1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану; 9



бет86/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94
8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;

9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын менгеру мониторингін қолдану;

10. Стандарттарды,оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген.

Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау) өткізіледі.

Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай түрі енеді:

1) ағымдық бағалау;

2) аралық;

3) қорытынды.

Оқушының оқу жетістігін бағалау түрі:

а)келісілген балдық жүйе,

б) портфолио.

1-сынып оқушысының оқу жетістігі бағасыз жүйемен, 2-сыныптан оқу нәтижесін бағалау балдық жүйемен өткізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратынбілім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың» үлгі ережесінде « Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды», -деп жазылған. «2005-2006 оқу жылында 12 жылдық білім беру жағдайында бірінші эксперименттік сыныбына қабылдау мен оқыту бойынша «әдістемелік нұсқауда оқу әрекетін бағалауда 5- балдық бағалау жүйесі, сондай-ақ басқа да бағалау шкаласы қолданылмайды. Бірінші эксперименталды сыныптың мұғалімі оқушыларды «жұлдызша», «қояндар» т.б. белгілерімен бағалауға болмайды. Осы оқу кезеңінде балалар «Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!» деген сияқты т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау керек делінген. Бірақ мұғалімдерге баға қоймай оқыту жағдайында оқушының оқу жетістігін бағалау әдістерін көрсетпеген. Сондықтан жеке тұлғаның өсу деңгейінің динамикасы жасалынбаған. Бағасыз оқыту оқушының өзін -өзі бағалауына, өзінің жіберген қатесін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. 1- сынып оқушысының оқу жетістігін бағасыз жүйемен оқытуды жақтаушылардың «Баланың тұлғасын емес оның еңбегін бағалау керек» және С.Т.Щацкийдің «Баланың тұлғасын емес орындаған жұмысын бағалау керек» т.б. идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырыпоқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауын ұсынамыз: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы көрсеткіші



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет