1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер



бет44/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер

1. Неологизмдер және олардың жасалу жолдары.


2. Неологизмдердің қолданыстық түрлері.
3. Сөзжасамдағы өнімді үлгілердің неологизмдерге қатысы.
4. Көнерген сөздер, олардың түрлері, стилистикалық қызметі.


Неологизмдер және олардың жасалу жолдары. Тіл – жанды құбылыс. Ол үнемі қоғам өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, толығып, жаңарып отырады. Қоғам дамыған сайын қоршаған ортада жаңа заттар мен құбылыстар пайда болады. Олар адам санасында сарапталып, қорытылып жаңа атау (неологизм) ретінде тілдік таңбамен бекітіледі. Қазақ тілінің функционалды қолданысының артуына байланысты тілдің лексикалық құрамы үнемі өзгеріс үстінде болады. Тілдік жүйеге, сөйлеу процесіне енген жаңа атау және оның жаңа қолданыс екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды. Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңашылдығымен өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, әлеуметтік сипатты иеленеді. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек.
Тілдегі, бұқаралық ақпарат құралдар тіліндегі жаңа қолданыстарды жинақтап, оларды сараптамадан өткізіп, жариялап отыру мәселесіне тіл мамандары тарапынан көңіл бөлініп отырады. Мәселен, «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» деген жинақ (Құрастырғандар: Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, А.Алдашева, Н.Уәлиев, 1985) және осы жинақтың толықтырылған екінші басылымы «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» (Құрастырғандар: Р.Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Ғ.Әнесов, А. Алдашева, Н.Уәлиев, 1990) деген атпен жарық көрді.
Академик Р.Сыздықованың «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» атты еңбегінде лексикалық ескі бірліктер мен лексикалық жаңа бірліктердің теориялық негіздері мен принциптеріне тоқталып, қазақ тіліндегі жаңа бірліктердің қалыптасуы мен дамуының кезеңдік сипатына, олардың типтері мен әдеби тіл нормасына ену әлеуетіне, прагматикалық сипатына ғылыми‐танымдық тұрғыдан зерттеу жүргізілген. Сонымен қатар қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген жаңа атауларды жинақтап, тақырыптық топтарға жіктеп, оларға лингвистикалық талдау жасаған Ш.Құрманбайұлының «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқарған сөздер» атты еңбегін атауға болады.
Тілдегі жаңа атаулар туралы академик Р.Сыздықова былай дейді: «Белгілі бір тілдің даму барысындағы белгілі кезеңдерде пайда болған (қолданысқа түскен) жаңа зат, жаңа ұғым атаулары, жаңа сөз тіркестері, мағынасы жаңарған, яғни мағынасы ауысқан немесе қосымша мағыналық реңкке ие болған бұрынғы сөздер, сондай-ақ тілде жиі еркін қолданыла бастаған бөгде тілдік сөздер болып танылады. Бұларды лингвистикалық жаңа бірліктер деп те атайды [1, 168].
Әлемдік интеграцияны нысан еткен бүгінгі жаһандану заманындағы ақпараттық технологиялар тасқыны, бизнес пен экономикадағы жаңа үдерістер, заманауи сұраныстарға ие толассыз келіп жатқан неологизмдер мен шетелдік кірме сөздер бір кездегі ортақ базалық лексикасы қатталған түркі тілдеріне қалай әсер етуде? Шындығына сүйенсек, түркі немесе қазақ ұғымында қалыптаспаған жаңа ұғымдар мен заттарға, құбылыстарға түркі тілдері жүйесінде ат қойып, айдар тағуда ортақ ұстанымдар мен ғылыми қағидаттарда бірізділік жоқ. Осыған орай сөзжасам саласы бойынша жаңа атаулардың (неологизмдер) жасалуында донор тілдер мен доминат тілдердің ықпалы күшті болып келеді.
Соңғы он бес жиырма жыл көлемінде тілдік санамызда пайда болып, күнделікті өмірде белсенді қолданысқа ие бола бастаған жаңа ұғымдар мен заттарға атау беруде (неологизимдерге) ежелгі ортақ түркілік базалық лексикадан алшақтап бара жатқанымызға кестедегі мына мысалдар айқын дәлел бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет