5-параграф. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар қызметінің тәртібі
25. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарға :
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар;
2) үш жастан кейін пайда болған инфекциялық, улы, травматикалық және басқа да аурулармен шартталған зерде жеткіліксіздігі (жеңіл ақыл-ойы кемістігіне теңелген);
3) эпилептикалық, шизофрениялық ақыл-ой әлсіздігімен, жеңіл ақыл-ой кемістігі барге теңелетін зерде жеткіліксіздігі бар аутистикалық спектрлық бұзылулар;
4) орташа ақыл-ой кемістігі бар және оған теңелген әр түрлі генездегі зерде жеткіліксіздігі бар балалар қабылданады.
26. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептерде Санитариялық қағидаларға сәйкес:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 10 баладан артық емес;
2) қлалыпты ақыл-ой кемістігі бар 6 баладан артық емес толықтыруды құрайды.
27. Арнайы мектептің мектепалды даярлық сыныбына оқуға даярлығы жеткіліксіз деңгейдегі балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа жетіден тоғыз жасқа дейінгі балалар қабылданады.
Материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жағдайлар болған кезде арнайы мектеп-интернаттарда (арнайы сынып ашқан жалпы білім беретін мектептерде) тереңдетілген еңбек даярлығы бар оқу-өндіріс кабинеттері ұйымдастырылады.
28. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқуы білім алушының жетістіктерінің талдауын ескере отырып, жартыжылдыққа құрылған жеке бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы мектеп-интернаттарда педагогикалық кеңес шешімі бойынша жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар балалар бірігіп оқытылады.
29. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда екінші жылға (қайта оқыту) қалдырылмайды.
Зияты зақымдалған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері:
1. оқу мен тәрбиелеу процессі талдау мен жинақтаудың ойлау, салыстыру, жалпылау операцияларын дамытуға бағытталған болуы тиіс. Дыбыс айтуын түзетуде фонетикалық ұқсас дыбыстарды ажыратуға көп көңіл болу қажет. Екі дыбыстың артикуляциясын, дыбысталуын салыстыру, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Дыбыстарды ажырату процессінде сөздің дыбыстық құрамын талдау, сөз ішінде дыбыстың орнын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс.
2. логопедиялық жұмыс сөйлеу тілінің барлық компоненттерін түзетуге бағытталған. Әр логопедиялық сабақта сөйлеу тілінің фонетикалық жағымен қатар лексикалық-грамматикалық жағы түзетіледі;
3. логопедиялық жұмыс процессінде ойлау әрекетінің кезеңмен қалыптасу қағидасына негізделуі (П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин және т.б.). өте маңызды. Сөйлеу тілі әрекеті келесі кезеңдер бойынша қалыптастырылу керек:
1. көмекші құралдарға сүйене отырып әрекетті материализациялау. Дыбыстарды ажыратуын дамыту бойынша жұмыста суреттер, сөздің грамматикалық үлгілерін қолдануды көздейді;
2. сөйлеу жоспары бойынша әрекет ету. Бұл кезеңде бала сөзді айтып, соның есту және кинетикалық образының негізінде, көмекші құралдарсыз, сөздегі дыбыстардың бар жоғын анықтайды;
3. әрекетті ішкі жоспар бойынша орындау. Бұл кезеңде бала дыбыстарды материалды және тілдік негізсіз, түсінік арқылы ажыратады;
4. ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыста бір кезеңнен екінші кезеңге бірте-бірте, жүйелі түрде ауысу керек. Бұл балалардың ойлау ызметінің ерекшеліктеріне байланысты;
5. логопедиялық жұмыс ұзақ мерзімге созылады;
6. логопед, ата-аналар, тәрбиешінің өз ара тығыз байланыста жұмыс істеулері;
7. логопедтің медициналық мамандармен тығыз байланысты жұмыс істеу тиіс;
8. арнайы мектеп логопеді ұзақ мерзімді құру барысында логопедиялық білімді насихаттау бойынша мектептің педагогикалық ұжымымен жұмысына аса назар аударуы керек.
Сұрақтар.
1. Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) мектепте логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері.
2. Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) мектептегі жұмысы жайында нормативті құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |