3. «Қорғансыздың күні»әңгімесін талдау «Қорғансыздың күні» шығармасы оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді.
23-билет 1. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы балалар әдебиеті туралы түсінік 1941. жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Ер жүрек кеңес халқы өзінің барлық күштерін Отан қорғау жұмысына бағыттау ісіне кірісті. Кеңес Одағындағы істеліп жатқан барлық жұмыстар соғыс мүддесіне сәйкес қайта құрылды. Кеңес азаматтары майданға, кеңестік Отанымызды қорғауға аттанды. Барлық кеңес азаматтарымен бірге жазушыларымыз,Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Баубек Бұлқышев, Әбу Сәрсенбаев, Жұмағали Саин тағы басқа жолдастар майданға аттанды. Тіпті сол кезде тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Оның «Ленинградтық өрендерім» өлеңі барлық Кеңес Армиясына үлкен рух беріп, неміс баскыншыларына қатты соққы болып тигені әлемге аян. Мұндағы «Интернационалдық негіздің мықтылығы, халықтар достығының мызғымас беріктігі, тұтастығы зор роль атқарды. Коммунистік партия тәрбиелеген бұл қасиеттер әдебиетте көркем суреттік болуын тауып көрінді. Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы азаматтардың өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы қаһармандық еңбектері жайында болды. Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінде алдымен жер жүзі пролетариатына қамқорлық жасап отырған Коммунистік партияның басшылық ролі бірінші қатарда жырланады. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар барлық кеңес халқына, сонымен қатар жас өспірімдерге де рухани азық боларлық, олардың жігер-қайратын шындай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Баубек Булқышевтің «Әмір мен өлім туралы» «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің осы әңгімелерінің бәрінен де тауы қайтпаған жалынды жастық шақтың Отанына беріле кызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. «¥р да жық ақымақ офицтер біздің жастығымызды, болашағымызды кұртқысы келеді. Біз, әрине бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз! Орыс та осыны айтады, қазақ та осыны айтады, ССРО-дағы барлық ұлттар осыны айтады»,— дейді Баубек Бұлқышев «Өмір мен өлім туралы» әцгімесінде олардың Отан қорғау күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақ-саттары да осы еді.