1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет40/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
Әдебиеттер мен сөздіктер:
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы, 1966.
Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. −Алматы, 1975.
Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. Аударған: А.Егеубай. І,ІІ т. –Алматы, 1997. ІІІ т. –Алматы, 1998.
Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша сөздік. −Алматы, 1989.
Оңдасынов Н.Д. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. −Алматы, 1974.
Рүстемов Л.З. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі.
Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков І-ІІІ т., -М., 1980.
Монғолша-қазақша сөздік. Ұланбатыр, 1954. Құрастырушылар: С.Хабшай, Ә.Мініс.
Нұрмағамбетов Ә. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. −Алматы, 1985.
Нұрмағамбетов Ә. Қос сөздер құпиясы. −Алматы, 1991.
Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. −Алматы, 1976.
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы, 1980.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының аймақтық-әлеуметтік топтары

1. Жалпыхалықтық және арнаулы лексика.


2. Арнаулы лексиканың (кәсіби-теминдік лексика) қызметі.
3. Диалектілік лексика және оның қызметі.


Жалпыхалықтық және арнаулы лексика. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісіне қарай үлкен екі топқа бөлінеді: жалпы халыққа түсінікті, яғни қазақ халқы түгел қолданатын сөздер де, екіншісі – таралу аясы шектеулі, белгілі территорияда ғана қолданылатын диалект не әлеуметтік ортаға қызмет ететін кәсіби сөздер, терминдер, арго, жаргондар.
Бірінші топқа енетін жалпы халық қолданатын сөздер бүкіл әдеби тілдің негізін құрайды және тілімізде сөз жасауға негіз болады. Онсыз халық бір-бірімен қатынас жасауы мүмкін емес. Ауызекі немесе жазба сөйлеу тілінде болсын өз ойымызды жеткізу үшін, біз жалпыхалықтық лексиканы пайдаланамыз. Сол себепті жалпылама лексика әдеби тіл сөздігінің негізгі қоры болып табылады. Жалпыхалықтық сипат алған лексикадағы сөздер тек тура мағынасында ғана емес, метафоралық, метонимиялық, синекдохалық жолмен көрініс табатын ауыспалы мағынада қолданылып, түрлі контексте әртүрлі экспрессивті мәнді иеленеді. Ал таралу аясы шектеулі сөздер тек белгілі бір аймақта, салада, әлеуметтік ортада ғана қызмет етеді. Қолданылу аясы тар лексиканың түрлері мыналар: диалект сөздер, арнаулы сөздер, арголар мен жаргондар. Арнаулы лексика екі алаға бөлінеді: кәсіби терминология; кәсіби сөздер.



Кесте 1. Жалпыхалықтық лексиканың жіктелімі
Арнаулы лексиканың (терминдер мен кәсіби сөздер) қызметі. Терминдер – әдеби тілге жататын лексика құрамының бір қабаты. Ғылым мен техника, ауыл шаруашылық т.б. өндіріске байланысты ұғымдардың атауы терминдер деп аталады. Терминдер қолданылу аясына қарай шектеулі болып келеді. Олар негізінде әрбір кәсіп, шаруашылық, ғылым саласында қызмет етушілердің арасында ғана қолданылады. Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Терминдерге бір мағыналық тән, себебі олар бір ғана дара ұғымды білдіреді, терминдердің өн бойында стильдік эмоциялық мән болмайды. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Әдеби тілде сауыт деп «оқтан, найзадан, сүңгіден сақтану үшін ертеде батырлар киген тор көзді темір кіреукені» және «зат салып қоятын кішігірім құты ыдысты айтса, биологияда сауыт (панцирь) деп «кейбір жәндіктер (мысалы, шаянтәрізділер) мен жануарлардың (бірсыпыра балықтар, жорғалаушылар, тасбақа, крокодил), сүтқоректілердің денесін қаптап, оларды жауыннан, зақымданудан қорғайтын қатты жабындыны» айтады [2, 41].
Кәсіби сөздер деп белгілі кәсіпке байланысты қалыптасқан терминдерді атайды. Кәсіби сөздер әртүрлі аймақтың өз шаруашылығына байланысты қалыптасатындықтан, таралу аясының шектеулігі жағынан диалект сөзге өте жақын. Енді бір жағынан кәсіби сөздер белгілі шаруашылық ұғымдарының атауы жағынан ғылыми терминге өте жақын. Сондықтан да бау-бақша, мақта, күріш, мал өсіру, балық, аң аулауға байланысты терминдердің дені сол шаруашылыққа байланысты кәсіби сөздерден жасалады. Бірақ кәсіби сөздің барлығы ғылыми термин бола алмайды, кәсіби сөздер жергілікті тілде ауызша қалыптасқандықтан, оның да фонетикалық, лексикалық, грамматикалық (сөз жасау) ерекшеліктері болады. Сондықтан кәсіби сөздердің ішінен әдеби тілге лайықтылары таңдалып қана алынады. Кәсіби сөздер тілімізде таралу жағынан да, әдеби тілге қатысы жағынан да біркелкі емес. Мысалы, күнбағыс, дақыл, жүгері, қияр, жүзім, алмұрт сияқты сөздер жалпыхалықтық сипат алып, әдеби тілден орын алса, борми//порми // көмбеқонақ, бәдірен, ботташық // бәреңгі (картоп) сөздері жалпыхалықтық сипат ала алмай, жергілікті сипаттағы кәсіби сөздерді құрайды [3, 65].
Кәсіби сөздерді арнаулы кәсіп иелері, термин сөздер ғылыми әдебиеттерде ғана қолданады. Дегенмен көркем әдебиет, публицистикада автордың белгілі бір өндіріс шаруашылығын суреттеу үшін және кейіпкердің қандай мамандықта жұмыс істейтінін аңғарту үшін қажет болады. Бірақ қолданылған арнаулы сөздің оқырманға түсініксіз болмауы жағына ерекше назар аудару керек. Егер автор көпшілікке түсініксіз кәсіби сөз не терминді қолдануды қажет деп тапса, онда оған түсініктеме беруді ұмытпағаны жөн. Қысқасы, орынды қолданылған кәсіби сөз не термин сөз шығарманың ажарын ашып, автордың ойын дәл де әсерлі жеткізуге көмектеседі. Өйткені көркем әдебиеттің нысаны – өмір, адам тіршілігі. Сондықтан кәсіпкерлерінің қызмет бабын кәсіби сөз не терминсіз барынша шыншыл, барынша әсерлі де образды көрсете алмайды.
Диалектілік лексика және оның қызметі. Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір аймақта тұратын халық тілінде ғана кездесетін сөздер диалект деп аталады. Диалектілік лексикаға белгілі бір аймақтағы (аймақ, облыс, аудан) жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын тілдік бірліктері жатады. Диалект сөздер әдеби тілге қатысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: лексикалық диалектизмдер; лексика-фонетикалық диалектизмдер; семантикалық диалектизмдер.
Жергілікті сөйленістер әдеби тіл нормаларынан сырт тұрғанмен әдеби тілді толықтырып, байытудағы үлесі мол. Халық тұрмысында ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда халық қазынасы ретінде пайдаланатын лексикалық қабаттың бірі – диалектизмдер. Мысалы, марля сөзінің баламасы ретінде – дәке, носилка сөзінің баламасы ретінде – зембіл, подряд сөзінің баламасына – мердігер, минералды су мағынасында «арасан» сөздері жергілікті лексикалық сөйленістер қатарынан ауысқан. Әдеби тілдің лексикасы мен аймақтық лексика арасындағы байланыс сияқты, ғылым мен техниканың түрлі саласына қатысты терминологиялық лексика мен аймақтық лексика арасында да байланыс бар. Қазақ терминологиясында диалектілік лексиканың терминденуі арқылы жасалған терминдер тым жиі болмаса да кездеседі. Мәселен, батыс сөйленістерінде қолданылатын төп сөзі биология терминдерінің қатарынан орын алған. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде бұл сөз «сөктен жасалған ботқа, каша; көженің қоюы» деген диалектілік мағынаға ие болса, 1988 жылы жарық көрген биология арнаулы сөздігінде төп (барда) терминіне «малға жем ретінде пайдаланылатын спирт өндіргенде қалатын қоймалжың қалдық» деген анықтама берілген. Диалект сөздің білдіретін ұғымы мен терминдік ұғымның ұқсастығына (қою, қоймалжың) термин сөз жасалған [2, 103 ].
Жалпы тіл ғылымында диалектизмдер бір тілде сөйлейтін халықтың өз арақатынасының аздығынан пайда болады. Қазіргі кезде жастардың мектепте оқуы, бәрі бірдей әдеби тілде жазылған оқулықты пайдалануы, газет-журнал, көркем шығарманың халыққа кеңінен таралып, радио-теледидар ақпараттарының әдеби тіл нормаларын сай жүргізілуі әдеби тілде сөйлеушілердің санын көбейтіп, жергілікті сөйленістердің қолданыстық аясының тарылуына әкелуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет