ØАлдын ала ұсынылған бағалау шәкілімен ерекшеленеді.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалаудың маңыздылығы ,ол үш жақты болмақ:
Мұғалімдер үшін маңыздылығы: Әрбір оқушылардың өзгешелігін ескере отырып жеке білім алу траекториясын құру .Оқушымен және оның ата-анасымен тығыз байланыста болу.
Оқушылар үшін:
Берілген бағалау критерийлерін түсіну, қолдану, өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білу.
Ата-аналар үшін:
Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалау.