Байланысты: Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)
71. АҚШ-та өнімнің сапасын басқару негіздері қалай жүргізілу ерекшеліктерін анықтаңыз АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
2. Қызметті беру стилі;
3. Міндетті бөлісіп басқару;
4. Ерекшелеу тәсілімен басқару;
5. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.
«Қызметті беру стилі» әрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі тапыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.
«Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар алдағы міндетті бірлесір қарастырады да, әрбір адамның міндет аясы белгіленіп, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.
«Ерекшелеу тәсілімен басқару» басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау межелеуіштеріне сәйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.
«Жүйені ретке келтіру арқылы басқару» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.
Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты арасындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Практикада көбінесе басқарудың классикалық үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.
Либеральдық стиль: мұндай жұмыс стиліндебасшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принцинпсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғарғы қызметкерлерге қарайлайды.
Авторитарлық стильдің негізі макевиаллизм деп аталады.Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған.1532 жылы ол "принц" кітабында билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ,өйткені "мақсат тәсілді өтейді" деген идея ұсынады.
Авторитарлық стильге (батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде дерлік кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды,ол жарлық,бұйрық түрінде келеді.Бұйрық талқыланбайды,күдіктенуге хақың жоқ.
Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі.