1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет43/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 2006.
3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –Алматы, 2005.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері.
2. Кітаби лексика. Кітаби стильге жататын тілдік бірліктер.
3. Әдеби сөйлеу тілі мен қарапайым сөйлеу тілі. Ортақ тұстары мен өзіндік ерекшеліктері.
4. Тұрмыстық сөйлеу тілі, варваризмдердің көркем шығарма тіліндегі қолданысы.


5. Мәтіннен эмоционалды-экспрессивті мәні бар сөздерді тауып, олардың қолданысындағы стильдік реңктер мен жасалу жолдарын айқындаңыз.
Атқа мыжырайып отырысы және қамшыны солақай ұстауы өз туыстарының бірі екенін айнытпай танытты Шалабай! Кешегі мұрнының қаспағын жия алмай жүрген жаман Қожаның өз ақылымен іштеніп, төрт құбыласын сай етіп алғаны жамағайындарының көңіліне қызғаныш құртын түсіріп, көре алмас күңкіл-күңкіл сөз тудырды. Ырылдаса беруге аналардың жүзі шыдап қара бет бола берсін, сенің инабатың бар еді ғой. Бірақ, осынау сорлы сорап үстіндегі ағайын арасында өткен шатақ шайқастардың қайсы бірі де от басының бықсыған шекесінен туып, бәріне де сіңісті боп кеткенін ешкім де есептей бермейтін және түбі осы дерт алып жейтінін де ескермеді. Бұрынғы әке-шешесіне жасайтын шолжақ еркек шоралығы бірте-бірте нәзік еркелікке ұласып өзгеше көрініс тауып, кешегі былдырлап жүрген тұрымтайдай қыздың жарқ етер қырларын таныта бастады. Ол осынау азапты әрі тәтті сезім асқынған сайын, барлық дүниеден оңашаланған оқшау сандалысқа салынып, өңі түгіл түсінде көрмеген жұмбақты бейнені қуып, сағымданған даланы кезе беретін. Жар сабалап жарысып жатқан тоқпейіл толқындар дүлей, қыз мұңын, қыз әнін тыңдай алмады. Ардақ алдында таңғажайып көрініс беріп, кербез керіліп жатты. Қожа көзін сығырайта, тесіліп ұзақ қарады. Бір кезде сықсиған көзі бағжаң ете қалды. Мүмкін, мынау кеудесі есіктей қара бұжыр кісі Алмасты танитын шығар. Қазандай басын суға тығар ма едім? Екеуі жетіқараңғы түнде ақшабақша асыр сап, меңірейіп, жусап жатқан тауды азан-қазан қылды. Ардақ есінен мүлдем ауысты білем, Салықтың көп-көп дарақы қылықтарына мән бермеді. Май шам бықсып жанып тұр. Бүйірі бүлк етіп, ішіндегі сәби тебініп қалған сәтте, шыңғырып далаға қашатын.
6. Мәтінде берілген варваризмдерді тілдегі қолданыстық аясы жағынан айқындаңыз.
-Қашан деуге керек? Ну, соғыс біткен соң. Шамасынан келмеген бөлегін ат соқасымен қайта айдатып та тастаған екен. – Тағы не басың ауырып тұр ма? – деп Инеш ақырын сөйлеп, аяғын ұшынан басып үйге кірді. − Айтпақшы, Манап, осында Майқан звонить етті. − Тартынба, Манап, несіне қорқасың, кір. Белгіғұлов досың емес пе? − деді биік прическалы Зада шіңкілдек даусымен. Осындай подход жасамасаң, ұстараның жүзіндей қылп ете қалады. Асфальтті жол соңғы шлагбаумды кесіп өткен соң оңға бұрылды. Осы бір практика дегенің әбден зәрезап етіп болды. Паравоздың айқайы, поездың гүрсілі естілді. − Мәселе мынада: жаңа оқу жылы басталысымен университет ректоры студенттер жазған жақсы ғылыми рефераттарға, әдебиет шығармаларына конкурс жариялаған. Ғылым мен искусствода творчество деп, міне, осыны айтады. − Мәулен, білесің сен? Давай, бүгін әңгімені осында өткіз, − деді. Меніңше, қайтарып беру жөн авторларына. Пусть тереңірек зерттесін. Асықпасын. Ал егер әлдеқалай бір қиындық болса, ну ладно, комсомол комитетіне соқсаңшы (С.Шаймерденов. Инеш).


7. Мәтіннен кітаби лексикаға және тұрмыстық сөйлеу тіліне тән тілдік бірліктерді анықтаңыз.
Қор болған алтыншыда рас ақыл,
Халық жүр рас сөзден болып қапыл.
Білмейді сөз фаһамын бағзы надан,
Дұрыс сөз бенде түгіл, хаққа мақұл.
Халалдың, харамменен шегін ашып,
Несі би, ғаділ тұрып қарамаса.
.............................................................
Бұ күнде ондай билер көрінбейді,
Ақылын құдай үшін жолдайтұғын.
Әділдік екі жиһанда бірдей жақсы,
Ұжмақтың көрер деген райысын.
.............................................................
Он тиын жан қалтаңа пара кірсе,
Фақырға һеш шафағат қыла алмадың.
Білмейді сөз фаһамын бағзы надан,
Дұрыс сөз бенде түгіл, хаққа мақұл.
...............................................................
Кәсіп жоқ, харекет жоқ осы күнде,
Тозуғ жақындады жұрттың көбі.
Көп сөзден азғана фәһәм дегендейін,
Кеңесім осылайша тәмәм болған (Әбубәкір Кердері Шоқанұлы).

Бақытжан: Ұлы мәртебелі мырзам, құлдығыңа бас идік, өзі білмесе де елге ақыл айту − қазақтың қасиетті өнері (О.Бөкей). Е, өмірге келген әр сәби қабырғасы қатып, бұғанасы беки сала өзін дәйім биіктен көрсеткісі келіп және өне бойы осынау биіктікті аңсап, соған өрмелеп өтері хақ. Ақылмен хауас барлығың, Білмәйдүр жүрек сезедүр. Мутәкәллимин, мантақин, Бекер босқа езедүр (Абай). Башлайын бір алланың атыменен, Түзеткей өз құдіреті затыменен. Бихәмд ле-ллә біздерді қылды инсан, Жайылур біздей құллар хатыменен (Рабғузи, «Қиссас-ұл Әнбия»). Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп, ант ететұғын кісіні не дейміз? ХІХ ғасырда электрик (электричество)деген бір жат нәрсе білінді. Бұл электрик күшімен қандай алыс жерлерден сөйлесуге болады. Сағатына 70-80 шақырым жүретін от арбалар шықты. Аурупаның зор қалаларының көшелерінде осы электр арбалар адамдарды алып жүреді. Мұны трамвай дейді. Қара жерде от арба, от кемемен жиһанды кезді. Атсыз жүретұғын арба һәм шана (автомобиль) шығарды. Дунияның төрт бұрышымен тездетіп телеграмма арқылы сөйлеседі («Қазақ» газеті). Бір мың жеті жүз тоқсан сегізінші жылда әсеттің 28 күні белқұллия табиғына арыз қалмағыма садыр болынмыш биік фәрмән жарлығы уасыл болғаннан соң қырғыз-қазақ тарафынан пайдалы істерді білуші кісілерден сайламаққа бұйырылсын (Құжат тілі).


Байеділ хаттың аяғына жеткенде мені қара тер жауып, қан сорпаға түстім. Соқыр боп қалғанымды біле тұрса да, ол кезде маған «соқыр» деген сөз өңменімнен атып жіберген оқтан бетер боп тиетін еді. Маған ештеңе деместен «шу, қара құйрық» деп кете берсе мен не істейтін едім оған. Алдыңнан жарылқасын, жолың болсын, Жоқ менің саған қояр өкпем, қалқам. Ұят емес пе, неге өйтіп жалындың десем, сенен айырылып қалсам ұяттың керегі не маған, − деп күледі апай. Әке әскерде, аға өлген, ендігі қожа өзі. Мұны естіп алғаннан кейін мен одан сайын бұлан-талан болдым. Апамның біресе қызға, біресе шешесіне жалынып, менің ұлымнан безбеңдер деуі о да бір қорлық боп көрінді мен үшін. Мен енді кетемін бұл жерден деп те соқтым.


8. Мәтіннен көркем әдебиет стиліне тән сөз қолданыстарын, айшықты, бейнелі сөздерді тауып, олардың басқа стильдерден ерекшелігін, жасалу жолдарын талдаңыздар.
Бірақ жылт-жылт сығалап отырған көздерге сыр алдырғысы келмей, үйреншікті сұп-сұр қалпына түсіп алды... Елшінің көз алдына қашан көрсең де бір қалпында тұратын сұп-сұр жүзі, тұнжыр жанары мен салыңқы қабағы келді. Бұның бәрі бұрын оған қайдағы жоқ сұмдықтарды ойлап отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші еді, енді байқаса, ішіндегі қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап жатқан әлем-тапырық көңілін байқатқысы келмеген ерекше бір ұстам, сабыр екен ғой (Ә.Кекілбаев). Көл суын таңбалықтан кеше пырылдап, айнадай жарқыраған су бетіне сансыз әжім тастаған жылқылар жаңа ғана тыныштық тауып маужырай бастаған түн тірлігін беймазалап, гүрп-гүрп тарпиды суды. Ай астында көлге жүзіп тұрған құлындардың жон арқасы түнгі сағымдай жылтылдап су періштесіне оқшасады. Ойда жоқта пайда болған түс сынды таңғажайып сурет ішінен, ай астында жылтылдап көл кешіп тұрған жылқыдан мен өз арманым − қара қасқа құлынды іздедім, амал не, жоқ... Мүмкін, кейінгі биелерден ондай қара қасқа құлын қайтып тумайтын шығар... (О.Бөкей).
Аққасқа Қасен даусын ести сала, ойға қарай жұлқи бұрап қалғанда − көк шолақтың белі бұраң етіп барып, дүрс етіп құлап түсті. Ауыздары бір-бірінен айырылған жоқ. Екеуінде де үн жоқ. Шайнасу үстінде желімдей қайнасып қатып қалған сияқты. Ең аяғы, болымсыз болса да, тыныс алған дыбыс та білінбейді. −А, құдай!... А, құдай!... Я, сәт! Я, аруақ! Я, ақсарбас!... − дей бере екі атты үстеріне жығыла-жығыла үйіле түсті. Аттар босанып шықты. -Ойпыр-ай! Ойпыр-ай!... Аузын! − деп келіп, Қасен жуан қамшының сабын Көксеректің көмекейіне тығып жіберіп, мықтап басып тұрып, жауының тұмсығын жоғары қарай қайырып жіберді. Аққасқаның қан басқан тұмсығынан көк шолақтың тістері бір-бірлеп шығып кетті. Аққасқа сонда ғана бүйірінен тартып тыныс алды (М.Әуезов).
9. Мәтіннен публицистикалық және ресми іс қағаздар стиліне тән сөз қолданыстарын тауып, олардың стилистикалық ерекшелігін анықтаңыздар.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын биылғы Жолдауының сыры да, сипаты да бөлек. Бұл құжат Жолдау ғана емес, еліміздің жаңа онжылдыққа арналған стратегиялық бағдарламасы іспетті. Өйткені, мұнда республикамыздың экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының алдағы он жылға арналған міндеттері айқын да нақты көрініс тауып отырады.
Жаһандану және жаңа технологиялар заманында білім беру жай ғана әлеуметтік сала емес. Бұл болашаққа зиялы ұмтылыс деген сөз. Және бұл үрдіске еліміздің барлық азаматтары қатысады. Сыни ойлау қабілеті, өнегелі сана-сезімі бар және ақпараттық ағымды бағдарлауға қабілетті адамдарды даярлау жоғары оқу орындарында білім берудің басым бағыттарының біріне айналып отыр. Еліміздің өміріндегі білім берудің және интеллектуалды ресурстардың рөлі Елбасы сөзінде нақты көрсетілген: «Әр азаматтың денсаулық, интеллект және білім деңгейі қаншалықты сапалы болса, соншалықты мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік қауымдастығында жоғары болады» (Егемен Қазақстан. №85-87, 6 наурыз 2010 ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет