1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы. Жастарды мемлекеттік қолдау шаралары



бет43/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
75. Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы. Жастарды мемлекеттік қолдау шаралары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы өкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданты. Кейіннен аталған құжатты Үкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде "Қазақстан жастары", "Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы", "Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы", сендай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылты.тұжырымдамасы Аталған бағдарламалартың бәрі жастартың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарты ауқымты әлеуметтендіру және патриотизм құнтылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.


"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одна әрі іске асырутың институционалтық негізіне айналты жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытутың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.Заңының 2008 жилы "Нұр-Отан" халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрі – "Нұр- Отан" ХДП) "Жас Отан" Жастар қанаты I съезінің қорытынтысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылты. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының босым бағыттарының бірі болып табылты, өткен 7 жылда оның көлемі 10 аседен астам өсті.


76. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер мен бағыттар және олардың орындалу барысын талдаңыз. (12 сәуір, 2017 ж.)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді, өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.


«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы


Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.


2017 жылы осы тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылды. Жобаның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім мен ғылымның мазмұнын жаңарту.


Аударылатын оқулықтарды іріктеу барысында 800-ден аса ұсыныс түсіп, арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді. Оқулықты таңдауда бірнеше талап ескеріледі:


әлемнің ең озық 100 университетінің оқу бағдарламасында болуы;


кемінде үш басылымда жарық көруі және соңғы 3 жылда басылып шығуы;
мазмұнының бейтарап сипатта болуы;
заманға сай, түрлі интерактивті қосымшаларының болуы.
Аталған талаптардың негізінде 47 оқулық аударылды. Әр оқулық 10 мың данамен басылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылды. Оқулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінен, сонымен қатар француз және орыс тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардың кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасының болуына қарамастан, оқулықтың түпнұсқа тілінен тікелей аударылуына баса мән берілді. Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар тартылды.

Аударма барысында арнайы мамандардың ғана емес, оқырман тарапынан келіп түскен ұсыныстар да ескеріледі. Кез келген оқырман 100kitap.kz сайтындағы кері байланыс жүйесі арқылы өзінің ой-пікірін білдіре алады. Нәтижесінде, соңғы 10 жыл бойы бестселлер қатарынан табылып жүрген Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», әлем назарын аударған Ювал Хараридің «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы», «Homo Deus: болашақтың қысқаша тарихы», «XXI ғасырға 21 сабақ» туындылары қазақ тіліне аударылды.


Оқулықтардың электрондық нұсқасы да әзірленіп, олар «Қазақстанның ашық университеті» – OpenU.kz платформасына жүктелген. Қазіргі таңда платформада 172 курс қамтылған, оған тіркелген қолданушылар саны 46 мыңнан, ал қазақ және орыс тілдеріндегі дәрістер саны 4000-нан асады. Бейнедәрістермен қатар, тапсырмалар мен қосымша оқу материалдары, тест сынақтары және конспектілер беріледі.


Өткен жылы 9 мыңға жуық сөзді қамтитын «Қазақ тілінің кірме сөздерінің сөздігі» дайындалып, басылып шықты. Сонымен қатар «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі» және «Оксфорд экономика сөздігі» жарық көрді. Сөздіктер 10 мың данамен басылып, көптеген оқу орындарына таратылды. 2020 жылы Оксфорд баспасымен бірлесіп, көлемі мың беттен асатын «Oxford Kazakh Dictionary» қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздіктерді шығару жоспарлануда.


«Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы


«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», - деді Н. Назарбаев. Бұл бастама аясында қолға алынған жоба қазақстандықтарды туған өлкесін дамытуға тартуды, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен азаматтық қоғамды жұмылдыруды мақсат етеді. Ол қазіргі таңда екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту.


2019 жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында республика деңгейінде 12 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Осы мақсатта жалпы көлемі 62 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. Соның ішінде 14 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен жұмсалса, қалған 48 млрд теңге демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен тартылды. Жалпы, 2017-2019 жылдары еліміз бойынша 11 173 меценат және 274 млрд теңге көлемінде қаражат тартылған. Сонымен қатар 2019 жылы 825 жаңа нысан салынды және 547 нысан жаңартылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет