1. Балалардың зияткерлік жеткіліксіздігі мәселелерінің теориялық негіздері


Зияты зақымдалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру



бет7/22
Дата26.03.2023
өлшемі128,7 Kb.
#76206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
4. Зияты зақымдалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.

Жоспар


  1. Зияты зақымдалған балаларға логопедиялық көмек көрсететін мекемелер жүйесі.

  2. Зияты зақымдалған балаларға арналған ұйымдарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері.

"Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14995 болып тіркелді.


Логопедиялық сабақтарға жазылған әр баланың сөйлеу картасына онымен жүргізілетін сабақтардың жоспары тіркеледі. Ол жоспар сөйлеу тілі қорытындысы негізінде құрылады.
Тексеру қорытындылары бойынша логопедиялық сабақтар өткізілуі керек.
Логопедиялық сабақтарға балаларды тіркеу критериі болып сөйлеу тілі бұзылысының сипаты, оның оқудағы үлгеріміне әсері табылады. Топтар сөйлеу тілі бұзылысының біркелкілік сипаты бойынша топтастырылады.
Логопедтің әрекетінің келесі кезеңі – логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету бойынша жұмыс мектеп бағдарламасы материалында, ақаулықтың құрылымын жас екрекшеліктерін ескеріп жүргізіледі. Логопедиялық сабақтардың түрлері: жеке және топтық сабақтар.
Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, ұзақтылығын көрсететін перспективалық жоспар құрастырады. Логопедиялық сабақтар қажетті оқу - әдістемелік материалымен жабдықталған логопед кабинетінде жүргізіледі.
Логопедтің оқудан тыс жұмысы сөйлеу тілін дамыту шаралары, мектептегі біркелкі сөйлеу тәртібінің қамтамасыз етілуін қадағалауды көздейді.
Логопедтің әрекеті мұғалім, тәрбиеші, мектеп дәрігері, сөйлеу тілі бұзылыстары бар оқушылардың ата –аналарымен тығыз байланыста болуы қажет.

Сұрақтар


  1. Зияты зақымдалған балалар мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет