1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипатын талдаңыз



бет17/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

14. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипатын талдаңыз
Ұйымға бейімделу дегеніміз-қызметкер мен ұйым ұжымының өзара бейімделуі, оның нәтижесі қызметкердің жаңа жұмыс орнында да, ол қосылған ұйымның да тиімді жұмыс істеуі болып табылады. Қызметкер үшін бұл ол үшін салыстырмалы түрде жаңа әлеуметтік-кәсіби және ұйымдастырушылықэкономикалық жағдайларда өмір сүруді, ұйым алдында тұрған міндеттерді шеше алатын маман ретінде кәсіпорын құрылымында өз орнын табуды білдіреді.
Алайда, жаңа қызметкер жұмыс істейтін команда да бейімделу процесін бастан өткеретіні жиі бағаланбайды. Сонды қтан жа ңа қызметкерлерді ұйымдағы жұмысқа бейімдеу процесінде осы процестің барлық аспектілерін ескеру өте маңызды.
Әртүрлі жастағы топтар өкілдеріне дау-дамайдың ерекше себептері тән. Мысалы, өзінің еңбек жолын енді бастаған бозбалалар мен қыздар үшін еңбек ұжымында бейімделу, әріптестерімен өзара қарым-қатынас жасау мәселесі өткір болады. Ұжымда жұмыс істеген тәжірибесі жоқ жас маман ұжым дәстүрлерін, оның моральдық нормаларын білмегендіктен, ұжым талаптарын, басшылық стилін қабылдамағандықтан, дау-дамайға түсуі мүмкін. Бейімделу кезеңінде қызметкерлер өндіріс талаптарын сақтамағандықтан, яғни өзінің жеке мүдделерін ортақ іс пен ұжымның мүдделеріне бағындыра алмағандықтан даудамай қатысушылары болады. Бірақ, содан кейін жаңа проблемалар да туындап жатады. Мысалы, некеге жаңа тұрған ұжымның жас мүшелерінің алдында тұрғын үй, айлық жалақы, жұмыс ауысымы сияқты мәселелер өткір болады. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыра алмау, келешектің болмауы дау-дамай көзі болуы мүмкін.
Жалпы алғанда, кәсіпке бейімделу ұжымға бейімделу, жұмыс режиміне, міндеттеріне, ерекшеліктеріне төселу болатын көлемді процесс ретінде, одан сол кезде талап, тілектер мен нормалардың табысты іс-әрекетін қамтамасыз ететін процес ретінде қарастырылады. Толық бейімделген адам сол орта ерекшеліктерін қабылдайтын адам болып табылады. Ғалымдардың кейбірі кәсіпке бейімделуді өзара байланыс және қатынастардың дамуы ретінде қарайды.
Кәсіби анықталу процесінде кәсіби маман ретінде ішкі позициясының қалыптасуының бірнеше кезеңдерін бөлуге болады:
1) Позицияның қалыптасуының алғашқы кезеңі маманның болашақ кәсіби іс-әрекетіне деген жалпы жағымды эмоциялық қатынасымен сипатталады. С.Л. Рубинштейннің “қалаймын” “істей аламын” “жасау қажет” түсініктерінің арақатынасы туралы идеясына сүйене отырып айтатын болсақ, бұл кезеңде бірінші “қалаймын” компоненті өте айқын көрінеді, яғни мамандықты меңгеруге деген тілек жақсы дамыған, бірақ оның өзіндік қабілеттері мен қажеттіліктері енжар дамыған. Ал үшінші компонент соңғы кезеңге тән жастардың қоғамдық қажеттіліктерді кейінгі орынға қоюымен шарттасады.
2) Келесі кезеңде “істей аламын” кезінде ішкі позицияның дамуы өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін саналау, өз іс-әрекеттерінің мазмұнды моменттеріне деген бағдар қалыптасу кезінде көрінеді.
Бұл “жасау қажет” кезеңінде өз кәсіби іс-әрекеті, өз қабілеттері жайлы барабар көзқарастар қалыптасады.
Бұл айтылған кезеңдер кәсіп иесінің ішкі позиция типтерімен сәйкес келеді деп айтуға болады [1].
Осы негізде, Т.А. Кухарева тұлғаны негізгі анықтайтын сипат белсенді позиция келесі жүйелерден тұрады деп көрсетеді: бағдарлар - субъект іс-әрекетінде жүзеге асады, әлеуметтік-психологиялық бейімделу тиімділігін анықтайды, барлық іс-әрекетте болады және әлеуметтік статус, кәсіби анықталу, тұлғалық сапа категорияларын қамтиды [2].
Н.А. Свиридов кез-келген жүйеде оның қызмет етуіне баса мән берілуі керектігін айтады. Әлеуметтік аспектілерде бейімделу қоғам дамуын қамтамасыз ететін тәсілдермен және құралдармен сипатталады. Әлеуметтік бейімделу заңды, қажетті қоғамдық құбылыс ретінде тұлға қалыптасуындағы жеке сипатқа ие феномен болып табылады [3].
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпке бейімделудің экологиялық, биологиялық, физиологиялық, операционалдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік және психологиялық аспектілері айтылады. Бұны, белгілі бір тәртіпке қою үшін Б.Г. Ананьев жұмысына назар аударамыз. Оның еңбегінде адам еңбек субьектісі ретінде тұлға мен индивидтің қасиеттерінің қорытпасы түрінде қарастырылады. Бұл кезде кәсіби бейімделу - индивидтің кәсіби ортадағы физикалық жағдайларға бейімделу бірлігі психофизиологиялық аспект деп аталынса, кәсіби міндеттерге, орындалатын операцияларға, кәсіби ақпараттарға бейімделу кәсіби деп аталатын екінші аспект ретінде, кәсіби ортаның әлеуметтік компоненттеріне бейімделу - әлеуметтік-психологиялық деп аталатын үшінші аспект ретінде түсініледі [4].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет