1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Басқарудағы сандық әдістер мектебі (1950 – осы кезге дейін)



бет8/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

Басқарудағы сандық әдістер мектебі (1950 – осы кезге дейін). Бұл мектептің сіңірген еңбек негізгі операцияларды зерттеу әдістемесінен тұрады. Бұл әдістің дамуына компьютерлік технология дамуы түрткі болды. Өз принциптерін жасауда математикалық, статистикалық мәліметтерді қолдады. Негізгі есімі: Фрейдрих Гейлор. Бұл мектептің жұмыстарының нәтижесі де басқару моделі жасалды. Осы моделді қолдану нәтижесінде күрделі басқару мәселесі терең зерттелді. Конфликт жағдайда ұйымдағы кризистік кезеңдерде шешім қабылданған басшыларға көмек ретінде сандық әдістерді басқару моделін қолданды.
Жалпы 4 мектептің басқару формасына қосқан үлесі:
Ғылыми басқару мектебі – 1.міндеттерді орындауда тиімді тәсілді анықтау үшін ғылыми талдауды қолданды.2.міндетті орындауға сай келетін жұмысшыларды таңдау ж/е оларды оқытумен қамтамасыз ету.3.еңбек өнімділігін көтеру үшін материалды жүйешлі қолдану принциптерін анықтады.4.жұмысты жоспар бойынша орындау тәсілі.
Б.к мектебі – басқару принциптерін ж/е функцияларын жасады.
А.қ. мектебі – еңбек өнімділігі мне қанағаттану деңгейін көтеру үшін тұлға аралық қатынастарда басқару тәсілін қолдады.
Б.с.т. мектебі – дайын модельдер ұсынған.
Еңбектің бөлінуі басқарудың түрлі деңгейлерінің қалыптасуына әкеледі. Ұйымдарды басқару деңгейлердің санына, мақсатына, міндетіне, көлеміне, сыртқы және ішкі факторларға байланысты. Ұйымның көлеміне байланысты оның деңгейлерінің саны анықталады. Барлық басқару деңгейлерін ұйымның ішінде үш категорияға бөледі.
1.институтционалдық деңгей
2.басқару деңгейі
3.техникалық деңгей
Институтционалдық деңгейде қызмет істейтін адамдар саны басқа деңгейлерге қарағанда ең азы. Ондай деңгейдегі қызметтер: президент, вице-президент, компания директорлары, Кеңесінің басшысы. Мемлекеттік қызметте -министрлер, армияда-генералдар.Осы күрделі жүйенің әрбір деңгейінің басқарушылары, өзіндік арнайы функцияларды орындайды. Басқарушыларды әдетте үш категорияға бөледі.
Төменгі бөлімшенің басқарушысы. Басқарудың осы деңгейі тікелей жұмыстың нақты орындаушыларының үстінде болады. Ұйымдардағы басқарушылардың басым бөлігі –бұл төменгі деңгейінің басқарушылары. Осындай басқарушылардың жұмысы қызу және түрлі әрекеттерге толы. Ол оперативтілікпен сипатталады –бір міндет екіншісіне жиі ауысып отырады. Шешімді қабылдау уақыты және оның жүзеге асырылуы да аса ұзақ болмайды. Төменгі деңгей басқарушылары жұмыс уақытының жартысын қызметкерлермен тікелей қарым –қатынаста өткізеді. Уақыттың басым бөлігі өз бағынушылармен қарым –қатынасына кетеді, басқа төменгі деңгейдегі басқарушылармен қарым –қатынасына аз уақыт кетеді, одан аз уақыт өз бастықтарымен қарым –қатынасына кетеді. Орта бөлімшесінің басқарушылары төменгі бөлімшелердің жұмысын реттейді және бақылайды.
Орта бөлімшенің жұмыс сипаты түрлі ұйымдарда біраз өзгеріп тұрады, бірақ осы басқарушылар негізінен шешімдерді қабылдау процесіне қатысады: мәселелерді анықтайды, талқылайды, төменгі басқарушыларға ұсыныстар береді. Зерттеулердің нәтежесі бойынша орта бөлімшелердің басқарушылары жұмыс уақыттарының ¾ бөлігін қызметтік ақпаратты қайта жасаумен айналысып, жалғыздықта өткізеді. Жұмыс уақытың қалған бөлігі басқа орта және төменгі бөлімшелердің басқарушылармен қарым –қатынасына кетеді.
Жоғары басқару деңгейі–бұл жоғары бөлімнің басқарушылары. Олар ұйым үшін маңызды шешімдердің қабылдануына жауап береді. Осы басқарушылардың жұмысы жүйке –психологиялық қысыммен, билік екпінімен, көлемінің үлкендігімен және аса жауапкершіліктігімен сипатталады. Күрделі әлеуметтік ұйымдарда жоғары бөлімшелердің басқарушылары барлық жерде де өте жоғары бағаланады.Ұйымның барлық басқарушылық деңгейлері бір тұтас жүйе ретінде жұмыс жүргізеді. Әрбір деңгейдің жұмысының табысты болуы басқарушылардың жұмысының табысты болуына әсер етеді. Менеджмент түсінігінің негізі-басқару ісінде көп көңіл аударылатын ағылшын етістігі «to manage». Ол біздің тілімізге аударғанда «басқару» дегенді білдіреді. Менеджер-басқару қызметін жүзеге асыратын субъект. Менеджменттегі басты практикалық принцип-басқарушы өнім өндірмейді, өнім өндіруші басқармайды. «Менеджер» сөзі шетел тәжірибесіне бұрынанан енген. Оған туыстас сөз «менеджмент». Ағылшын сөздігінде «менеджмент» «басқару, басшы, дирекция, әкімшілік» деген сөздерді білдіреді. Арнайы менеджмент туралы шетелдік материалдарда «менеджмент» басқа адамдардың көмегімен ұйымның алға қойған мақсатына жету процесі деп түсіндіріледі және мақсат түсінігі-жаңа тауарды жасаудан бастап идеяға дейін бәрі кіретін тұтас спектр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет