1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет41/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Айғабылұлы А. Қазақ тілінің морфонологиясы және лексикологиясы. – Алматы, 2006.
2. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. –Алматы, 1998.
3. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. –Алматы, 1991.
Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлерін айқындаңыз.
2. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар ұсынған терминжасам принциптеріне талдау жасаңыз.
3. Жалпыхалықтық лексиканың терминденуіне байланысты семантикалық және терминологиялық талдау жасаңыз.
4. А.Байтұрсынұлының филология саласындағы түзген терминдері және оның қазіргі қазақ тіл біліміндегі қолданысына талдау жасаңыз.


5. Мәтіннен жергілікті сөйленістерді тауып, оларды лексикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық, фонетикалық, этнографиялық диалектизмдер түрлеріне қарай топтастырыңыз.
Ол шақта Москва бару біздерге ғана емес, бүкіл ауыл-аймаққа қол жетпес арман, мәңгі ұстатпайтын сағым сияқты болатын. Қарасу ұрттасаң, қайта құсатын легеніңді жастап, көрер таңды көзіңмен атқызатынсың. –Барсам ба деп ем ораза күні де келіп қалды, қайдам, әкем.... – деп қасындағы Жабағыға көзінің бір қырын салып қойды (Қ.Сланов). Е, бұ да бір ағайын. Ныспысы - Әурен. Осы елдің ат үстіндегі азаматтарының бірі. Қалада қызмет атқарады. Еліне демалысқа келіп жатыр екен, маған көрісе келіпті. Не болса содан секем алатын кіділігі де бар (Ә.Нұрпейісов). Құсы да, иесі қоразданар (Абай). Клуб пен қоспақ дүкеннің жарлары қорасан шыққан адамның бетіндей қожыр-қожыр, итарқалап жапқан төбесінен төмен сорғалаған жырашықтар тәрізді осылып жатыр (Х.Есенжанов). Күз түсіп, өзенге шәуіш жүре бастағаннан бері бұл үйге біздің құлағымыз үйреніп болған-ды (Ә.Сәрсенбаев). Түніменен «соқыр теке» деп жүргенде, құжантық ілінбес шарқатыңа (Қ.Сланов). Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш жадағайын баласының иығында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты (Ә.Кекілбаев). Шашым бапайын-сапайын болып кетіпті. Ешнәрсені елемей, далдың-дүлдің жүре береді. Төлеген ыпы-тыпы атқа мінді. Ырысбек домбыраны қолына алып, мұңлы әнге баса жөнелді. Апам сағы сынғандай тұнжырап, қабағы кіртиіп, бет-аузының ажымдары көбейіп мүлде аянышты болып кетті. Әйтпесе біздің жағдай мүлдем басқадай болар еді ғой, кім біледі, мүмкін аштан қатар едік (С.Мұратбеков). Азанда жауған ақша қар мәрмәр ұнтағындай таза, күннің көзі түсіп еді сынапша жылтылдап, жабырқау тартқан өңірдің бойына қан жүгіртті. Аруананың өлімін Жандос қатты азалады (О.Бөкей). Атаман «Нар идірген» күйін ойнар алдында: «Ботасы өлген тұмса нар күні-түні зарланып, иімей қойған екен. Ұнға қолы жетпеген қыр кедейлері құмаршық дәнін диірменге тартады да, нан етіп жейді. Ұнталаған құмаршықты ұртымызға толтырып алып, талмай бастадық (Ә.Сәрсенбаев). –Сен тағын, тағын бастадың ба?! Қанша үрмет қысам да бармай-ақ қойдың ғой, жүдә? (М.Әуезов). Жаман туыстан жақсы қоңсы артық. Ауыз – дарбаза, сөз – самал, Құдай ұрғанға не амал.


6.Мәтіннен арнаулы сөздерді тауып, олардың терминдік мағынасын жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерін саралай отырып талдаңыз, кәсіби сөздерді қолданылу түріне (әдеби, диалектілік) қарай саралаңыз.

Сортаң батпақты жерлердегі зауырларды тазалау, тереңдету, жаңадан зауыр қазу жаңа су арықтарын тазалау жұмыстарын суық түскенге дейін бітетін етіп, ерте бастау керек. Мақта жерлерін дер кезінде зәб айдаумен қамтамасыз ету үшін, мақта теру жұмысы бітісімен-ақ қозапаясын жинап алу керек. Пішендік жоңыршқадан да, тұқымдық жоңыршқадан да мол түсім алу үшін жоңыршқа егуге белгіленген жерлер міндетті түрде шым аударғышы бар соқамен зәб айдалынуы тиіс (Газет материалдары). Бұлардың гарнирлері де әр түрлі болмай, бірыңғай вермишель, қарақұмықтан жасалады. Құмсыз жер болмас, балберкісіз ау болмас (мақал). Қолында бір уыс бидай. Председательдің айтуы бойынша, бір масақтан түскен бидай. Ал соның ішінде бес-алты тал қара бидай жүр. Ауадан − көмірқышқыл газ, топырақтан − су және минералды заттарды сіңіреді. Теңіз түбінде мекендейтін маржан тапжылмай бекінген орнынан қозғалып жүрмей−ақ өмір сүреді. Жоталардың жан−жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар − қазаншұңқырлар орналасқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз ағзада аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік (мектеп оқулықтарынан). Сүйекті көп сақтауға тропикалық ыстық мұрсат бермейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет