Кесте 2. Метатіл фрагменттері Әрбір ғылым саласының өзіне тән метатілі, ұғым-түсініктердің жүйесі қалыптасқан, өзіндік терминологиялық айналымы бар. Лингвистикада лексикалық бірліктер көбінесе семантизация үдерісінен өтеді. Мәселен, мұз – судың қатты күйдегі қалпын бейнелейді, дәл осы жағдайда «су» метатілдің бірлігі ретінде қолданылады. Ал судың өзі «мөлдір, түссіз, иісі жоқ сұйықтық; ішуге арналған зат, өзен, көл, теңіз» деген ұғымдық белгілерді иеленеді.