1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Қазақстандағы «тоқырау жылдары»: әлеуметтік, қоғамдық, рухани саладағы өзгерістер мен экологиялық мәселелер



бет13/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
16. Қазақстандағы «тоқырау жылдары»: әлеуметтік, қоғамдық, рухани саладағы өзгерістер мен экологиялық мәселелер.
ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. ХХ ғ. 70 және 80 жж. Бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың І-ші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа еңбек ақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. Соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ке көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процесстер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің “қалдықтық принциптері” қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді.


17. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай (1946-1953 жж.). Е. Бекмаханов және т.б. қазақ интеллигенттерінің авторитарлық жүйе құрбанына айналу себептері туралы баяндаңыз.
Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны – 2 млн. 463940 (1946 ж. Қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.


Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді. Ермұхан Бекмаханов Воронеж педагогика институтын бітірген тарихшы ғалым болды. Е. Бекмаханов 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» атты еңбек жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғады. 1947 жылы диссертациясын «XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында монография етіп шығарды. Е. Бекмаханов бұл еңбектерінде 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы кең көлемде жазған болатын. Осыған байланысты Е. Бекмахановқа Ресейге қарсы көтерілісті жақтаған, Кенесары қозғалысын ақтауға тырысқан буржуазияшыл, ұлтшыл деген айып тағылды. 1950 жылдан бастап коммунистік партия баспасөз арқылы Е. Бекмахановты ашық айыптай бастады.


1951 жылы ҚазКСР-нің Жоғарғы соты Е. Бекмахановты айыпты деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Гулаг лагеріне жазасын өтеуге жіберілді. Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып түрмеден босады. Оның бостандыққа шығуына А. М. Панкратова, А. П. Кучкин сияқты ғалымдар көп көмек көрсетті. Е. Бекмаханов ақталып шыққаннан кейін, өзінің ғылыми педагогикалық жұмысын жалғастырды. Е. Бекмаханов 1966 жылы қайтыс болды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет