1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет67/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Қан сонар: Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға (Абай). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қан сонар деген тұрақты сөз тіркесіне «жаңа жауған қардан соңғы аң аулауға шығатын мезгіл» деген анықтама берілген. Түркі тілдерінде қан сөзінің адамның, тірі мақұлықтың «қаны» және «билеуші, әмірші» дегеннен басқа мағыналары байқалмайды. Сондықтан да, біз, оны монғол тілдеріндегі хон сөзімен жақындатқымыз келеді. Бұл тілдерде хон – «тыныштық», жон жэн – «жым-жырт, тыныштық» деген мағынаны білдіреді. Хон сөзінің қан сөзіне айналуы бұл тілдердің фонетикалық заңдылықтарынан алшақ жатқан құбылыс емес. Ал сонар сөзі түркі-монғол тілдерінің біразында-ақ жеке-дара қолданыла беретін байырғы сөз. Мысалы, қырғыз тілінде сонор және онымен түбірлес бірнеше туынды сөздер кездеседі: сонор – 1) жаңа жауған жұқа қар; 2) жаңа жауған қардан кейін құс немесе итпен аулау; сонор куу – жабайы аңдардың артына түсу; сонорлаш – аңға бірге шыққан жолдас; сонун – жақсы, ыңғайлы, алғашқы қызық; сонуну тарқады – алғашқы қызығы тарқады; сонун-сорду – қуанышты хабар; сонунда – қызықты іс көрсету. В.Радловтың көрсетуі бойынша, қырғыз тілінде сону – жан адам баспаған қар; ешкім тимеген жер. Якут тілінде сонор // сонун // сонуо //соно – күздегі бірінші жауған қар; ізді байқауға қолайлы жаңа жауған қар; жаңалық; жаңа; сонун – жаңа, сонун қäпсäн – жаңа әңгіме; сонун оғо – жаңа туған бала; сонун тыл – жаңа тіл (Радлов В. Опыт сл., І, 131); монғол тілінде һони (н) + жаңа хабар, қызықты, тамаша; һонинтай – қызықты, мұнда с ~ һ дыбыстары ауысқан; ұйғыр тілінде сону – дәп-дәл; қазақ тлінде соны – тың, жаңа.
Жоғарыда келтірілген сонор // сонур // сону // соны // сонун // һонин сөздерінің түбірі біреу-ақ, ол – сон, ал -ар // -ор //-ур // -у // -ы // -ун // -ин – жалғау-жұрнақ саналады. Сонда сон түбір сөзі «жаңа, тың, алғашқы, бірінші»; «дұрысы, тәуірі, қолайлысы» деген мағыналарды иеленеді. Ал сонар сөзінің қазіргі кезде білдретін «жаңа жауған ұлпа қар» немесе «жаңа жауған ұлпа қардан кейінгі аң аулауға шығатын мезгіл» деген мағыналары, әрине, оның ауыспалы мағыналары. Кейінгі мағынасында сонор сөзі орыс тіліне де ауысқан көрінеді. В.Дальдің сөздігіндегі сонорить (охотиться на лыжах за дикими козами, открывать след, прослеживать, выслеживать зайцев по свежевыпавшему, осеннему снегу) деген етістік формасы сол сонор сөзінің негізінде жасалып отыр. Сонда о баста қан сонар тіркесі «алғашқы қардан кейінгі тым-тырыс уақыт» деген ұғымды білдірген болуы керек (Ә.Қайдар) [10, 117-118].
Жамбы: Енді атқа мінеді, Жамбыға қарай жүреді, «Диюана да келді» деп, Мазақ қып Ұлтан күледі... Атып тастап жамбыны Ұлтанға жетіп келеді. Атайын деп оқталып, Төсіне садақ тіреді (Алпамыс батыр). Түрліше салмақта, формада құйылған сом (кесек) күмістің ертеде ямб деп аталғаны В.Дальдің түсіндірме сөздігінен де, басқа материалдардан да кездестіреміз. Қырғыз тлінде жамбы – қытайда ақша орнына қолданылған, салмағы мен формасы әртүрлі кесек күміс, ұйғырша ямб – қытайдың 52 сәрі (сәрі – 35 грамм) бағасындағы күміс кесегі (Уйг. -кит. -рус луғат). Ал монғол тіліндегі юмбүү (юамбүү) – елу лан бағасындағы күміс, ауыс мағынада ямба «дәреже, право, шен» ұғымын білдіреді. Жамбы сөзі қытайша юань және бао деген екі сөзден құралған. Қытай тілінде юань «монета, ақша», бао «құнды, бағалы қағаз» деген мағынаны білдіреді. Қытайдың юаньбао сөзі монғол тілінде юамбүү // юмбүү деп айтылады, ал бұл сөз ұйғыр тілінде ямбұ // ямбү, қазақ тілінде жамбы түрінде қалыптасқан деуге негіз бар. Жамбы атауы қазақ ортасына монғолдар арқылы немесе саудамен ертерек шұғылданған ұйғыр, өзбектер арқылы тараған болу керек (Б.Бафин) [10, 80].
Абай тілінің сөздігі. Белгілі бір ақын-жазушының тіліне арналған сөздікті арнаулы сөздік деп атайды. Тіл білімі институты 1968 жылы А.Құнанбаев сөздігін (редакциясын басқарған А.Ысқақов) бастырып шығарды. Бұл сөздік қазақ ұлттық әдебиетінің тарихы, әсіресе оның лексикасының тарихы маңызды рухани құрал деп есептеледі. Жеке ақын-жазушылардың шығармаларының сөздігін жасау тәжірибесі бүкіл түркі тілдерінің тарихында болмаған. Бұл сөздіктің жаңалығы мен қиыншылығы осында жатыр. Сөздік ақынның қаламынан туған шығармалар тіліне тән өзіндік ерекшеліктерді Абайдан бұрынғы ақын-жазушылардың тілімен салыстыра отырып, даралап көрсету үшін құнды еңбек ретінде бағаланады. «Абай тілі сөздігі» ақын шығармаларындағы сөздердің анықтағышы болғандықтан, реестрге алынған сөзден кейін оның неше рет қолданылғаны, бір сөздің қанша мағынада қолданылып тұрғандығы, одан кейін өзіндік сөз қолданысы бірінен соң бірі тізіліп, әрбір грамматикалық тұлға қай томда, қай бетінде кездесетіндігі көрсетілген.
Мұқағали тілі сөздігі. Белгілі бір ақын-жазушының тіліне арналған екінші сөздік – Мұқағали тілінің сөздігі. Барлық жеке тұлға сөздіктері сияқты мұнда ақынның бес томдық шығармалар жинағында қанша сөз, қанша фразеологиялық тіркес бар болса, солардың барлығы сөздікте түгел қамтылады. Мұқағали тілі сөздігі – бір сөздік емес, ол екі түрлі сөздік. Бірі – Мұқағали шығармаларындағы сөздер мен тұрақты тіркестердің түсіндірме сөздігі, екіншісі – сол сөздер мен тұрақты тіркестердің және олардың барлық грамматикалық түрлену формаларының сөздігі [9, 7]. Бұл сөздікте Мұқағали шығармаларындағы лексикалық, фразеологиялық және лексика-грамматикалық қолданыстары түгел қамтылып, лексикалық, этимологиялық, грамматикалық түсіндірмелер беріледі. Сөздікті құрастырушылар: Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш.Құрманбайұлы, С.Исакова. Енді осы сөздіктен бір мысал келтірсек:
Адыр /8/ зат. Бір-біріне ұласып, тұтасып жатқан белесті, дөңесті жер. Саған таныс адыр, қырқа, беттегі, Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді. Рақат та іші-сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені. Басталысы қаңтардың, Бас қариды мұз демі. Адырлардан арқардың, Ақ лағын іздеді [МТС, 25].
Соқпақ /42/ зат.1. Адам, мал көп жүріп, әбден тапталған жалғызаяқ жол. Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барғам. Бұл соқпақпен баламды да ұзатып сап мезгілсіз, Бәрісінің жүрген ізін ескерткіш қып ап қалғам. 2. Ауыс. Өмір жолы, алдыңғылар салған з. Сен өмірге басқа жолмен бас қадам, Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам! [11, 793].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет