1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Ұлттық сананы оятуда мерзімді басылымның атқаратын рөлі. («Айқап» журналы, «Қазақ газеті», «Бірлік туы» газеті т.б.)



бет15/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

20.Ұлттық сананы оятуда мерзімді басылымның атқаратын рөлі. («Айқап» журналы, «Қазақ газеті», «Бірлік туы» газеті т.б.).
Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. Шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да мерзімді басылымдардың бар екені баршаға аян. ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902); ХХ ғ. Басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917). Бұл басылымдарды ұстанған бағыттарына байланысты ресми жəне бейресми газет-журналдар деп жіктеуге де болады. Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» басылымдары жатады. Өйткені бұл газеттер патша үкіметінің ресми органы еді. Оған дəлел бұл басылымдарда барлық патшалық губерниялық газеттердегідей ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде үкімет жəне əкімшілік органдардың жаңалықтарымен қатар, олардың жарлықтары, түрлі нұсқаулары мен бұйрықтары басылып отырған. Сонымен бірге «ақ патшаға» арналған немесе оған деген адал берілгендікті білдіретін мақалалар да жарияланған. Бейресми бағыт ұстанған мерзімді басылымдар «Үш жүз», «Тіршілік» тəрізді газеттер болды. Бұл басылымдардың барлығы да жалпы халыққа өз заманының саяси ахуалы, əлеуметтік- экономикалық дамуы, оқу-ағарту жайлы мағлұматтар беріп отырды. Сонымен бірге қазақтың жазба əдеби тілінің дамуына үлкен ықпалын тигізді. «Айқап» журналының шығарушысы жəне оның редакторы танымал жазушы, белгілі журналист Мұхамеджан Сералин. Зерттеуші-ғалымдар М. Сералинді қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі деп есептейді. Оған дəлел М. Сералиннің қазақ халқының ауыз əдебиетін зерттей отырып, өзінің де өлеңдер жаза бастауында. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгере отырып, «Топжарған» жəне «Гүлһашима» поэмаларын жазып, көпшілікке танымал болады. «Айқап» журналында М. Сералин алдымен қолға алған, көп жазған негізгі, маңызды тақырып — жер мəселесі, отырықшы болу, егін кəсібімен айналасу, қала салу мəселелері болды. 1913 ж. Шыққан «Қазақ» газеті ел арасына ресми түрде ұлттық идеяны насихаттауда үлкен қызмет атқарды. Қазақ тарихындағы ең алғашқы ірі қоғамдық ұйым — ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған да осы «Қазақ» газеті. Газеттің № 1 санында «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі осы. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенінше істеп кетелік…», — деп өз оқырмандарына ой тастауында үлкен философиялық мəн бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет