80.Қазақстан Республикасыныңбітімгерлік миссиясы. ҚР-ныңАзияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегіКеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойыншабастамасын талдаңыз. Жауабы:
Қазақстан сыртқы саяси басымдықтарыжүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастықжәне сенім шаралары жөніндегі кеңесті(АӨСШК) шақыру туралы бастаманыіске асыру айрықша орын алады.[1] Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғашрет Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Назарбаев 1992 жылғықазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгімәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағандаәлі тиісті тетігі қалыптасып болмағанАзия құрлығында қауіпсіздіктіқамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебапқұрылымын қайта құруға деген ұмтылысекенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңніңөзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саясиахуалға ықпал ете алатын халықаралықұйымдар мен бірқатар Азиялықмемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істерминистрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулерқорытындыларында Кеңес құжаттарынәзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Форум қызметінің негізгібағыттары:Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге көп жақты тәсілдержасау жолымен ынтымақтастықтынығайту Мәртебесі: Азиядағықауіпсіздікке қатысты мәселелербойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізужәне келісімге келу негізінде шешімқабылдау мен шаралар қолдану жөніндегімемлекетаралық форум, БҰҰ Бас Ассамблеясы жанында бақылаушы (2007 жылғы желтоқсан)
Саяси органдары:
1) Мемлекет және үкімет басшыларыныңкездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады),
2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі(СІМК - екі жылда бір рет жиналады),
3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті(АЛТК – жылда екі рет жиналатынқұрылым).
Көмекші органдары: 1) АӨСШК Атқарушы директоры модераторлықететін түрлі тақырыптағы Арнаулыжұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардыңкездесулері (МСК).
Әкімшілік органы: Алматы қаласында(Қазақстан Республикасы) орналасқантұрақты түрде жұмыс істейтінхалықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бақышев (Қазақстан), Атқарушыдиректордың орынбасары ҚорханҚаракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан).
Әзірлеу үдерісі:
1993-1994 жылдар аралығында Азия елдері СІМ сарапшыларының кездесулеріөтіп, «Азия кеңесі рәсімдер ережелері», «Азия кеңесі принциптерініңдекларациясы» және «Азия кеңесіқұрылымдары мен институттары» аттыАзия кеңесінің базалық құжаттарынжасап, әзірлеу үшін Арнайы жұмыс тобы(АЖТ) құрылды. 1996-1997 жылдарыАзия кеңесі сыртқы саяси басшыларыныңорынбасарлары деңгейінде Алматыда екіКеңес өткізілді. 1998 жылғы қазандаАлматы қаласында АӨСШК мәселелерібойынша 12 мемлекеттен келген 24 сарапшыларының қатысуыменхалықаралық коллоквиум өтті.
Мүше елдер: 27 ел
Ауғанстан;
Әзірбайжан;
Бангладеш;
Бахрейн;
Біріккен Араб Әмірліктері;
Вьетнам;
Израиль;
Иордания;
Ирак;
Иран;
Камбоджа;
Катар;
Корея Республикасы;
Қазақстан;
Қырғызстан;
Қытай;
Моңғолия;
Мысыр;
Өзбекстан;
Палестина;
Пәкістан;
Ресей;
Тайланд;
Тәжікстан;
Түркия;
Үндістан;
Шри-Ланка
81. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері шешімдеріне талдаңыз (2003 ж. I-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі.). Жауабы:
І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі дін рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды. Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар діндер келіссөзі тереңдеуі және пікірталастар жүргізуге білуге құрылуы керек деген пікірге келді
ІІ сьезі
2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты. Съезде сөз сөйлемшілер баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады.
ІІІ сьезі
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съезге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болған. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі дін тұлғалары қатысты.
82. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразия идеясы. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының қызметінің басталуы. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары туралы талдаңыз. Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) (2001-2014) - бірнеше бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында Халықаралық экономикалық ұйым. Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру үшін, экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету, сондай-ақ басқа да мақсаттары мен міндеттері, оның тиімді мүдделі тараптар қалыптастыру үшін құрылды.Еуразиялық экономикалық Одақ құруға байланысты алынып тасталды.
Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, оны Елбасы М. Ломоносов атындағы Мәскеу гуманитарлық университетінде дәріс оқу кезінде – 1994 жылғы 29 наурызда жария еткен болатын. Тұңғыш Президенттің бастамасы тек 20 жылдан кейін ғана іске асты және бұл экономикалық одаққа кірген посткеңестік республикалар үшін тарихи оқиғаға айналды. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан астанасында қол қойылды. Аталған құжат Одаққа қатысушы елдердің экономикаларын дамыту үшін ұзақ мерзімді тұрақты жағдайларды қамтамасыз ететін еуразиялық интеграцияның дамуына бастау берді, сондай-ақ төрт еркіндікті: тауарлар, капитал, қызметтер және жұмыс күшінің еркін қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік жасады. 2014 жылғы 4 желтоқсанда Армения парламенті елдің ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты ратификациялады. 2014 жылдың 23 желтоқсанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартқа қол қойылды. 2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт күшіне енді. 2015 жылдың 2 қаңтарында Армения ЕАЭО-ға ресми түрде кірді. 2015 жылдың тамыз айында Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру рәсімі аяқталды.
83. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз. Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз.
Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
«Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.
Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
84. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәні. Елбасы «Тарих толқынындағы халық» атты тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды - ҚР Мемлекеттік хатшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасының кездейсоқ пайда болған жоқ.
Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы.
Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 5 жылдығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кейде қайғылы, кейде мейірбан... бірақ та қашанда Тәуелсіздікке ұмтылысымен суарылған біздің халқымыздың тарихына өз көзқарасын айтты.
Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы Тарих толқынында кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев теңдесі жоқ Мәдени мұра бағдарламасының басталғанын жариялады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың жеті жылында - 2004 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан тарихы, археологиясы және этнографиясы бойынша 26 арнайы зерттеулер жүргізілді. Бірақ та мұның бәрі тарихи жадымыз бен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған біздің үлкен жұмысымыздың бастауы болатын.
Бүгінде қалыптасқан мемлекет кезеңінде біз заманауи ғылым биігінен өз тарихымызды електен өткізіп, тұтастай ұлттық тарихи картинаны жасауымыз қажет, - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік хатшысы.