Байланысты: 1. Балаларды зияткерлік жеткіліксіздігі м селелеріні теориялы
Еріннің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге келесі жаттығулар қолданады:
-ерінді түйістіру;
-ерінді О дыбысын айтқандай дөңгелету, біраз ұстап тұру;
-тілді түтікшеге ұқсас ұстап тұру (У дыбысын айтқандай);
-жымию – ерінді күлгендей ұстау.
Төменгі жақтың қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар:
-төменгі ерінді оңға қозғау;
-төменгі ерінді солға қозғау;
-төменгі ерінді алға шығару.
Тілдің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар:
-жалпақ тілді астыңғы ерінге салып ұстап тұру (1-5 дейін санап);
-жалпақ тілді үстіңгі ерінге тигізіп ұстап тұру (1-5 дейін санап);
-жалпақ тіл;
-жіңішке тіл;
-жоғарғы ерінді жалау;
-жоғарғы, төмен ерінді жалау;
-тілдің ұшын жоғарғы тістерге, таңдайға тигізіп ұстау;
-жалпақ - жіңішке тіл жасау (бірнеше рет қайталанады);
Жұмсақ таңдайды тексеру үшін «А» дыбысын екпінді айтқызып, жұмсақ таңдайдың көтеріліп, төмен түсуі анықталады.
Артикуляциялық жаттығуларды орындау барысында логопед қимыл-қозғалыстардың төмендегідей сапасына көңіл бөледі:
-нақтылығы;
-көлемі;
-бір қимылдан екінші қимылға өтуі;
-бір қалыпты ұстап тұруы.
Тіл қимыл-қозғалысының бұзылуы, әсіресе сал ауырумен ауырған немесе әлсізденген, алалиядан зардап шеккен балалар арасында жиі кездеседі. Ондай балаларды тексеру барысында қосымша жаттығулар пайдаланады. Артикуляциялық аппраттың динамикалық қимылын ұйымдастыруын тексеру үшін алдымен көрсетіп, содан соң нұсқау арқылы қимыл кешендерін қайталатады:
-тістену, тілді шығару, сосын ауызды кең ашу;
-тілді бір жаққа бұру, жоғары көтеру, алға шығару;
-ауызды кең ашу, тілдің ұшын төменгі тістерге тигізу, сосын жоғары тістерге тигізу, жоғарғы ерінге қою.
Тексеру барысында жеке сынақтармен қоса функционалдық сынақтар қолданады (Е.М. Мастюкова, 1989).
1 сынақ. Ауызды ашып, тілді алға шығарып, тілді қимылдатпай ұстап тұрған қалпында оңнан солға қимылдаған затты (қарандаш, саусақ) басты бұрмай көзбен қадағалау. Тілді ұстап тұруы бағаланады, синкинезияның байқалуы анықталады.
2 сынақ. Тілді жоғары, төмен қимылдату, бұл кезде тексерушінің қолы баланың мойнында ұсталады. Мойынның бұлшық еттерінің қатаюы бар ма жоқ па, синкинезияның байқалуы анықталады.
Артикуляциялық қимылдың бір қимылдан екінші қимылға өту мүмкіндігін анықтау үшін дыбыс немесе буын қатарынан айтқызуға болады.
Мысалы, А-ИУ; У-И-А; КА-ПА-ТА; ЛАР-РАЛ; ТА-ТУ. Қосымша жаттығулар мен сынақтар дизартрияның көмескі түрін анықтау мақсатымен қолданылады.
Егер балада бір қимылдан екінші қимылға көшкенде қиындық туындаса, ол оральдік праксисының бұзылуын көрсетеді. Кей жағдайда бала қимылдарды айнасыз қайталай алмайды, логопед тілдің, еріннің, беттің қай (нуктесіне) жеріне қол тигізгенін сезінбейді. Мұндай жағдайлар көбінесе дизартриямен зақымдалған балаларда кездеседі. Ондай балалардың міндетті түрде ерін, тіл, жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің тонусын бақылап, талдау қажет (тілдің қалпы, тремор, гиперкинез, тілдің конфигурациясы, әлсіздігі, жұмсақ таңдайдың салбырауына көңіл бөледі).
Сонымен қатар мимикалық бұлшық еттердің қалпын тексеру қажет:
Маңдай бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру:
қасты көтеру, қабақ түю, маңдайды жиыру.
Көздің қимылын тексеру:
көзді қатты, жеңіл жұму, оң көзді, сосын сол көзді жұму, көзді қысу.
Мойынның бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру:
Дыбыс айтуды тексеру Дыбыс айтудың кемістіктері әр түрлі тіл бұзылыстарында жиі кездеседі, сондықтан артикуляциялық аппаратты, дыбыс айтуын, фонематикалық түсінігін тексеру барысында алынған деректерді салыстырып, талдау бұзылыстың себептері мен түзету жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауда маңызы зор.
Дыбыс айтуды тексеру екі бағыттан тұрады, оның бірі артикуляциялық – дыбыстың пайда болу ерекшелігін анықтау және дыбысты айту кезіндегі артикуляция мүшелерінің қимылдары. Екіншісі – фонологиялық - тіл дыбыстар (фонема) жүйесін әр түрлі фонетикалық жағдайда ажырату. Бұл екі аспект бір бірімен тығыз байланысты.
Логопедиялық арнайы әдебиеттерде дыбыс айту бұзылыстарын 4 түрге бөледі:
дыбысты мүлдем айтпау;
дыбысты бұзып айту;
дыбысты тұрақты алмастыру;
дыбысты шатастыру.
Дыбыс айтуды тексерудің негізгі мақсаты – фонеманың бұзылу түрін, бейімдейтін себептерін анықтау болып табылады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды тексеру фонетикалық топтар бойынша жүргізіледі.
Дыбыстарды былай топтастыруға болады:
дауысты дыбыстар: а, ә, о, у, э, и, ы, і, ұ, ү, ө
дауыссыз дыбыстар:
а) ысқырық, ызың, аффрикаттар: с, з, ц, ш, ж, ч, щ, т.б.;
б) үнді дыбыстар: р, л, й;
в) қатаң және ұяң дыбыстар: п-б, т-д, к-г, қ-ғ, ф-в, с-з, ш-ж және жіңішке айтылулары.
Жіңішке дауыссыз дыбыстардың айтылуы жуан дауыссыздардың айтылуынан кейін анықталады.
- Дыбыс айтуын тексеру мынандай кезектілікпен жүргізіледі:
дыбысты жеке тұрған күйінде айтқызу;
буында айтқызу (ашық, жабық буында, ортасында);
сөзде айтқызу (дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында болу керек);
сөйлемде айтқызу.
Тексеруге арналған сөздер фонетикалык және дидактикалық негізде баланың жас ерекшелігін ескере отырып сұрыпталады.
Сөздің буындық құрылысын тексеру Тексеру барысында сөздің буындық құрамын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Сөздің буындық құрамының бұзылуының төмендегідей түрлері кездеседі:
- буын санының қысқарылуы (бапан-балапан);
- буындарды жеңілдету (үтель-үстел);
- буын қосу (қарағаш –қарағағаш);
- буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал);
- буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ).
Кейбір балалардың сөздің буындық құрылысының бұзылатындығы байқалады. Бұндай балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен буындарының орындарын ауыстырып шатастырады немесе мүлдем айтпай түсіріп қалдырады немесе керісінше артық дыбыстарды және буындарды қосып алады. Мысалы, “ескек” сөзін “екесек” деп, “кітап” - “каптап”, “бұтақ” - “бақ” деп өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың және дыбыстардың шатасып, сөздің буындық құрылысының бұзылғандығын көрсетеді. Бұндай жағдайлар әсіресе үндестігі жағынан ұқсас дыбыстардың қатар келуінің салдарынан немесе қос сөзден құрылған күрделі тіркестердің қиындығынан жиі болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін тексерген кезде берілетін тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос сөзді қиын тіркестердің, сөздің басында, ортасында, соңында дауыссыз дыбыстардың қатар келіп айтылуын қиындататын құрылысы әр түрлі буындардан тұратын сөздерден іріктей білу қажет. Бала алдымен бейнелі суреттегі көрсетілген оқиға желісін өз сөзімен өз бетінше айтып береді, сосын айтқан сөзін қайталайды. Балаға берілген бейнелі суретте тексеруге пайдаланатын сөздер көптеп кездесетін болу керек. Мысалы, кітап, дәптер, ескек, милиционер, шар, бұтақ, бала, тарақ, жапалақ, теңіз, терезе, бүлдірген, қарлығаштар, т.б.
Дыбыстардың дұрыс айпауын, бұрмаланған сөздерді жазып алады. Құрылысы бұзылған сөздер мен буындардың түзетілуі жеке дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтарға қарағанда біраз қиындыққа түседі және әжептеуір ұзаққа созылады. Балада бұндай ақаулықтардың жиі болуы оның жалпы сөйлеу тілінің толық дамымағандығын көрсетеді.