі, кадрлардың жетіспеушілігі — осының бәрі жаңа мәдени құрылыс қарқынын баяулатты.


Орасан зор қиыншылықтар мен кертартпалыққа қарамастан қазақ еңбекшілерінің сауатын ашу жөнінде мақсаткерлік бағытта жұмыс жүргізілді. Мәдени қайта қүрулар әрқилы ұлтшылдық пен шовинистік көзқарастарға қарсы күрес үстінде өрістеді. Ұлы державалық шовинистік элементтер ұлттық мәдениетті дамытудың қажеттігін бекерге шығарды, ал ұлтшыл элементтер ұлттық томаға-тұйықтықты жақтады, қазақ халқын орыс және басқа халықтардың социалистік мәдениетіне ортақтастыруға қарсы шықты. Идеологиялық майдандағы күрестің қиындықтарын мәдениет қызметкерлерінің, жалпы интеллигенцияның, даярлығы бар кадрлардың аздығы да өршіте түсті.


Ғалым сауатсыз халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелді. Қазақ халқы тұтынып отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды. Ол туралы ойын «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» сөйлеген сөзінде айтады. А.Байтұрсыновтың ойынша, жақсы әліпбидің мынадай қасиеттері болу керек: жақсы әліпби тілге шақ болу керек; Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс, әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты көп алады; әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс; Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс. Жақсы әліпбиге лайық бұл төрт сипатқа келмейтін әліпбидің бәрі де кемшілікті әліпби болмақ.


А. Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. Оған дейінгі мұғалімдер баланы өз ыңғайларына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланып, түрліше оқытатын. Сондықтан, ол оқу жүйесін бір қалыпқа келтіру мақсатымен, балаларды оқытуда, әріп үйретуде жеңіл болуы үшін жас ерекшеліктеріне, ой-өріс, сана-сезімдерінің қалыптасу ыңғайына қарай әліппе оқулық кітабын жазуды қолға алады. Ол үшін ең алдымен алфавиттегі әріптердің қолданылу ретін, жұмсалу орнын анықтауды мақсат етеді. Екінші орынға оқыту жүйесі мен мектеп, медресе, оқулық, т. Б. Мәселелерді қояды. Шамамен 1910 жылдан бастап, араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін жайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзетуді қолға алады. 1913 жылғы «Қазақтың» № 35 санында жарияланған “Жазу мәселесі» деген мақаласында А. Байтұрсынов дауысты дыбыстарды таңбалау жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Ол өзінің айтқан пікірлерін Ғ. Мұса мырзаның айтқан пікірімен салыстыра отырып, араб графикасы негізіндегі қазақ жазуында о, у, ы, е әріптерінің қалай таңбалануы жөнінде өз концепциясын ұсынды.




28.
Кеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективті жағдайларға байланысты болды.

Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалисттік партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет- Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.


1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігін алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестің қолына көшті. Орынборда атаман А.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер және меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.


1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.


Ақмола даласы мен Есіл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциалық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің 3-съезі барлық жерде-Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қабылданды. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядның қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өкімет билігін өз қолына алды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты бұрынғы буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Жазға салым барлық болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді.


Кеңестердің атқару комитеттері жанына денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Банктердің, пошта-телеграф мекемелерінің шенеуніктері оған бағынудан бас тартып, жұмысты тоқтатты.




29.
20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.

Сталиндік реформа кезінде қазақ жеріне көптеп орыс шаруалары қоныс аударылды. Нәтижесінде оларға иесіз қалған жерлердің берілуі, орасан зор егістік жерлерді қорқытып-үркіту тәсілімен тартып алу көптеп орын алғандықтан, қазақ шаруылары арасында наразылықтар туындай бастады.


Кейінгі жылдары осы жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою мақсатында бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылды. 1921 жылы Жер комитеті қазақтарға Орал және Ертіс өзені бойындағы жерлерді қайтару жөнінде декрет қабылдады. Дәл осы жылы Қазақстанның оңтүстігінде Жер-су реформасы атты науқан жүрып жатты. Осы өңірде қазақ шаруылары мен коныс аударушылар арасындағы теңсіздік, әділетсіздің нық көрініс тапты. Айта кетсек, кедей қырғыз(қазақ) шаруасына егістік жері 15 есеге кем бөлінген. Осындай жағдайда ол адамдарға «интернационализмнің жақсы екендігін және кеңестік билікті қолдау керек екендігін» айту, насихаттау бекер іс болатын. Сондықтан жоғарыда айтылған меселелерді ескеру барысында жер-су реформасын жүргізу туралы директива жасалып, қабылданады. Реформа нәтижесінде, жергілікті халықтан тартып алынған 233 мың десятина жер қазақтар мен қырғыздарға қайтарылды. Осылайша Оңтүстік өңірлерде жер-су реформасы 1922 жылдың жазында аяқталды.


Оны жүзеге асыру барысында бірнеше қателіктер мен асыра сілтеулер орын алады. Айта кетсек, осы жылдары тек 7000 отбасы ғана орыс кулактары тартып алған жерге ие болды. Келесі жылдары жерге орналастыруға байланысты жұмыстар бұрынғы қарқымен жүргізіле берді.


1921-1922 жылдардығы Түркістан мен Қазақстанда жүргізілген жер-су реформасы едәуір кемшіліктеріне қарамастан жағымды жақтарынан айырылған жоқ. Бұл оқиға патша үкіметінің саясатындағы әділетсіздіктерге қарсы тұру, Қазақстан жеріндегі халықтардың жерге деген құқығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың бастамасы болды. Келесі жылдардағы оқиғалардың алдыңғы мақсаты ретінде аграрлық мәселені шығаруға ықпал етті. Оны жүзеге асыру барысында бірнеше қателіктер мен асыра сілтеулер орын алады. Айта кетсек, осы жылдары тек 7000 отбасы ғана орыс кулактары тартып алған жерге ие болды. Келесі жылдары жерге орналастыруға байланысты жұмыстар бұрынғы қарқымен жүргізіле берді.


1921-1922 жылдардығы Түркістан мен Қазақстанда жүргізілген жер-су реформасы едәуір кемшіліктеріне қарамастан жағымды жақтарынан айырылған жоқ. Бұл оқиға патша үкіметінің саясатындағы әділетсіздіктерге қарсы тұру, Қазақстан жеріндегі халықтардың жерге деген құқығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың бастамасы болды. Келесі жылдардағы оқиғалардың алдыңғы мақсаты ретінде аграрлық мәселені шығаруға ықпал етті.




30
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі
халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28
қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның
өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару
құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22
қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі
өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық
Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның
қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті
мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің
отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында
Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар
кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше
мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні
Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын
шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық
билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі
құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік
Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді.Уақытша үкіметтің Сыртқы
істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан
автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан
автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор
қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді.
1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі
Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан
автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан
Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен
таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.


31
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан)
— Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік,
Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5
желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз
Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді,
кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз"
деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ
АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1925—1927), кейіннен
1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.
Түркістан кеңестік федеративтік республикасы (сондай-ақ Түркістан
Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы, Түркістан Кеңестік
Республикасы) - 1918 жылғы 30 сәуірден 1924 жылғы 27 қазанға дейін РКФСР
құрамындағы автономиялы республика.Халық саны 5 миллионнан асады.
Астанасы - Ташкент қаласы. Басқарушы партия - Түркістан коммунистік
партиясы. Башқұрт АКСР-мен қатар РКФСР құрамындағы алғашқы
автономиялы республика болып саналады.
1918 жылы Ташкентте 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында болып өткен
кеңестердің Бүкілтүркістандық 5-съезінде жарияланды. Онда "Түркістан
Кеңестік Республикасы туралы ереже" бекітілді. Съезде: "Түркістан Кеңестік
Федеративтік республикасы автономиялы түрде басқарылып, Ресей Кеңестік
Федерациясының орталық үкіметін мойындайды және оның бағытын ұстанады"
деп жазылды. Оған Каспий өңірін, Самарқанд және Ферғана облыстарын
қамтитын Түркістан өлкесі кірді. Астанасы Ташкент болды.


32
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп
көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.
Седентаризация (отырықшыландыру) идеясы, сондай-ақ ауылды жаппай
ұжымдастырудың болашағы шаруашылық-мәдени үлгілердің ауысуымен тығыз
байланыстырылды. Басқаша айтқанда, қазақ шаруа шаруашылығының даму
жолдары мал өсіретін шаруашылықтардың егіншілікпен айналысатын немесе
тұрақтап мал өсіретін шаруашылықтарға ауысуымен (мемлекеттің
бағыттауымен) теңестірілді.
Мұндай ұғымның шенеуніктік-әкімшілік санаға берік орныққаны сонша, ол
абсолютті шындық ретінде қабылданды. Алайда жаңа революциялық ойлау
кеңістігімен проблемаларды бұлайша қабылдау қате болар еді, өйткені бұл
арада дамыған дәрежедегі түсініктің дәстүрлі факторлары әлдеқайда басымдық
рөл атқарады. Оның арнасында көшпелілер құрылымының
әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дағдылары тәжірибелік
өркениеттермен және мәдениеттермен бітіспес жанжалға түсетін ескі-артта
қалған дәстүр ретінде қарастырылады. Әрине, қалаған жағдайда сол кезде мал
өсірушілердің Қазақстанда қанат жайған жайылымдық-көшпелі жүйесін
барынша ұтымды және қарапайым жүйе ретінде сипаттауға болар еді. Алайда
ол тек, аталған феноменді оған жағдай жасайтын кешеннен бөліп алып,
индустриалды қоғамның ұғымына сүйене отырып, тап сол «ұтымды»
экономикалық логиканың аясында қарастырған, өндірісті кеңейту мен табысты
өсіруді мақсат тұтқанда ғана әділетті болады. Оның үстіне дәстүрлі
шаруашылықтың дәлелі сапалық тұрғыдан өзге міндетке — биологиялық және
әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруға бағдарланған және осы мақсатқа
икемделуде ол айтарлықтай ұтымды болып шығады.Ф.Голощекин алғаш “Кіші
Қазан“ төңкерісін бір ғана әлеуметтік-саяси науқанмен, яғни
шабындық-жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлумен аяқтай аламын
деген пікірде болды. Большевиктер жерге орналастыру жөніндегі бұл шара
әсіресе ауылдағы байға өте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық
(рулық) пайдалануды жояды деп есептеді.
Алайда Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына
байланысты жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін
қамтамасы ете алмады. Оның себебі бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате
тұжырымдарға негізделген еді. Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруашылық
жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық және жайылымдық жерлерді жәй
бөліске салу еш нәтиже бермеді. Екіншіден, шабындық және жайылымдық
жерді бөлудің өзі дәстүрлі егін шаруашылығы жүйесіндегі заңдылықтар
жетегінде қалып қойды, яғни шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу
шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты жүргізілді. Ал
қазақтың дәстүрлі шаруашылығында, керісінше, жерді малдың санына қарай
иемденді, яғни көшпелілер үшін жайылымға сұраныс мал басының санына
және оның құрамына байланысты болды. Үшіншіден, жартылай көшпелі
аудандардағы жер бөлінісі нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл
кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. Себебі ауылдағы кедей
шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл
кезеңде ауыл-шаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б.
заттарға өте зәру болды. Мысалы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп
бойынша 800 мың қазақ шаруа қожалықтары бар болғаны 124 мың өте
қарапайым еңбек құралдарына ие болды. Олар 54 мың соқа, 0,5 мың тұқым
себетін машина, 13,5 мың шөп шабатын шалғы, 9,4 мың тырма т.б. Бұл еңбек
құралдары сан жағынан алғанда көлге тамған тамшыдай ғана еді және оның
сапасы да өте төмен болды. Тіпті әлеуметтік тұрғыдан келгенде Петропавл
округінде еш құрал-сайманы жоқ щаруа қожалығының мөлшері 95,5%, ал
орта шаруа қожалықтары 83,2 % болса, Павлодар округінде 99,45% және 85,8
5%, Қызылорда округінде 72,95% және 69,15% болған. Шаруашылық
құралдардың жетіспеуі, әрине, кедей қожалықтарын өз үлесінен бас тартып,
бөлінген жерлерді бұрынғы иесіне қайтаруға мәжбүр етті.


33
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV
съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі
Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің
бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта
қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе
өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де
күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру
жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан
кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі
дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс
әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі
өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал
өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және
полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең
орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының
қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты.
Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың
жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті,
жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті,
жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді.


34
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы
тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму
жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат,
мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде
дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге
болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың
қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір
дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік
институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп
кірісуінде еді.
Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы
жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті
нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық
идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан
шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX
ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар
эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» — деп көрсеткен
болатын.Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО
шеңберінде тойлана бастады. Түркия астанасы Анкара қаласында алғашқы
ғылыми конференция өтті. Оған түріктің зиялы қауым өкілдері мен бір топ
ғалымдары қатысты. Сонымен қатар, елімізден белгілі тарихшылар барып,
Әлиханның еңбектерін кеңінен таныстырды. Жиырмасыншы ғасырда қазақтың
азаттығы жолында тер төгіп, елдің егемендік алуына ерен еңбек сіңірген
қайраткердің ғылыми жұмыстары түрік тіліне аударылды. Сондай-ақ, алқалы
жиында қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған Әлихан Бөкейхан туралы
жаңа кітап таныстырылды.
Қазан айының 27 күні жоспарланып отырған конференцияны Астана қаласының
әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруда.
Конференцияның мақсаты: Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің,
«Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған
Алаш арыстарының мұраларын насихаттау, Азаттықты аңсаған, сол жолда
қызмет атқарған күрескер бабаларымыздың ұлы мұраты ҚР Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында жүзеге асқанын, Елбасы алға тартқан
«Рухани жаңғыру» идеясы және Алаштың негізгі ұстанымдарының тығыз
сабақтасып әрі жалғасып жатқанын, мемлекет тарихын көпшілікке дәріптеу,
патриоттық қоғамды қалыптастыру.
Конференцияның жұмысына белгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер,
депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың,
музей-кітапханалардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық
бірлестіктерінің, оқу орындары мен мектептердің және бұқаралық ақпарат
құралдарының жетекшілері мен өкілдері, жас ғалымдар мен мамандар,
оқытушылар мен студенттер қатысады деп күтілуде.


35
Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүрпн кезеңіндегі
непзсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға, дін иелеріне. әр түрлі
әлеуметтік топтардың екілдеріне ғана емес, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік
ұстанымы бойынша жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды. Тоталитарлық
жүйе жеке халықтарды саяси қуғындаудың депортациялау, яғни күштеп жер
аудару әдісін қолданды. Жер аударылған халықтар реп-рессия зардаптарының
барлық түрін бастан кешірді. Ол жөнінде 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүрпн құрбандарын ақтау
туралы» заңында көрсетілді. Жекелеген халыктарға мемлекет тарапынан
әртүрлі қысымдар қолданылды: күштеп қоныс ауда-ру; арнайы қоныстарға
орналастыру; күштеп жұмыс істету арқылы қүқықта-рын шектеу; ұлттық
ерекшеліктері жағынан мемлекетке өте қауіпті, сенімсіэ халықтар деп тану.
Бұл жерде мына деректен дәлел келтірсек, қаралып отырған мәселе
әлде-қайда түсінікті болары сезсіз. Аудандық ІІХК бастығы жеткізген
хабарлама-сында: «Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысына
байланысты әр түрлі элементтер кеңес өкіметіне қарсы арандатушылық қауесет
таратып жүр. Аудан бойынша кеңес екіметіне қарсы пиғылдағы элементтер:
бүрын-ғы банды көтерілісіне қатысушылардан 93 адам, 936 кәріс және неміс»,
-деп атап көрсетілген.
Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы,
кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің
76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс
жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің
мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет
мем-лекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды»
ше-гаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан
алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен
орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белп-леніп
тұруы тиіс болды.


36.
Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау
шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында
жазылғансоциализм құрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам
кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысыаяқталған соң, теориялық жағынан
талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің
сессиясында бүл тезис партияның жетемшілікке алатын тұжырымдамасы
ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940
жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың
асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға”
үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа
табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының
түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының
өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына)
тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті
болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті”
басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық
психология қалыптастырады.
«Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесінің өзі соңғы ғасырда өмірге келді. Бірақ,
құбылыс ретінде ол ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Алғашқы қауымдық
құрылыстан кейінгі өркениетті қоғамға өте бастаған кездің өзінде-ақ жеке басқа
табынудың алғашқы белгілері байқалды. Адамдар тастан жасалған пұттарға,
жануарларға, табиғат құбылыстарына табына бастады. Құдайларды ойлап
тауып, оларға ат берді. Осылайша дін өмірге келді.
Кезінде сталиндік конституция деген КСРО-ның Ата Заңы болған. Ол
халықаралық құқықтық сараптаманың бәрінен мүдірмей өткен. Бірақ сол
конституция тұсында 2 млн 700 мың қазақ қырылды. Голощекин 130 мыңнан
астам қазақ зиялысын абақтыға жаптырып, 25 мыңын атқызып тастады.
Абақтыға қамалған 130 мыңның 30 мыңдайы ғана тірі аруақ болып елге әрең
жеткен. Міне жеке басқа табынушылық зардаптары мен тақсіреті осындай.


37.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия
бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты
бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз
мүдесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына
қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және
оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс
қаупін күтпеді.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса”
жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия
фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия
тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына
(басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді.
Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға
бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы”
Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын
жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен
Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру
көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол
халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін
Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру
жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына
тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан
соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды.
Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс
қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың
алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды.
Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан
тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс
шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия
әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе,
артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар,
олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ
ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын
алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов,
А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа
қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда –
69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік
қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы
бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын
жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген
ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей
қазақстандық әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы
ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар
дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар
кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы
Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері
мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты
әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші
жеке көпір құрылысы батальоны қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет