77. «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атты кезекті ХХІV сессияда қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызын талдаңыз, құндылықтарын баяндаңыз. Күн сөнгенше тұратын мемлекеттілік идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Ғалымдардың байламынша, алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге арнап қойылған бітік таста жария етілген. Ашина руынан шыққан Күлтегін 684-731 жылдары ғұмыр кешкен. Осы VII ғасырда Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгі ел» деп өсиет қалдырыпты. Яғни, азаттығымыз бен мемлекеттігіміздің түп-төркіні сияқты біздің қазіргі заманғы жалпыұлттық идеямыз да көне тарихтан бастау алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы. Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі тиіс. Онда экономика мен саясаттың, мораль мен діннің мәселелері, Қазақстанның жаһандық әлемдегі орны жөніндегі көзқарастарымыз бір арнаға тоғыстырылған. Патриоттық акті біріншіден, халқымыз қалыптастырған және өз жан-жүйесінен өткерген басты жалпыұлттық құндылықтар, екіншіден, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өркендету жолындағы өзара жауапкершілігінің өзегі. Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымыздың дұрыстығын компаспен тексергендей, Патриоттық акт арқылы анықтайтын боламыз» - деді.
78.Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриалдық-инновациялық дамудыңмемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқытабыстарын талдаңыз (2015-2019 жж.). Жауабы:
Индустрияландырудың 2015–2019 жылдарға арналған келесі кезеңі ұдемеліиндустриялық- инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасынжүзеге асырудан жинақталған тəжірибеніескере отырып жасалған. Мысалы, осылайша жобалардың коммерциялықжетістіктері үшін бизнестіңжауапкершілігін күшейтуді қарастыратыниндустрияландыру картасыныңжобаларын іріктеудің жəне оларды жүзегеасыруды қолдаудың жаңа тəсілдеріқалыптасады.
Сарапшылардың пікірі бойынша, бүгінгікүні еліміздің жаңа экономикалық даму саясаты туралы ой өзінің оң нəтижесінберіп жатқандығын сеніммен айтуғаболады. Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бойыншамемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумерзімінде жаңа индустриялықсаясатының негіздері қалыптасты, жаңа өндірісті құру бойынша отандық жəне шетел инвесторларымен белсенді жұмыс басталды.
Сонымен қоса экономика құрылымынөзгерту — ұзақ мерзімді жəне стратегиялық мəселе, себебі сөз экономиканы толығымен қайта құру, яғни техникалық стандарттар, принципті түрдежаңа кадрларды дайындау, инфрақұрылым жəне, ең бастысы, жаңа өнім өндіруден бастап өзгерту жайындақозғалып отыр.
Сондықтан алдын ала бірінші кезеңдіжүзеге асыру мерзімінде экономиканыңқұрылымын елеулі өзгертуді күтпегенжөн. Бұл 10-15 жылдың мəселесі. Мысалы, Малайзия, Сингапур, Жапонияжəне Оңтүстік Корея осы күнгіжетістігіне, ілгері басқан елдердіңмəртебесіне бірнеше онжылдықмерзімінде қолжеткізген. Қазақстан 5 жылдың ішінде екінші Сингапур боладыдеп болжау салғырттыққа жатады.
Экономика құрылымындағы негізгіөзгерістер ұзақ мерзімді кезеңде күтіледі, бірақ қазірдің өзінде біз үдемеліиндустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасынжүзеге асырудан жаман емес əлеуметтік-экономикалық пайда алдық. Бірнеше жылбұрын ғана Қазақстанның ішкінарығында қазақстандық өндіріс өнімінтабу тіпті мүмкін болмайтын. Қазіржағдай ақырындап жақсы жаққа қарайөзгеріп келеді.
Əр күн сайын біз өз елімізде өндірілгентауарларды қолданамыз, соның ішіндеиндустрияландыру бағдарламасыныңаясында жүргізілген жобалардыңарқасында өндірілген тауарларды да. Бұл азық-түлік, тұрмыстық техника, автомашиналар, дəрі-дəрмектер, мата бұйымдары жəне құрылыс материалдары.
Бағдарламаны жүзеге асырудыңарқасында экономиканы дамытудың жаңа бағыттары мен секторлары пайда болды, бұрын Қазақстанда ешқашаншығарылмаған өнім түрлерінің дизельділокомотивтер, жолаушылар вагондары, электровоздар өндірісі бір қалыпқа келді. Бұны бағдарламаның негізгіиндикаторларын талдау қорытындыларыда растайды.
2015–2019 жылдарға Индустриялық-инновациялық даму бойыншамемлекеттік бағдарлама-2 жаңа бағдарламасы жасалды.
2015–2019 жылдарға арналғаниндустриялық-инновациялық даму бағдарламасы өңдеу өнеркəсібінешоғырланады. Бұл «голландық» аурудыжəне орта табыс тұзағына байланыстықарсы шығуды есепке алсақ, тіпті қажетболады. Мемлекеттік саясаттың міндеті— өңдеу өнеркəсібін өндіруші өнеркəсіпжəне құрылыспен салыстырғандатабысты теңестіру арқылы инвестиция үшін жағымды нысан ету.
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2жасаушылары атап көрсетеді: «… біріншіфазада алған сабағымыз: өте көп индикаторлардың болуы қажет емес. Индикаторлардың өте көп болуы назардыжəне күшті ыдыратады. Əрқайсысыбелгілі бір бағытты сипаттайтын 5 негізгіиндикаторды қолдануды ұсынады. Жалпықосылған құнның өзгеруі өсімді немесетөмендеуді көрсетеді, еңбек өнімділігітиімділіктің өсімін көрсетеді, экспорт бəсекеге қабілеттілікті аңғартады, энергия тиімділігі ресурсты үнемдеубойынша жалпы бағытты көрсетеді, жұмыспен қамтамасыз етілу əлеуметтікаспектіні сипаттайды».
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 — бұл өнеркəсіптік саясат. Сонымен біргебұл бағдарламаның негізгі назары өңдеуөнеркəсібінде болмақ. Алдын ала есептеулер бойынша өңдеу өнеркəсібіндежалпы қосылған құнның өсімі 2020 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есе шамасында болуы тиіс.
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2басым бағыты — қара металлургияны, түсті металлургияны, агрохимияны, өнеркəсіп үшін химиялық заттарды, машина жасауды, тамақ өнеркəсібін, мұнай өңдеу өнеркəсібін жəне мұнай-газ-химия өнеркəсібін дамыту болмақ. Əр секторында экономикалық қызметтіңбелгілі классификаторларымен (ЭҚБК) барлығы 14 сектор бар. Қазіргі уақыттағаламдық деңгейде қара металлургия нарығында аса қолайлы емес жағдай туындап отырғанына қарамастан, олэкономиканың елеулі бөлігін құрайды. 2008 жылы қара металлургия барлықөңдеу өнеркəсібінің үштен бір бөлігінқұраған, қазір 10 %-ды құрайды, бірақ олөңдеу өнеркəсібінде 10%-дан артық жұмыспен қамтылуды қалыптастырады.