«Тұлғаның стрескетұрақтылығы» ұғымы адамның стрестік әсерлерге «қарсы тұру шамасын» белгілеу үшін қолданылады. Бұл қабілеттілік индивидте жұмылдыру кезеңі қаншалықты күшіне берілгеніне байланысты. Адам созылмалы стрестік жағдайлардың уақытша қысымына, оның стреске тұрақтылығының жеке шегін сипаттайтын резистенттілікті (тұрақтылықты) қаншалықты ұзаққа сақтай алатыны бойынша айырмаланатын үш негізгі тұлға типтері атап көрсетіледі. Бұл жетекші стреске бейімделеді, екіншілері тіпті қысқа стрестік әсерлері кезінде жаңылады, ал үшіншілері тек стресс жағдайларында ғана тиімді жұмыс істей алады. Оларды тиісінше «өгіз стресі», «қоян стресі», «арыстан стресі» ретінде белгілейді. Жетекші іс-әрекетінде ұзақ мерзімді стреске төзімділік тұлғаның интернальділік-экстернальділік параметрлеріне тәуелді болады. треске тұрақтылықтың екінші қажетті шарты тұлғаның жалпы мотивтік бағытталуы, оның үстем бағдарлануы (тұлғалық-карьерлік – стреске тұрақтылықты төмендетеді, ал әлеуметтік-кәсібилікті арттырады).
Стресс жағдайындағы мінез-құлықтың екі формасы болады: қорқынышты бақылау және қауіптілікті бақылау. Бірінші жағдайда жеке өзін қауіпсіздендіру тәсілдері қарастырылады, сондықтан жағдайға бақылау жоғалады және іс-әрекетті ұйымдастырудың конструктивтік ұмтылыстары тоқтайды. Екінші оқиғада жағдайға бақылау ұзағырақ сақталады, мінездің бұл типі едәуір тиімдірек, ал жетекші үшін жалғыз ғана қонымды болып табылады. Стрестік жағдайдан шығу тәсілдерін белсенді және енжар деп бөледі. Біріншісі іс-әрекетті жұмылдыру кезеңінің ағымын көрсете отырып, ұйымдастырудағы конструктивтік іс-әрекеттердің интенсификациясы ретінде немесе «сыртқы қауырт әсерлер» типі бойынша тұрғызылады. Енжар тәсіл адамның кернелуді баса және стресті ішке ала отырып, жағдайға мойынсұнуынан байқалады. Бұл – тежелу әсері. Ол кейде пайдалы, өйткені ойланбаған импульсивтік іс-әрекетті болдырмауға көмектеседі, бірақ қайталана берсе, кернелудің аккумуляциясына соқтырады.
10. Басқару психологиясы бойынша ғалымдар еңбектеріндегі анықтамаларға сипаттама беріңіз