Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру немесе қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады.
Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей есітіп қабылдау, сөйлеу мүшелелерінің қимылдарын көру арқылы кабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/ ішінен шығатын ауа ағынын, көмекей дірілін қолымен сезіну, түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу мүшелерінің жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін.
Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның жеке элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде, тілдің дұрыс формасы мен позициясы игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимылының баяулығы немесе катар басқарылу қиындықтары кейде дайындық жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, арнайы артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр етеді.
Екінші тәсіл кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен, баяу түрде қажетті қалпы, қозғалысы қалыптастырылады.
Сөйлеу органдарының белгілі бір қалпымен немесе қимылымен байланысты кинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.
Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе-механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай келмеуі мүмкін. Мәселең, Қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы бөлігі шпательмен басып қойылады. «Та» буынын ұмытпаған бала оны -тя түрінде, ал шпательмен тілді артқа ақырын жылжытып итерген жагдайда -кя, сосын -ка түрінде айта бастайды.
Үшінші - аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты-еліктеу және аузша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше толық және дәл меңгеруге көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс сигматизмін түзетуді қараңыз/, тілдің ұшын астыңғы тістін артқы жағына түсіріп тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады.
Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тектестігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын - Д дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал - Л дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл-таңдай түбі қатысында айтылатын - Г дыбысын қалыптастыруға негіз болады.
Көптеген жағдайда дыбыс тектестігін екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, - Ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолмен сипатталатын - Р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше - Р дыбысы да Ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы.
Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізгі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек.
Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: логопедке ілесе қарапайым буындар мен сөздерді кайталаудан бастап, дауыстап оқуға, заттарды атауға, суреттердегі бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептеуге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек.
Алайда есте болатын жай - түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және баланың жеке басының ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктерін түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі.
Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. Біріншіден-мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиімсіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара біржақты ықпалының тиуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы - С дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа - у түрінде айтылатын - Л дыбысын түзету тиімсіз. Бұндай жағдайда бір кемшілікті түзету үшін тілдің бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде тіл үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/ мүлде қарама-қарсы қалып пайда болады .
Екіншіден әсіресе, айтылуы алғашқы кезде энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін - Ш мен Р дыбыстармен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы, мидың тыныс алуды басқаратын орталығын уақытша талдыруы мүмкін. Бұндай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруын сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылыуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында, ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, артикуляциялық гимнастика келтірілген программа бойынша жүргізіліп, сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс.
Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегілогопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың бұзылуын түзету барысында Г.С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед өз тәжірибесінде кеңінен қолдануына болады.
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты-оның жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде мыналарды қамтиды:
а/ оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна;
б/ шпательдер мен зонддар, тазалық құралдары;
в/ сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;
г/ тыныс алуы мен дамытуына қажетті ойыншықтар мен альбом құралдары;
д/ дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;
е/ түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото;
ж/ түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті, тілдік материалы бар кітап-құралдар;
з/ әр сыныпқа арналған оқулықтар.
Сөйлеуді көзбен бақылауға /фиброскоп «Двин»/ немесе сөйлеу мүшелеріне механикалық әсер етуге арналган түрлі жаңа приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс.
Нақты дыбыстардың айтылыуы кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын, бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың дауысталуы өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы - антропофоникалық, соңғысы - фонологиялық деп аталады.
Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі - Р дыбысын тамақпен
айту немесе - С дыбысын тіске қысып айту бола алады.
Фонологиялық кемшіліктің мысалы - Ш орнына - С алмастыру /
«ескі» - ешкі/, немесе - Р орнына - Л / «роза» - лоза/, сонымен қатар
фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай
жағдайда бала жеке дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу
кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате
айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады». Бұндай жағдайда
дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыруы қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады.
Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайды ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрынғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, Ш дыбысы С дыбысымен алмастырылады дедік. Енді Ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт С дыбысы бар сөздерде Ш дыбысы қолданылады. Сабын-шабын, қасық-қашық т.б.
Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмкін. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесін бекіте отырып, дифференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек.
Түрлі дыбыстардың айтылу кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемшіліктердің пайда болуына себеп болатын, олардың түзетілуіне кедергі болатын аппараттың шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі.
Бірақ есте болатын жайі, бір жағынан дыбыс айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарғы нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады.
Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында, дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылуы кемшілігін коррекциялауды қиындататын фактор ретінде асыра мән беру кездеседі.
Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалалиялар болғанда
ғана, логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операциямен реттеу, немесе протездеу түріндегі медициналык тәсілдер қолданады. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стоматолог, отоларинголог/ бірлесіп шешеді.