Байланысты: Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)
12. Басшының жеке ерекшелігі және ұйымдастыра алу қабілетін дәлелдеңіз Көшбасшы адамдарды бір мақсаттың төңірегінде біріктіріп, үлкен жетістіктерге жетуге итермелейді. Мұндай адамның мінезі мықты болады. Ол өмір қиындықтарынан қорықпайды және соңынан ерген адамдардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Қазіргі қоғам бұл адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өйткені, ең маңызды шешімдерді солар қабылдайды. Көшбасшылық – бұл адамның ішкі күшінің, өзіне деген сенімділігінің көрінісі.
Менің ойымша көшбасшы болу үшін мынадай қасиеттер қажет: ынта, тіл тапқыштық, ұйымдастырушылық және талапкерлік. Жақсы көшбасшы – бұл жан-жақты дамыған тұлға. Ол бос уақытын өзін-өзі жетілдіруге жұмсайды. Көпшілік алдында жақсы сөйлей біледі. Өз күшіне деген сенімділікті жоғалтпайды, эмоцияға берілмейді және төтенше жағдайларда тез шешім қабылдауды біледі. Топ болып жұмыс істеу өте қиын, ал оны басқару одан да ауыр. Себебі, көшбасшы әр топ мүшесінің тілін тауып, оларға үнемі қолдау көрсетуі қажет. Басқалардың пікірі өзінікіне ұқсамаса да, оларды тыңдай білуі керек.
Ғылыми менеджменттің классигі Ф.У. Тэйлордың пікірінше, мастерлердің «ақыл, білім, арнайы немесе техникалық мағлұмат, тәсілқойлық немесе күш, әдептілік, энергия, батылдық, адалдық, парасатты және дұрыс ойлау, мықты денсаулық» сияқты сапалары болуы керек.
Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі кәсіпорындарының басқарушыларына мына төмендегідей қасиеттер тән болуға тиіс:
а) денсаулық пен дене төзімділігі;
ә) ақыл және ақыл-ойының жұмыс қабілеттілігі;
б) өнегелі сапалар: қатаң, қажырлы, саналы жігер, белсенділік, қуат және, белгілі жағдайда, ерлік, жауапкершіліктен қорықпау, міндетті түсіну, барлық мүддеге қамқорлық;
в) жалпы түсінік шеңберінің кендігі;
г) әкімшілік қабілеттілік, іс-қимыл бағдарламасына көрегендік білдіру және оны жетілдіру қабілеті, ұйымдастырушылық сапасы, әсіресе әлеуметтік орта жасай білу мүмкіншілігі, бұйрық бере білу, адамдарды басқару өнері, олардың әрекетін үйлестіру және бақылау;
д) өте маңызды, қатысы бар барлық функциялармен таныс болу;
е) осы кәсіпорынға тән мамандықты жете білу.
Ірі кәсіпорындар табиғаты қандай болса да, басшыларына міндетті түрде қажетті сапа мен біліктіліктің жеті тобының алтауы біркелкі элементтерден құралады, тек жетінші топ әртүрлі кәсіпорындар үшін түрлі арнаулы жағдайды қажет етеді.