1. Балалардың зияткерлік жеткіліксіздігі мәселелерінің теориялық негіздері


–параграф. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшалар қызметінің тәртібі



бет9/22
Дата26.03.2023
өлшемі128,7 Kb.
#76206
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
1. Балаларды зияткерлік жеткіліксіздігі м селелеріні теориялы

5–параграф. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшалар қызметінің тәртібі


32. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшаларға әртүрлі генездегі ақыл-ой кемістігі және зияткерлік жеткіліксіздігі бар балалар, сондай-ақ зияткерлік жеткіліксіздігімен қатар жүретін аутистикалық спектрлық бұзылыстары бар балалар қабылданады.
33. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшаларда Санитариялық қағидаларға сәйкес топтар төмендегідей баларлар үшін:
1) ақыл-ой кемістігімен – 12 баладан артық емес;
2) терең ақыл-ой кемістігімен – 10 баладан артық емес толықтыруды құрайды.
34. Арнайы балабақшалардағы балалардың зияткерлік бұзылыстарының ауырлығы мен сипатына байланысты психикалық дамуы тежелген, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін арнайы топтар құрылады.
35. Зерде бұзылыстары бар балаларға түзете-дамыту көмегі № 499 Қаулыға сәйкес жеке түзете-дамыту бағдарламасы негізінде көрсетіледі.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту баланың жетістіктерін талдай отырып, 1-жартыжылдық мерзіміне құрылған жеке бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
36. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың даму бұзылыстарын түзетуді топтық, шағын топтық және жеке түзету сабақтары нысанында олигофренопедагог, мұғалім-логопед жүзеге асырады.
Зияты зақымдалған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері:
1. оқу мен тәрбиелеу процессі талдау мен жинақтаудың ойлау, салыстыру, жалпылау операцияларын дамытуға бағытталған болуы тиіс;
2. логопедиялық жұмыс сөйлеу тілінің барлық компоненттерін түзетуге бағытталған. Әр логопедиялық сабақта сөйлеу тілінің фонетикалық жағымен қатар лексикалық-грамматикалық жағы түзетіледі;
3. барлық анализаторларын жұмылдыру, әртүрлі көрнекіліктерді қолдану;
4. әр баланың жеке басының ерекшеліктерін, жұмысқа деген ынтасын, мотролы дамуының ерекшеліктерін, сөйлеу тілінің бұзылыстарының деңгейін, сөйлеу тілінің сиптоматикасы мен механизмін ескеру;
5. қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
6. сөйлеу әрекетін әртүрлі жағдайаттарда машықтандыруы ;
7. әрекет түрлерін жиі ауыстыру;
8. сөйлеу материалын мен тапсырмаларды шамалау;
9. жұмыс қарқыны баяу болуы;
10. логопедиялық жұмыс ұзақ мерзімге созылады;
11. логопед, ата-аналар, тәрбиешінің өз ара тығыз байланыста жұмыс істеулері;
12. логопедтің медициналық мамандармен тығыз байланыста болуы.

Сұрақтар.


1. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері.
2. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарында жұмысы жайында нормативті құжаттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет