1. Балалардың зияткерлік жеткіліксіздігі мәселелерінің теориялық негіздері


Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру



бет8/22
Дата26.03.2023
өлшемі128,7 Kb.
#76206
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
5. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығының мазмұны.


2. Зияты зақымдалған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері.


Арнайы балабақшадағы оқу сабақтарының кестесін "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес арнайы бөбекжай әкімшілігі әзірлейді және бекітеді.
Қажет болған жағдайда арнайы балабақшалардың педагогтары ата-аналар (заңды өкілдер) үшін түзету сабақтарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру өткізеді.
Балалардың арнайы балабақшаға жеке кесте бойынша баруы "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес тұрғылықты жері бойынша дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысымен жүзеге асырылады.
Баланы арнайы балабақшаларға жолдау мен ауыстыру ПМПК-ның қорытындысы негізінде және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен, Заңға сәйкес анықталады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет