О.Г. Бугрованың «Басқару психологиясы» (2008) электронды оқулығында басқару психологиясының негізгі тұжырымдамалары, оны қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ қазіргі даму сатысындағы өзекті мәселелер қарастырылады [19]. Т.С. Кабаченко «Басқару психологиясы» (2008) электронды оқулығында басқару психологиясының негізгі тұжырымдамалары, оны қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ қазіргі даму сатысындағы өзекті мәселелер қарастырылады [20]. Басқару психологиясының теориялық және практикалық мәселелері баяндалған. Басқару өзінің жеке заңдылықтары бар іс-әрекеттің ерекше саласы ретінде, сонымен қатар қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын адами тәжірибенің кең саласы ретінде қарастырылған. Бұл туралы Л.Н. Захарованың «Басқару психологиясы» (2012) еңбегі қарастырылған [21]. Басқарудың психологиялық қолдауын қамтамасыз ететін менеджердің және психологтың кәсіби қалыптасуының рефлексиялық әрекеттік моделі ұсынылған. Психологиялық басқару әдістерін пайдалану арқылы ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мүмкіндіктері көрсетілген. Менеджердің кәсібилілігінің психологиялық компоненттері қарастырылған. Ұйымның кәсіби іс-әрекетін және қызметін психологиялық жобалау қағидалары мен алгоритмі анықталған. Сұрақтар мен тапсырмалар, нақты жағдайлар, диагностикалық материалдар және әдістемелік нұсқаулар берілген. Д. Райгородскийдің «Жетекшілік психологиясы» мен «Кәсіпкерлік психологиясы» еңбектерінде көшбасшылық психология мәселелері және еңбек процесінде көшбасшылық, стилі мен тиімділігі, түрлері, тұжырымдамалары, көшбасшылық теориясы мен тәжірибесі қарастырылады [22, 23, 24]. А.П. Двинин, И.А. Романченко (2013) «Психодиагностика. Білім беру және кадрлық менеджмент» диагностикалық оқуқұралы кәсіби қызметте психодиагностикалық құралдарды білікті пайдалануға мүдделі оқырмандарға арналған [25]. Жарияланымда ғылыми және қолданбалы ғылыми жұмыстар (дипломдар, диссертациялар) орындау үшін, сондай-ақ персоналмен жұмыс істеуде кәсіби білімді тереңдету үшін қажетті диагностикалық әдістемелер берілген. Соңғы онжылдықта басқару психологиясы бойынша «Жетекшілік психологиясы», «Кәсіпкерлік психологиясы» (Д. Райгородский (2007) [22, 23, 24], «Басқарушылық психологиясы» (Г.И. Колесникова, С.А. Сущенко, А.Т. Латышева, С.И. Самыгин, 2016) «Психодиагностика: білім және кадрлық менеджмент» (Двинина, Романченко (2015) [25], «Конфликтология» (А.Я. Гуськов, С.В. Алексеев, И.Е. Говядкин, 2013) жарияланымдарды атап көрсетуге болады [27].
Достарыңызбен бөлісу: |