1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет37/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.
Айтыс ақындары
Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген. Мысалы, Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба, көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.
Айтыс түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат ат-түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен Қыстың айтысы”, Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады.
3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. XVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл-ой күшін,қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып,лаулата түседі делінген.
Сын тұрғысынан оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды,пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі.Оқушы да ондай сұраққа өз ойын,өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.Жауаптардың бірнеше нұсқада болу мүмкін екендігі қарастырылады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызды тағы бір ерекшелігі-сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей,барлық баланың даму үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы..Сын тұрғысынан ойлауды ұйымдастырылуы- ьаланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет:
• баланың бойындағы құмарлығын,қызығушылығын жойып алмай,оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін,сұраныс пен мұқтаждарын ескеру,шығармашылығын жетілдіру;
• білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
• өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту-бірлескен еңбек тәжірибені жүйеге келтірген Л.Джинна Стил, С.Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаж, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ішкі құрылымында өзіндік ерекшелігі бар:білімнің болашақта пайдаға асуы,қажетке жарауын қалыптастырады;көп ақпаратты талдай,жинақтай отырып,ішінен қажеттісін алуға үйретеді,бірнеше стратегиядан тұрады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ішкі құрылымында өзіндік ерекшелігі бар:білімнің болашақта пайдаға асуы,қажетке жарауын қалыптастырады;көп ақпаратты талдай,жинақтай отырып,ішінен қажеттісін алуға үйретеді,бірнеше стратегиядан тұрады.
Сын тұрғысынан ойлауды ұйымдастырылуы- ьаланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет:
•баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай,оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін,сұраныс пен мұқтаждарын ескеру,шығармашылығын жетілдіру;
• білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
• өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет