1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет56/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Кесте 6. Фразеологизмдердің стильдік тұрғыдан жіктелімі


Ауызекі сөйлеу тіліне тән фразеологизмдер. Тұрмыстық-қарапайым лексикаға күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясында қолданылатын тұрақты тіркестер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмендету мақсатында қолданылатын, стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-алғыс мәнді сөздер де көптеп кездеседі. Тұрмыстық-қарапайым лексика ауызекі сөйлеу тілінде ғана қолданысқа ие. Бұлар дәл осы қалпында әдеби тілде кездеспейді. Әдеби тілде бұлардың орнына стильдік мәні жағынан бейтарап деген синонимдер жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдерге жағымсыз эмоционалды‐экспрессивті мағынаға (төменсіну, кекету, еркелету, қалжың) ие болатын және күнделікті тұрмыста, көркем шығарма кейіпкерлерінің тілінде қолданылатын әдеби тілдің нормасына сай емес фразеологизмдер жатады. Фразеологизмдердің өн бойында өмір сүретін образды мағына, эмоционалды-экпрессивті реңк және бағалауыштық сипат фразеологизмдердің стилистикалық мағынасының қалыптасуында маңызды орын алады. Ауызекі сөйлеу тіліне тән фразеологизмдер белгілі бір ұғымды образды түрде жеткізеді. Айталық, малтасын езу – көп сөйлеу, құлақ миын жеу – жалықтыру, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты – ұрысты деген синонимдік бірліктермен салыстырсақ мағына әлдеқайда тарыла түседі.
Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы эмоционалды-экспрессивті лексика ретінде танылады. Эмоция бар жерде экспрессия да болады. Әсіресе, сүйіспеншілік, мақтау, даттау, масаттану, еркелету, таңырқау, қошамет, өшпенділік, үрейлену және тағы басқа сөздер тобы негізінен ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән. Эмоционалды-экспрессивті лексиканы түсіну үшін оны эмоционалды-экспрессивті бояуы жоқ сөздерден ажырата білу керек. Бейтарап сөздер мен эмоционалды-экспрессивті сөздерді алдамшы, суайт, өсекші, өтірікші, көз бояушы сөздерін бір-бірімен салыстырсақ, өтірікші сөзі бейтарап болады да алдамшы, суайт, өсекші сөздеріне сөйлеушінің көзқарасында жек көру, менсінбеу аңғарылатындай бояу бар.
Көркем әдебиет пен публицистикаға тән фразеологизмдер. Көркем әдебиеттегі фразеологизмдер, оның концептуалдық өрісін қарастыру тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірінен саналады. Тілдік бірліктерді антропоөзектік парадигма тұрғысынан қарастыра отырып, көркем шығармадағы тұрақты тіркестердің семантикасынан ұлттың мәдени болмыс пен ұлттық ойлау жүйесін, қоршаған ортаны қабылдаудағы ұлттың ментальдық ерекшелігін, қазақ халқының салт-дәстүрін айқын аңғаруға болады. Көркем шығармадағы фразеологизмдерге концептілік талдау жүргізу арқылы әр халықтың ғаламның тілдік бейнесі туралы білімін бағамдауға болады. Көркем әдебиет стилінде тұрақты тіркестердің қолданылу көлемі әлдеқайда кең, онда көркемдеу тәсілдері арқылы өмірде бар я болуға тиісті көріністер мен құбылыстарды адамның ішкі сезіміне әсер ететіндей етіп суреттейтін, шындық өмір жайында автордың өзіндік көзқарасын білдіретін фразеологиялық бірліктер қолданылады.
Фразеологиялық бірліктердің образды мағынада қолданылуы сөйлемдегі ойдың әсерлі де сенімді, дәлелді берілуінің негізін құрайды. Сондықтан көркем шығармада немесе публицистикада фразеологизмдерді қолданудың әртүрлі әдістері кездеседі. Ақын‐жазушы өз шығармасында фразеологизмдерді мәтін мамұнының ойнақы, образды түрде шығуын және кейіпкердің сөйлеу тіліндегі даралықты көрсету үшін қолданады. Мысалы: Екеуі дауыс шыққан ылдиға қарап еді, қыбырлап қарауытқан жандарды көзі шалды. Бөлме іші тым-тырыс, құлаққа ұрған танадай (Б. Тілегенов). Осы мәтін мазмұнында қолданылған фразеологизмдерді қарапайым лексикалық мағынаны иеленетін сөзбен алмастырсақ, экспрессивті-стильдік реңкі болмайтын еді.
Кей жағдайда ақын не жазушы фразеологизмдерді өз мақсатына сай өзгертіп қолдануы арқылы жаңа реңкті иеленіп, жаңа стильдік қызмет атқара алатын жағдаятқа жеткізеді. Ақын-жазушылардың, публицистердің қолданысындағы фразеологизмдер өзгерісінің мынадай жолдарын көрсетуге болады:

  • фразеологизмдер құрамына жаңа сөз қосып айту тәсілі. Мәселен, Немене алты аша ала ауыз болып отырғандарың (А. Тоқмағанбетов). Осы сөйлемдегі аша сөзі «алты ала ауыз» фразеологизмдерінің арасына кірігіп, айтылатын ойды одан әрі күшейтіп тұр. Кейде бұлайша сөз қосу фразеологизмді еркін тіркеске жақындатады да әрі фразеологизмдік, әрі еркін тіркестік мағынасы арқылы бейнелі қолданыс туады. Меңтайдың ұсынысы отқа құйған майдай болды. Қыздар лап етіп, оны бірден қостап әкетті (Ә.Нұршайықов) Аяғанмен мұндайда, Дей көрмеңіз жан қалар (Жамбыл). Қайратты алып бойдағы, басымды қайғы қаңғыртар (Абай). Осындағы отқа құйған майдай, аяғанмен жан қалмайды, басы қаңғырды фразеологиялық бірліктер еркін тіркестер сияқты араларына сөз салып, әрі грамматикалық өзгерістерге ұшырап барып қолданылған.

Кейде фразеологизмдердің арасына қосылған сөз не тіркес фразеологизмнің бөлінбес бір бөлігіне айналып, күлкі, ирония тудырады. Мысалы: Жиналғандар директордың бұйрығын сілтідей тынып тыңдап алды да, ләм-мим деместен асығыс тарай бастады (Қ.Жұмаділов). Қанжығасы майланар ғұмыр атты саят пәнидің олжасы қанша? (С.Сматаев). Келмей жатып дікіңдеп, әңгір таяқ ойнатып, ақыл үйреткеніне зығырданы қайнайды (Б.Тілегенов).
- фразеологизмдер құрамындағы сөзді өзге сөздермен алмастырып не сол сөзді грамматикалық өзгеріске түсіру. Фразеологиялық жүйедегі арасынан қара мысық өту, көзден бұлбұлдай ұшу, апшысын алу деген фразеологизмдердің ақын-жазушылар тарапынан қолданысына назар аударайық: Қандай ғана қара мысық жүгірді екен араларынан (М.Қаратаев). Олжайға ұзатылар сәтінің шаттығы бұлаң етіп, көз алдынан бұлбұлша ұша бергенін сезінген (О.Бөкей). Апшысын алыңқырап, жиырмасыншы жылдар да келді (С Бердіқұлов).
- фразеологизмдер құрамына жаңа сөз қосып айту тәсілі де кездеседі. Мысалы: -Қой, қарағым, жылама, Аман-сау келдің, әкеңді көрдің. Ендігі дәм-тұзды бір алланың өзі біледі, ̶ деп жұбату айтты. Ауылдағы бар азаматты жинап алып, атты казактардан бізге қайыр жоқ, елдің қанын ағызып келе жатқан жауыздардың ретін тауып, көзін құрту керек дегенді айтты (Т. Әбдікұлы).
- окказионалды фразеологизмдерді қолдануда ақын-жазушылардың өз таңдауы, талғамы болғандығын айқындайтын нақты деректер лингвостилистикалық, лингвопоэтикалық талдау негізінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет