Категориялды компонент сөзге тән барлық грамматикалық белгілерді қамтиды. Айталық зат есімге тән көптік, септік, тәуелдік категориясы; сын есімге тән шырай категориясы, етістікке тән шақ, жақ, етіс, рай категориялары.
Идеосинкретикалық (индивидуалды) компонент – өзге сөздердің өн бойында кездеспейтін лексеманың семантикалық мазмұнының негізгі бөлігін таңбалайды. Мәселен, сазгер, ғарышкер сөздерінің өзіне тән диффернциалды белгілері бар семаны идеосинкретикалық сема аталады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім. –Алматы, 2003.
2. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы: «Рауан», 1991.
3. Қалиев Ғ., Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. «Сөздік-словарь», 2005.
4. Виноградов В.В. Лексикология и лексикография. Избранные труды. –Москва: «Наука», 1977.
5. Қалиев Б. Сөз мағыналарының негіздері. –Алматы, 2002.
6. Байтұрсынов А. Тіл – құрал. –Алматы: «Сардар», 2009.
7. Васильев Л.М. Современная лингвистическая семантика. –Москва: «Высшая школа», 1990.
8. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. –Москва: «Индрик», 2005.
9. Қалиев Ғ. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
10. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999.
11. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 4 – том, Б-Д. –Алматы, 2011.
Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Ұғым, мағына және сөздің арақатынасы.
2. Сөз семантикасы. Парадигмалық және синтагмалық мағына.
3. Сөздің лексикалық мағынасының құрамдас бөліктері.
4. Сөздің лексикалық мағынасының уақ бөлшектері. (Оразов М. Қазақ тілі семантикасы. 82-88 беттерін конспектілеу).
6. Түсіндірме сөздіктерді негізге ала отырып, толық мағыналы, көмекші және аралық (есімдіктер, одағай, еліктеуіш) сөздердің мағынасына анықтама беріңіз.
Мысалы: айыл – «ер-тоқым ауып кетпес үшін малдың бауырын, шабын орап тартатын жалпақ қайыс» – лексикалық мағына; зат есім, атау септігі, жекеше форма – грамматикалық мағына.
7. Парадигмалық қатынастар негізінде төменде берілген лексикалық бірліктерді тақырыптық және лексика-семантикалық топтарға бөліңіз:
ата, көз, торы, ене, қышқыл, сиыр, қой, әке, ана, құлақ, аяқ, бет, қаршыға, бүркіт, қарлығаш, ақ, күрең, қызыл, тәтті, ащы, дәмді, бас, қол.
8. Берілген лексикалық бірліктерден тіркесімділік қабілеті бойынша сөз-синтагмаларын құраңыз: тіл, көк, қыз, асау, қоңыр, су, валюта, бағу, топырақ, шұбатылған, алу, аққу, бүркіт, киік, қызыл, өткір, үзу.
Үлгі:
ұ зын
ш икіл
а шық
ш икі
ж ылтыр сары
сұлу
солғын
шидей
ақ
ашық
айқын
сағымдай
аяз
күз
жапырақ
сағым
с ары алтын
бел
ауру
жайлау
арқа
адыр
9. Берілген сөздердің лексикалық мағыналарын құрамдас бөліктерге (материалды денотат, иедалды денотат, сигнификат, коннотациялық мағына) бөліп жазыңыз: қасқалдақ, тас, су, қайың, ішу, жеу, қара, отыз, күлу.
10. Сөз мағыналарының семасын анықтау үшін көкек және қарлығаш сөздерінің семаларын салыстырайық:
Сөз
|
Пішіні
|
Белгілері
|
Түсі
|
Дыбыс шығаруы
|
Қызметі
|
Көкек
|
қанаты ұзын, кішкентай
|
тұмсығы ұзын,
айдары тікше біткен
|
сары ала
|
Көкек
|
Ұшу
|
қарлығаш
|
қанаты ұзын, кішкентай
|
айыр құйрықты, қанаты үшкір
|
қара ала
|
арнайы үн шығармайды
|
Ұшу
|
Мұндағы 1 және 5 семалық белгілер жалпылаушы семалар деп аталса, 2,3, және 4 семалар даралаушы семалар деп аталады. Жалпылаушы сема (архисема) сөздерді бір лексика-семантикалық топқа жинақтауға негіз болса, даралаушы (дифференциалды) сема сөз өзге сөздерден ажыратып тұрады.
Тапсырма: жоғарыда берілген үлгіге сәйкес бұта, өзен, жапырақ, қарындас, адам, тас, жолбарыс, түлкі, аю сөздерін семалық белгілеріне қарай ажыратыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |