1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Стрессті және қайшылықтардың алдын алудың шешімін табыңыз



бет68/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

69. Стрессті және қайшылықтардың алдын алудың шешімін табыңыз
«Стресс» (ағылш. stress – қысым, кернеу) ұғымы әртүрлі экстремалдық әсерлерге – стрессорларға жауап ретінде туындайтын жоғары кернеу күйлерінің кең ауқымын білдіреді. Басқару іс-әрекетіндегі стрессорлар саны өте үлкен, олар өз мазмұны бойынша өзінше ерекше.
Стрестік күйлер іс-әрекетке тұтастай және оның жекелеген процестеріне біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш кезеңі бар:
1. Жұмылдыру кезеңі. Стресс дамуының бастапқы кезеңдерінде жалпы эмоционалдық кернелу әлі максимумға жетпейді.
Сондықтан психикалық процестерге және іс-әрекеттің жалпы ұйымдастырылуына стеникалық әсер көрсетеді. Бұл кезеңді «өнімдістресс» немесе «эвстресс» (эвристикалық стресс) ұғымымен белгілейді. Оны психика мен ағзаның сыртқы жағдайының күрделенуіне әсері ретінде қарастырады.
2. Ренжу кезеңі. Стрестік әсерлердің (адамның психикалық және физиологиялық ұйымдасуына объективті түрде тән шектелулерге байланысты) қарқындылығына қарсыласудың әлдебір шегі бар. Бар мүмкіндікті жұмылдыру осы шекке жеткенге дейін жүреді. Содан кейін психика «беріле» бастайды. Когнитивтік салада өзгерістер бірінші кезекте жүреді. Жедел ақпаратты қабылдау көлемі мен сапасы да төмендейді, өткен тәжірибені құрсау жүреді. Ойлау үшін де әлдебір өзгерістер тән. Оның стереотиптілігі артады, өнімділігі, ақпаратты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.
3. Деструкция кезеңі үшін максималды дистрестілік іс-әрекетті ұйымдастырудың толық жойылуы және оны қамтамасыз ететін психикалық процестердің бұзылуы тән. Қабылдаудың, сақтаудың, ойлаудың құрсаулану құбылысы туындауы мүмкін.
Іс-әрекетті ұйымдастырудың бұл кезеңінде мінез-құлықта негізгі екі форманың біреуін, яғни гиперқозу (импульсивтік әсерлер, бей-берекет мінез) типі бойынша деструкцияны немесе гипертежелу (іс-әрекеттің және мінездік белсенділіктің құрсаулануы, мелшию) типі бойынша деструкцияны қабылдайды. Бұл кезең – іс-әрекеттің толық бұзылуы.
Стрестік жағдайдан шығу тәсілдерін белсенді және енжар деп бөледі. Біріншісі іс-әрекетті жұмылдыру кезеңінің ағымын көрсете отырып, ұйымдастырудағы конструктивтік іс-әрекеттердің интенсификациясы ретінде немесе «сыртқы қауырт әсерлер» типі бойынша тұрғызылады. Енжар тәсіл адамның кернелуді баса және стресті ішке ала отырып, жағдайға мойынсұнуынан байқалады. Бұл – тежелу әсері. Ол кейде пайдалы, өйткені ойланбаған импульсивтік іс-әрекетті болдырмауға көмектеседі, бірақ қайталана берсе, кернелудің аккумуляциясына соқтырады.
Ұжымдағы стрестің деңгейін төмендету үшін басшы келесідей ұсыныстарға зейін қоюы міндетті:
– өз қызметкерлеріңіздің қабілеттері мен ерекшеліктерін бағалаудағы дәлдікке көп мән беріңіз;
– өз билігіңізді шамадан тыс қолданбаңыз, яғни жауапкершіліктер мен міндеттерге көп талап қойып, қызметкерлердің ашуына тимеңіз;
– егер қызметкер берілген тапсырмадан бас тартса, ашуланбаңыз, бас тартудың себебін сұраңыз, талдаңыз;
– бағынушыларға деген сеніміңіз бен қолдауыңызды көбірек, мүмкін болса жиі көрсетіп отырыңыз;
– өндіріс жағдайына және қызметкерлер құрамына сәйкес келетін басқару стилін қолданыңыз;
– қызметкердің сәтсіздігі жағдайында оның жеке қасиеттері емес, оның қандай жағдайда, жағдаятта жұмыс жасағанын анықтаңыз;
– қызметкерлермен қатынаста ортақ келісімге келу тәсілін өз әдісіңізден алып тастамаңыз;
– қызметкерлерге бағытталған сарказм, әзіл, мысқылдауды болдырмауға тырысыңыз;
– егер бір қызметкерді сынау қажет болса, онда этикалық сынау талаптарынан асып кетпеуін қадағалаңыз;
– қызметкерлерде жинақталған стресстерді кезеңді түрде шығарып тұру амалдарын іздеңіз.
Міне осындай аса қиын емес ұсыныстарды орындау, басшыларға ұжымдағы стресс деңгейін едәуір төмендетуге өз үлесін қосуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет