Қарамық 1. (Қызылорда: Арал, Қарм.). Тікенді, шеңгелді жерде өсетін, дәмі қышқыл, түрі қара, қойдың құмалағындай жемісті өсімдік. Қарамық табанды жерде шығады (Қ.орда, Қарм.). 2. Егін арасына шығатын шөп (Алм., Жам.).
Қарамық 2. (Рес., Орын.) Қызылша ауруының бір түрі. Қарамық бөртіп-бөртіп шығады (Рес.,Орын.). 2. Шешектің бір түрі (Талд., Панф.). [8, 420].
Мәстемір 1. (Орал: Чап, Орда, Жымп.; Қар., Нұра, Гур., Маңғ.) Шымшуыр, қысқаш. Анау оттан мәстемірмен самаурынға от сал (Орал, Орда).
Мәстемір 2. (Орал: Жән., Чап.) Көсеу. Парсының машә «қысқаш» сөзінен шығуы мүмкін (Будагов Л. ІІ, 197).
Мәстемір 3. (МХР). Қақтаған күміс түймешіктерді қысып ұстайтын шағын қысқыш [8, 487].
Терминологиялық сөздік. Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың түрлі саласына қатысты терминдерді қамтып, олардың ғылыми дефинициясын түсіндіреді. Сөздіктің бұл түрі бір тілде түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік ретінде де құрастырылады. Мәселен, 2005 жылы Ғ.Қалиевтің авторлығымен «Тіл білімі терминдерінің түсіндірмелі сөздігі» жарық көрген. Ал қазақ тілінде ғылым мен техниканың түрлі саласы бойынша жарық көрген сөздіктердің барлығы дерлік екі тілді аударма терминологиялық сөздік түрінде жасалған. Мәселен, 1926 жылы шыққан «Орысша‐қазақша әскерлік атаулары» сөздігі, 1927 жылы жарық көрген Н.Қаратышқановтың «Пән сөздері», 1931 жылы шыққан «Атаулар сөздігі», 1936 жылы шыққан «Қазақ тілінің терминдері», 1948, 1950 жылдары шыққан «Терминология сөздігі» ғылым мен техниканың жеке бір саласына ғана арналмаған сөздіктер еді. Бұл сөздіктерде Қазан төңкерісіне дейінгі тілімізге енген термин сөздерді барынша жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделді. Сондай-ақ, Т.Мұсақұловтың «Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (1960), С.Арзымбетовтың «Орысша-қазақша ауыл шаруашылық терминдерінің сөздігі» (1952, 1955) жарық көрді.
Қазіргі уақытта отыз томдық терминологиялық сөздіктер жарық көріп отыр. Бұған лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, физика, астрономия, геология, құқықтану, педагогика, психология, медицина, экономика, философия, спорт, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, теміржол қатынасы, биология, химия, археология, механика, қоғамдық-саяси терминдер т.б. енгізілген.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінен мысал келтірейік: Коннотàция (лат. connotatio, connatо «қосымша мағынаға ие») – тіл бірлігінің эмоциялық, стилистикалық реңі. Кең мағынада коннотация тіл бірлігінің грамматикалық және заттық-ұғымдық мағынасын толықтыратын, оған экспрессивті рең беретін кез келген түрі. Тар мағынада коннотация – тіл бірлігі мағынасының бір бөлігі, сол мағынаның ассоциативті-бейнелік ішкі тұлғасын түсінуден туындайтын қосымша мағына, яғни троп не сөйлеу фигурасына тән мағына. Мысалы: азамат сөзінің «кәмілетке жеткен ер адам» мағынасы денотативтік (негізгі) мағына болса, «адамгершілік қасиеті жоғары, саналы адам» деген мағынасы коннотативтік көтеріңкі мағынасы болып табылады [9, 158].
Этимологиялық сөздік. Бұл сөздіктің міндеті белгілі бір тілдің немесе бір семьяға жататын тілдің жеке сөзінің шығу төркінін анықтау. Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Тілдің даму барысында сөздер түр-тұрпаты мен мән-мағынасы жағынан қандайлық өзгерістерге ұшырағандығы айқындалады. Қазақ тіл білімінде жарық көрген «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» (Алматы, 1966) 333 сөздің түп-төркіні, алғашқы мағынасы түсіндірілген. Енді сөздіктен бірер мысал келтірсек: Алмұрт. Бұл сөз ал және мұрт деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Ал сөзі араб-парсы және кейбір түркі тілдерінде «ашық қызыл» деген мағынада жұмасалады. Парсыша алмұртты моруд дейді. Бұл сөздің алдына ал қосылып алмұрт деген сөз жасалған, мағынасы – «қызғылт морут» Кейбір түркі тілдерінде (азербайжан, татар) бұл сөз армуд күйінде айтылған.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінен мысал келтірсек: