1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Лексема Негізгі мағынаның түсіндірмесі



бет17/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Лексема

Негізгі мағынаның түсіндірмесі

Семантикалық дериваттың түсіндірмесі

Жұлдыз

Түнде өздігінен жарқырап, нүктедей болып көрінетін аспан денесі. Жұлдызды аспан. Шолпан жұлдызы.

Халық қалаулысы, майталман, өнер жұлдызы.

Қызыл

Қанның түсіндей түс

Қызыл су
Өзен бетіне мұз жарығынан шыққан су. қысы қатты аймақтардағы суы мол өзендерге тән. Мұз астындағы қысымның жоғарылауынан су үстіңгі қабатты жарып, жер бетіне шығады да, тоң топыраққа сіңе алмай, қызылсу мұзына айналады.

Жұғу

Бір заттың екінші затқа жабысуы (үстіме күйе жұқты)

Аурудың біреуден біреуге тарауын, мінез-құлқы, өнері, қылығының өзге бір адам бойынан табылуына орай қазақ халқы «жұққан екен» дейді.

Кесте 2. Метафоралық байланыс

Екіншілік номинация үдерісінде метафора өнімді қызмет атқарады. Адам санасындағы жұлдыздың менталды образы «белгілі дарын иесі», «атақты адамдарды» өзге қарапайым адамдардан ерекшелеп көрсету үшін алынған. Осы арқылы бір зат атауы екінші зат атауына алмасып тұр. Мұндай метафоралық қолданыстар алғашында индивидуалды сипатқа ие болып, уақыт өте келе жалпыхалықтық сипат алады. Сонымен қатар алғашқыда мұндай метафоралық инновациялар коммуникативті және экспрессивті мәнге ие болады. Сөйлеушілердің тілінде қолданысқа түсе отырып, өзінің коммуникативті-экспрессивті мәнін жоғалтады.


Қазақ тіліндегі «періште» сөзінің ҚӘТС-де берілген мағыналарына талдау жасайық [ҚӘТС, 361]:
1) Діни мағынасы. Мифология мен діни ұғым бойынша Құдайдың әмірін жеткізіп тұратын көмекшілер.
2) Ауыс мағынасы. Әзірейіл, әулие, пір. Көзіме әлденелер көрінді: тергейтін періштелерді көрдім, бүйірімнен көр қысты (М.Жұмабаев. Шығ.).
3) Ауыс мағынасы. Кінәдан пәк, уыздай жас, сәби, бала. Қолымда екі жылдан астам тұрды. Өзін қойшы, ана қолындағы періштеге әкені қайдан табады (Н.Әбдікәрімова. Сенім.)

  1. Ауыс мағынасы. Кіршіксіз адал жан, асыл таза адам.

Мен – Өлеңмін...
Пенде емес, періштемін,
Періштеге білесің өріс кең.
Алаңдайтын мен үшін ештеңе жоқ,
Аспан тегін, жер тегін, жеміс тегін (С.Жиенбаев. Алтын қалам).

  1. Ауыс мағынасы. Асқан сұлу, көркем ару.

Сенсің, досым, жібек мінез, жібегім!
Сені ғана сүйем – куә жүрегім,
Суық жолдан сақтайтын сен-періштем,
Сен болмасаң, азып-тозып өлемін (М.Жұмабаев. Шығ.).
Сөздікте періште сөзінің бастапқы мағынадан туындайтын 3, 4 және 5 ауыс мағынасының семантикалық уәжі толық көрініс таппаған. Дегенмен періштелердің күнәдан пәк, кемшіліктен ада, Алланың әмірін орындайтын, аманатқа өте бекем келетінін, олардың аспан әлемінде өмір сүретіндігін, эстетикалық сұлулықтың символы екендігін діни және мифологиялық шығармалардың негізінде оқып танығанбыз, солай қазақ халқының тілдік санасында сақталып қалған. Жаңа туылған нәресте, сәби, кішкентай бала да періште сияқты ойы таза, күнәдан пәк келеді. Бала мен періштенің арасындағы осындай ассоциациялық байланыстың (ұқсату, салыстыру әрекеті) негізінде «кінәдан пәк, уыздай жас, сәби, бала», «кіршіксіз адал жан, асыл таза адам» сынды ауыс мағыналары туындайды. Ал кемшіліктен ада, күнәдан пәк, таза адам, яғни жан сұлулығының символы қазақ халқының тілдік санасында «періште» сөзімен таңбаланады. Осылайша когнитивті-ассоциатвиті танымның негізінде періште сөзі өзінің семантикалық аясын кеңейте түседі.
Осы тілдік материалдарға қарай отырып, метафоралық байланыстың форма ұқсастығы: балапан құс → балапан қарағай; сапа ұқсастығы: алтын сырға → алтын шаш; іс-әрекет ұқсастығы: бала жымыңдады → жұлдыз жымыңдады сынды типологиясы айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет