8. Қарым-қатынас процесі барысындағы ішкі «Мен» бейнесінің қалыптасуын талдаңыз.
Қарым-қатынас[– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.
– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.
Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті - әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.
Қарым қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.
Қарым-қатынаста бірінің әрекеті екіншісінің әрекетіне бейімделуіне қол жететін кемінде екі адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы - әлеуметтік әрекеттестік болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі, ішкі меннің қалыптасу мен даму барысы.
Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі.Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, дүниетанымын,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады.
Тұлғааралық қарым-қатынастың пəн саласын анықтауға «қарым-қатынас» сөзінің семантикасы көмектеседі. Зерттеулер (Бессонова, Доценко, 1999) көрсеткендей, тұрмыстық санада бұл сөзбен мағыналардың үш тобы байланыстырылады:
бірлесу, ортақтық, біртұтастық құру («жақсы орта, достар»);
хабарламалар жіберу, ақпарат алмасу («сөйлесу, əңгімелесу»);
қарсы ала іс-əрекет жасау, жиі құпия немесе интимді сипатқа ие өзара үйлесу («бірінбірі терең түсіну»).
Екі адам бірін-бірі оң қабылдап, үшінші біреуге (тұлғаға немесе объектіге) деген өз қатынастарын орнатса, оларда осы үшінші адамға қатысты ұқсас бағдарларды дамыту бағыты пайда болады [3].
Қарым-қатынас болмаса біз қазір қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік. Қарым-қатынассыз біз, əжеміздің ертегісін тыңдай алмас едік, əкемізбен ұшатын қағаз жылан жасап, анамызбен демалысқа барып, достарымызбен серуенге шыға алмайтын, мұғалімнің түсіндіргенін түсіне алмас едік жəне т.б. Сондықтан өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге асатындығын көреміз. Олай болса, мына бір белгілі сөзді былайша түрлендіруге болады: «Кіммен араласатындығыңды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып беремін».
Əр адам өзінің негізгі ерешеліктерін жеке қарым-қатынас тəжірибесі арқылы, отбасындағы, мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы қалыптастырады. Мұны қазақстандық психолог Х.Т. Шерьязданованың еңбегінде қарым-қатынас – баланың қалыпты психикалық дамуының маңызды факторы жəне ажырамайтын шарты ретінде қаралады. Ол қоршаған адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі бастапқы мəні бар маңызды табыстылық ретінде зерттеп, қарымқатынасты іс-əрекет ретінде түсінудің негізгі ережесін ұсынады:
1. Қарым-қатынас іс-əрекетінің заты немесе объектісі бірлескен іс-əрекеттегі серіктес жəне қарым-қатынас потенциалының субъекті ретіндегі басқа адам.
2. Қарым-қатынас əрбір іс-əрекет сияқты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Қарым-қатынастағы қажеттілік басқа адамды бағалауға талпынудан тұрады, ол өзінің тұлғасын жəне өзін бағалауға, сол адамның бағасынан өзін анықтауға, қарымқатынас мотиві басқа адам немесе, дəлірек, адамның сол қасиеттері туралы түсінігі үшін баланың үлкендермен өзара əрекетке түсуі болып табылады [4].
Сонымен, қарым-қатынас – бірлескен ісəрекетте қалыптасатын негізі құрылым, мəдениет сапасын анықтайтын қоғамдық тарихи дамудың жемісі. Ал қарым-қатынас процесінде адамның ұжымдағы əрекет бірлігі қамтамасыз етіледі, мінез-құлықтың қалыптасуы жəне тұрақталуы, тұлғалардың өзара бірін-бірі қабылдауы, еңбек пен таным субъектісі іс-əрекетінде сенім тудыратындықтан, адамның қасиеттері қалыптасады, эмоциялық күйлерін реттеу қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |