1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет32/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Сұрау есімдігі.Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.
Өздік есімдігі.Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулә түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (Асқардың) өзі, оөушылардың өздері, біздің өзіміз, мсендердің өздерің, т.б. Өздік есімдігі түбір тұлғада өз түрінде зат есімді анықтап жұмсалады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, өз жұмыстарың, т.б. Өз есімдігі әдетте тәуелденіп барып септеледі. Сондықтан оның үлгісі тәуелдеулі септеу болады.
Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігі мен зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы:
мен өзім айттым біз өзіміз айттық
сен өзің айттың сендер өздерің айттыңдар
сіз өзіңіз айттыңыз сіздер өздеріңіз айттыңыздар
ол (бала, Ахмет) өзі айтты олар (балалар) өздері айтты
Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзімен-өзі, өзді-
өзі
деген қос сөздер дефис аркылы жазылады.
ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ.Жалпылау, жинактау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, тугел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал).Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос 'қаддық? (А). Біліпті дерттің барлығын (А).Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет