1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Қазақстандағы тың жəне тыңайған жерлерді игеру



бет24/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

76. Қазақстандағы тың жəне тыңайған жерлерді игеру. 
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың
жəне тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде,
Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
17-билет 
17. Жетісу жəне Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. 
Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай жəне араб əскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб
халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас əулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат
бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы əскері Шығыс Түрік
қағандығының əлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп
келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты əскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен
қытай əскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ əскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды.
Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың əскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға
болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы əскер шайқас барысында қытай
əскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен
айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты
47. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. 
Ұлы жүзің Ресейге қосылуы – Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде
болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі
М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы
жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би жəне Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император
Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Əбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек
білдірді. 1834 жылы 20 сəуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды.
Оңтүстік Қазақстанда Ресейдің басып алу мақсаты екі экспедициялары ұйымдастырылды, екіншіден, бекініс жерлері құрылды. Олар
стратегиялық жағынан пайдалы жағдайларды иемденді. Осы шаралардың бəрі аймақтардағы жергілікті отарлаушылық əкімшілігі əскерінің
күшімен батыл түрде жүргізілді. Көптеген ықплды қазақтың бас көтерерлері ұрыстарда қаза тапты немесе тұтқынға алынды. Ресейдің
оңтүстік, оның ішінде Жетісу қазақтарына, əсер етудің кең тараған бір амалы рулардың ықпалды басшыларын отарлаушы өкімет жағына
өткізіп алу болды.
Орынбор жəне Сібір қосындары əрекетінің табысты қорытындысы – 1863 жылы көктемде Оңтүстік Қазақстанда «желілерді қосу»
жоспарының іске асқандығы болды.Желі сызығы Созақ-Шолаққорған-Əулиеата арқылы Қаратаудың солтүстік бекткейі арқылы өтті.Əскери
баспасөзде күшті қоқандық гарнизондар орналасқан Əулиеата, Түркістан жəне Шымкент қалаларын қосып алудың қажеттілігі туралы
мəселелер жиі көтерілді. 1864 жылы алғашқы айларында қарсыласушы екі жақ та жедел түрде əскери шайқасқа əзірленді. Орынбор жəне
Сібір желілері түйісті.Осы оқиғамен бірге 130 жылға созылған Қазақстанның Ресейге қосылыуының ұзақ та күрделі үрдісі аяқталды.
Қазақстанды, Қоқан, Бұқара (1866 ж.) жəне Хиуа (1873 ж.) хандықтарын басып алуы арқылы Ресей 1867ж. Түркістан генерал-
губернаторлығын ашу мүмкіндігне ие болды. Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің құрамына ХІХғ. 60 – жылдарында кіргендігін ресімдеу үшін
онда басқарудың ресейлік əкімшілік жүйесін қолдану қажет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет