1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім



бет30/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. Зат есімнің мағыналық түрлері Жалпы және жалқы есімдер Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады. Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Мысалы: кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)• үй хайуандарына берілген арнаулы аттар Тайбуырыл, Теңбілкөк,өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Түрксіб" т. б.)газет, журнал, фильм, кітап атары мен жеке шығармалардың• аттары ("Егемен Қазақстан","Қан мен тер" т. б.) географиялық атаулар (Алатау, Ертіс т. б.)• қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы)жалқы атаулар жатады. Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады. Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).Көптік мәнді есімдер Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды. Мысалы: сүт,алтын, жел,деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды. Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. көптік формада көбінесе я басқа мағынада жұмсалады, я өздеріне қосымша мағыналық реңдер жамап алады. Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады: 1. Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ,т. б. 2. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу т. б. 3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б. 4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла,сүйеніш, шындық т. б. 5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, шойын т. б. 6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б. Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз,т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады. Зат есімнің морфологиялық сипаттары Зат есімнің құрылымы Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады. Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер. Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі: Толық мақаласы: Күрделі зат есім 1. Біріккен зат есімдер, 2. Қосарлаған зат есімдер, 3. Тіркес (құрама) зат есімдер, 4. Қысқарған зат есімдер. Зат есімдердің жасалу тәсілдері Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады. Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде -тер, дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді.
"Қазақ грамматикасында" (2002) "Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден – бір ғана жолы емес. Көптік ұғымның ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:
а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т.б. Ал мұны С.Исаев "сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу (көп) екенін түсінеміз",-дей келіп, көптік мағынаның осылайша берілуін аналитикалық тәсіл деп атаған. А.Ысқақов сөздердің қосарлануы арқылы да (бала-шаға, кәрі-жас т.б.) көптік ұғым білдіріледі деп есептеп, оны лексика-синтаксистік тәсіл деп атаған.
б) Көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады. Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп жүрген үш-төрт түрі кездеседі:
Зат есімнің тәуелдік категориясы -түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория, өйткені "грамматикалық категорияларда универсалды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдердің тобының немесе жеке тілдердің грамматикалық құрылысының басты ерекшеліктері көрінеді".Сондықтган түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде дербес категория болып табылатын тәуелдік категориясы орыс тілінде жоқ. Бірақ орыс тілінде тәуелдік мағына бар ол лексикалық тәсіл арқылы беріледі (мой, твой т.б.).
Түркі тілдерінің ерекшелігі болып табылатын тәуелдік категориясы –бірзаттың екінші затқа меншік тілігін білдіретін категория. Нақтырақ айтқанда, тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам-мұның екеуі де қоса ұғынылады "немесе" иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.
Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі, яғни тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты жекеше, көпше түрде білдіреді.

2. Б.Соқпақбаев прозасындағы реализм мен кейіпкерлер тұлғасындағы шуақты юмор.
Өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің ӛсу, ӛркендеу жолына кӛз салар болсақ оның қазіргідей шырқау биікке шығуына небір ғажап таланттар ат салысқанын кӛреміз. Әрқайсысы ӛзінің шама-шарқынша туған әдебиетіміздің кӛп қырлы, кӛп сырлы, кемпірқосақтай алуан түрлі әсем бояулы болуына үлес қосыпты. Бұл ғасырда халқымыз басынан кешкен әрбір кезең хатталып кӛркем әдебиеттің бетіне түсіп балталасаң ӛшпейтін елдік шежіре жасалған. Нағыз ерек таланттар қаламынан туған шығармалар ӛз халқымыздың ғана емес, әлем халықтарының да рухани сусынын қандырар баршаға ортақ асыл қазынаға айналған. Сондай асыл қазынамыздың бірі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары. Ӛзіндік сырлы бояуы бар шуақты шыншыл шығармашылық. Балаларға деп жазып, балалар жазушысы атанып, ал шындығына келгенде шығармаларын жас пен кәрінің бәрі бірдей сүйіп оқитын, қалың оқырманның махаббатына бӛленген шын мәніндегі халықтық жазушы. Б.Соқпақбаевтың жастық шағы қиындыққа толы, қайғы-қасіреттері кӛп болғанымен ол шығармашылық қадамын бірден сәтті бастаған, жолы болған жазушы. Талай рет арқасына ӛмірдің ащы «таяғы» аяусыз тиді. Сонда да ӛмірге деген «оптимисттік» кӛзқарасын еш жоғалтпаған. Керісінше, сол кӛрген қиыншылықтарынан ұмтылмас сабақ алып, болашаққа нық сеніммен қараған. Жігерлі, ӛмірдің болмашы ғана қиындығына сағы сынбайтын, қайсар әрі ӛжет болып ӛседі. Кейіннен есейгенде сол «балалық шағын ұрлаған» заманды қағаз бетіне түсіреді. Әрине, сол шығармаларында басты кейіпкер, ӛмірге құштар жан -жазушының ӛзі. Ол кӛптеген туындыларына ӛз балалық шағын арқау етіп отырған. «Ауырдың үсті, жеңілдің астымен» жүруге жаны қас жазушы ӛз шығармаларында оқырман қауымды ӛмірді сүюге, тағдыр ауыртпалығына мойынсұнбауға, тӛзімділікке шақырады. Алғашқы кітабының жарыққа шыққаны жайлы Бердібек Соқпақбаевтың еске алған сӛзін айтар болсақ: "Баспаның директоры аты республикаға белгілі ақын еді. Ол мені студент кезімнен білетін. Бұрынғы жылы институттың мен басқаратын әдебиет үйірмесінде біз онымен мықтап тұрып дауласып, кездесу кешін ӛткізбенбіз. Бірге суретке түскенбіз. Соның бәрі ол кісінің есінде екен. Жастарға қамқоршыл мінезімен ол мені ӛте жылы қарсы алды. Баспаға қатысты шаруаларымды ешқандай әуре-сарсанға салмай тындырып берді", - дейді. Бұрымындай қыздардың Ағасың әсем ӛріліп, Тӛсінде ойнап құздардың, Күмістей жалт-жұлт кӛрініп. Соқса да дауыл бұлқынып, Басса да құлап зіл жартас. Жай түссе де тас жарып, Күлкіңді сенің тыя алмас – осындай жыр шумақтарымен Б.Соқпақбаев әдебиет әлемінің табалдырығынан аттаған еді. Әдебиетке құштар, жазушы болуды армандаған балғын жас осылайша ӛз күшін ең әуелі поэзияда байқап, сӛз қасиетін, сӛз қадірін поэзия безбенімен ӛлшеуді үйренді. "Бұлақ" атты жинақ жазушының алдағы шығармашылық ғұмырының бағдарламасы іспетті болатын. "Тӛсінде ойнап құздардың күмістей жалт-жұлт кӛрініп" - Соқпақбаев шығармашылығының бар сипат, қасиеттерінің анықтамасын осынау жолдарда алдын ала ӛзі айтып кеткендей. Кӛркемдік биігінен ойнақтап кӛрінетін оның тамаша повестері, күмістей жалт-жұлт еткен мӛлдір таза әшекейлі тілі шығармадан шығармаға шыңдалып, шымырланып, шеберлене берді. Б.Соқпақбаевтың осындай артына ӛшпес із қалдырған шоқтығы биік шығармалардың бірі - "Менің атым - Қожа" повесі. Ол - қазақ балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Халықтың, жас оқырмандардың шынайы ықыласына бӛленген сәтті туынды. "Менің атым - Қожаның" кӛркемдік ерекшелігіне тоқталсақ, алдымен назар аударатынымыз құрылымының тосындығы, ӛзгешелігі. Кӛркем шығарма құрылымы сӛз болғанда, әңгіме сюжет пен композиция туралы болатыны белгілі. "Дүниеге келген әрбір туындының кӛркемдігі мен құндылығы осы екеуінің бірлігі арқылы анықталады. Сюжет нақтылы кӛрінісін композициядан тапса, іс әрекет ізімен шығарма құрылысының жасалатыны да анық. Повесте оқиғалар жүйесі мектеп оқушысы Қожа Қадыров тӛңірегінде ӛрбиді. Шығармада оның іс-әрекеті, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі, басқалармен қарым - қатынасы суреттеледі. Повесть әрқайсысына тақырып қойылып, нанымды, әсерлі оқиғаларға құрылған 27 тараудан тұрады. Шығарманың жазылу әдісі, батыс әдебиетіндегі романның әрбір тарауына айдар ретінде кӛне қағидалардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағып жетектейтін тәсілді еріксіз еске түсіреді. Мәселен, В.Скоттың "Айвенгосын", немесе Ж.Верннің "Дәрігер Окстың тәжірибесіндегі" әрбір тараудың басындағы мазмұнның қысқаша баяндалып кету нұсқасы ӛз дәрежесінде шығарманы ӛте ұтымды және қызғылықты етіп кӛрсеткені анық. Жазушының ӛзі кӛрсеткендей "Менің атым - Қожа" мен М.Твеннің "Том Сойерін" салыстырып қарай бастасақ, тараулардың қысқалығы, автордың айтайын деген ойын тым ауырлатппай, жеңіл елгезек тілмен алып кетуі сияқы ұқсастықтарды табуға болады. Жазушының шынайы ӛмірден алынған қызықты хикаялары жоғарыдағыдай ӛмірі ӛлмес нұсқалармен әбзелденген. Алайда, бұл еліктеу дәрежесінде қалып қоймаған, қазақ топырағының шындығынан барып туындаған талантты шығарма. "Осындай шығарма қазақ балаларына да керек" деген мақсаттан барып туындаған дүние болса керек. "Композиция құрамына сюжеттің кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіретіні белгілі. Солардың бірі - пролог - кӛркем шығармаға кіріспелердің бір түрі" екенін ескерсек, повестегі "Кіріспе орнына" деген тарау пролог іспетті. "Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің кӛкейіме ерте ұялады. Үшінші-тӛртінші кластарда оқып жүргеннің ӛзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауданға жайылды..." Бұл - кейіпкер Қожаның сӛзі. Повестің кіріспесі дәл осылай басталады. Ӛз арман-тілегі туралы аздап сыр ашқан автор "ӛтірік ештеңе қоспаймын" деп уәде береді. Уәдесін орындайды да. "Кіріспе орнына" деген тараудың басты міндетінің ӛзі - шығарманың нанымды шығуына қызмет ету болса керек. Шығармадағы оқиғалар бас кейіпкер атынан, яғни бірінші жақтан баяндалады. Жазушының ӛз сӛзімен айтсақ бұл тәсіл "... ӛмір құбылыстарын - жақсы мен жаманды, ақ пен қараны бала кӛзімен кӛру, бала түйсігімен түсінуден туындайды". Бұл айтқандарымыз - повестің бірден кӛзге түскен композияциялық ерекшелігі. Ол ерекшеліктер жазушының кейіннен жарық кӛрген, автобиографиялық туындысы болып саналатын "Балалық шаққа саяхат" повесінде де ӛз кӛрінісін тапқан. Сюжеттің басталуы оның кіріспесі іспетті: мұнда әдеби қаһармандар ӛзара қарым-қатынасқа кӛшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Сюжеттік даму Қожаның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына, іс- әрекетіне негізделген 4 тараудағы Майқанованың ӛзінен үлгерімі тӛмен, сыпсық Жантасқа жолдама беріп, Қожаға бермеуі оның теріс жолға түсуіне себеп болады. Қарап отырсақ, педагогикалық қызметтегі объективтік бағалаудың сәл сәтке болса да әлсіреуі - бала тәрбиесіне әсер етеді екен. Егер сюжеттің негізі тартыс болса, Қожа мен Майқанова арасындағы психологиялық тартыс сюжетті ӛрістетудің тәсілі тәрізді. Пионер лагеріне жолдама ала алмай қалған Қожа жайлауға мамасына жүрмекші болады. Колхоз атын ұрлап мінуге келгенде, Сұлтанмен кездеседі... Одан әрі шығарма сюжеті ширақ ӛрбіп дамиды. М.Горькийдің анықтауы бойыншашығарманың тартымды, әсерлі болуы оның сюжетінің жатық, ширақ шығуына байланысты. Жалпы, Б.Соқпақбаев шығарма сюжетін қаһармандар характерлерінің қақтығысы, конфликт арқылы ӛрбітеді. Сюжет - әрбір қаламгер жаңадан жасайтын дүние, ол бір туған соң әсте қайталанбаса керек. Тамаша құрылған сюжет пен композиция қаламгердің айтайын деген идеясына, образдың жан - жақты кӛрініп, ӛсу логикасына қызмет етеді. Ондаған кейіпкерлерге, сан түрлі оқиғалар мен неше алуан суреттеу құралдарына тиісті орын тауып, ӛмірлік жағынан нанымды етіп шығаруы, сӛз зергерінің шын мәніндегі шеберлігін аңғартады. Бердібек Соқпақбаев - қазақ әдебиетінде ӛзіндік ӛрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мӛлдіретіп, кӛз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де ӛзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі еді. Жасынан ӛмір талқысын кӛп кӛрген адамның ӛмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ұрпаққа деген басты шығармаларды жазып, оқырмандарынан лайықты бағасын алған бақытты жазушы. Адам үшін ӛмірдегі ең қымбат бала болғандықтан, әдебиеттегі ең құрметті - балалар әдебиеті. Барлық еңбек, барлық ӛнер құрметті болғанмен, балаларға арналғаннан асары жоқ. Ал, сол қызметті балалардың ӛздері жоғары бағаласа, ӛнер адамы үшін одан үлкен бақыт бола бермес. Тағы бір айта кететін жайт. Бердібек Соқпақбаев шығармаларына тән, ортақ белгі – бірінші жақтан баяндалатындығы. Бұл стильді жазушы саналы түрде таңдап алғанға ұқсайды. Олай дейтініміз, балаларға арналғандықтан сенімді болу керек. Тілге жеңіл, түсінуге оңай болса... деген сияқты біз айтпаған тағы да қаншама қасиетті қоса келгенде ең оңтайлысы – осы. Авторлық «Мен» жеке тұлға ретінде қай шығармасында да қарапайым адам. Жұрттан асқан ерлігі, елден асқан ақылы да кӛрінбейді. Бірақ оқушыны бірден-ақ баурап алады. Шығарманың мықтылығын – «енді не болар екен дегізсе...» деп бағалап жатамыз кейде. Бердібек Соқпақбаевтың ерекшелігі осы сӛзді кӛп айтқызбайды. Бірақ оқи бересіз, құныға бересіз. Шиеленісіп жатқан сюжет те жоқ. Дегенмен, жібермейді бір күш. Себебі, Бердібек Соқпақбаев алдымен оқушының санасына орнығып, ӛзі оқушыға, оқушы оған айналып кетеді. «Менің атым Қожа» шығармасында «Повестің бірінші тарауын осымен доғарамын да, келесі тарауға кӛшемін», – дейді автор шығарманың ішінде. Кәдімгі автор ретінде айта салады. Оқиғалардан бӛліп алып. Бірақ осы бір жол оқырманға автор Бердібек емес, Қожа болып әсер етеді. Қожа осы қазір, қасыңда отырып жазып отырғандай. Тақ бір повесть жазу оп-оңай шаруа сықылды. Міне, автор осы тұстан бастап толықтай сіздің құрдасыңыз. Бала. Ал, сіз шығарманың басында-ақ авторға айналып кеткенсіз. Қараңыз, Қожа ӛз атына риза емес. Дәл осы тұста сіз де ӛз атыңыз жайлы бір ойлап ӛтесіз. Келесі сәтте мына бір үзінді: «Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлықтардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «кенжем», «сүйіктім», «жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала ӛзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?». Дұрыс, әрине. Бұл сіздің ішкі ойыңыз. Іле, «егер бізде де осылай болса, мен ӛзіме қандай ат қояр едім», – деп кәдімгідей ойлана бастайсыз. Ал, енді сіз автормен бір адамсыз. Ол не айтса да сіз кӛнесіз. Қаратай жаман ба? Жаман! Майқанова ше? Ол да! Жантас? Атай кӛрме!.. Қаратай неге жаман? Ересек адамның кӛзқарасымен, табиғат заңын негізге алып ойланып кӛрсеңіз, Қаратайдың түк кінәсі жоқ. Әйелі ӛлген. Енді күйеуі жоқ Миллатқа «екі жарты – бір бүтін» туралы ұсыныс айтып жүрген адам. «Жол ортасында атың, жер ортасында қатының ӛлмесін» деген қазақтың даналығын есіңе алсаң, тіпті жаның ашып кететін-ақ кейіпкер. Оны жек кӛрінішті қылатындай артық оқиға да жоқ повесте. Бар болғаны Қожаның анасына сӛз салып жүр. Жоқ, сіз бәрібір қарсысыз. Ӛйткені, сіз Қожасыз. Сіздің шешеңізге кӛз салуға ешбір кӛлденең еркектің қақы жоқ. Болды! Бала оқырманның санасына қалай жол табу керегін Бердібек мықты меңгерген жазушы. Баяғыда ұмыт болған, тіпті, елесі де қалмаған бала кездегі «ақымақ» армандарды қайта тірілтіп, кӛз алдыңызға қаз-қалпында тарта салғанда, «осыны қалай ұмытпай жүр екен?» – деп таңдай қағасыз. Повестегі барлық оқиға Қожаның өз атынан сөйленеді, Қожа өзінің бастан кешіргендерін өз достарына баян етеді. Повесть бастан-аяқ юморлық стильде жазылған. Сондықтан ол әрі көңілді, әрі жеңіл оқылады. Бірін-бірі қайталамайтын қысқа-қысқа жазылған әр тарау өз алдына бір оқиға болғандықтан, оқушысын жалықтырмай, алға қарай баурай береді. Повесте оқиға дамуының логикалық байланысы берік ақталған. Қожа мен Сұлтан басындағы аңғалдық істер, олардың сезім, құбылыстары, үйрімді тілмен тартымды баяндалған. Жазушы әр кейіпкерін, соның ішінде Қожа психологиясын бала басында бола беретін, олардың жиі кездесетін табиғи мінездермен нанымды түрде көрсете алған. Қожа қанша қиқар болғанымен, жаны таза арманшыл бала. Төртінші мен бесіншіде жүргенде-ақ ақын болуды, ақынға жақын болуды, жазушы болуды, арман ете бастайды. Оның бұл үміті елін, жерін, өлке табиғатын жанындай жақсы көретін патриоттық ұшқыр сезімдерімен тоғысып жатады. Жас кезінен Отан жайлы осылай ойлануы – баланың патриоттық тәтті сезімінің ояна бастағанын байқатады. Бердібек бала психологиясын өте шебер де нанымды суреттейді. Қожа мінезінде, оның істерінде, балалық қылығында ешқандай жасандылық жоқ. Повестегі сүйсінерлік бір жай – аз да болса, мектеп пен ата-аналар байланысының суреттелуі. Осы бір көрініс ұжымдық күштің, ұжым ықпалының балаға етер әсері арқылы жақсы нәтиже беретінін байқатқан. Балалардың осындай типтік образдарын жасап беруі арқылы Бердібек творчествосының жаңашылдығы, көркемдік шеберлігі, прогресшіл, идеялық-эстетикалық мәні, халықтығы мен ұлттық ерекшелігі айқын ашылып, әсерлі көрінеді. Өйткені, Соқпақбаевтың есімі көзі тірісінде-ақ әрбір мектеп баласының жүрегінен мықтап орыналған болатын. Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастап, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының белсенді авторы болды. 1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын өлең жинағын шығарған. Кейіннен балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармаларын жазды. Оның балаларға арнап жазған туындылары балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйіп оқитын шығармаларына айналды. 1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болған. Ол тек балаларға арнап шығармалар жазып қойған жоқ, сонымен қатар жасөспірімдерге арнап «Бозтөбеде бір қыз бар» атты пьеса, «Өлгендер қайтып келмейді» атты роман, «Гауһар» атты повесть және тағы басқа да жиырмаға жуық кітаптарын шығарды. «Жас Бердібек көз көргендердің айтуына қарағанда, жас кезінің өзінде-ақ ешнәрсеге жасымайтын, ешнәрседен жасқанбайтын отты, өжет болған екен. Ол сыйлауға, сыйласуға өте жақсы еді. Бірақ талғампаз болатын. Кейде тым кіділеу, тым кірпияздау көрінетін. Ал шын жаны жақтырған адамға, көңілі сенген кісіге ақжарқын да адал болатын. Екі сөйлемейтін, өтірік айтпайтын. ..» - бұл, жастайынан бір ауданда бірге өсіп, кейіннен дәм-тұздары жарасып, жазушымен сыйлас болған қарт қаламгердің жан тебіренісі. Бердібек Соқпақбаев – Кеңес үкіметінің «қылышынан қаны тамып тұрған» кездің өзінде тек өз жүрек қалауымен оқырмандарына жалғандықтан қашып шынайы шындықты жеткізе білген жазушыларымыздың бірегейі. Балалар өмірін шынайы сүйіспеншілікпен бейнелейтін хикаялары мен әңгімелерін жас та, қарт та, қазақ та, басқа да құмарта, қызыға оқиды десек еш артық айтқандық емес. Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері – өзі. Жазушы шығармаларын бірінші жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион» және тағы басқа шығармалары жазушының тұтас өмірін көрсетпегенмен бөлшек-бөлшек тұстарын қызықтыра өмірге әкелген болса, ал мына «Өлгендер қайтып келмейді» романы жазушы жаратылысын тұтас тұлға етіп береді. Шығарманың ел ойынан шығатын шынайы жүзі тек қана шындық жазудан тұрса ол сол шығарманың шырайлылығын берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда Бердібек ағамыз жоғарғы ойдың ортасынан ойып тұрып өз орнын алып және сол қасиетімен халық есінде, қала берді әр ұрпақ есінде мәңгі қалған адам
3. Тренингтік оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері
Треннингтік жеке тұлғаның озін – озі реттеу тәсілдері,жаңа білім мен дағдыны меңгеру,интуицияны,креативтілік,ойлауды,қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интинсивті жағдай жасайды. И.В.Вачков (1999 ж). Ю.Н.Емельянов (1985ж). Г.А.Ковалев (1989ж). Х.Меккин (1986ж). Л.А.Петровская (1982-2001жж). және т.б психолог ғалымдар тренингті бірден интерактивті әдістерден – рөлдік ойындар,дискуссия,психофизикалық жаттығуларды үйлестіріп жүргізуден бастауды ұсынады. Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компонеттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі » деген анықтама беріледі.« Тренинг » сөзі педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады.Бұған дейін осы сөзге мағыналас « жаттығу » сөзі кеңінен қолданып кеді.Қәзір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданып жатыр.Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы тренинг біліктілігі жоғары маманның басшылығымен өтетіндігі.Ғылыми еңбектерде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің әр түрлері бар.Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің түрлері көп.Оларды жүйелеудің бірнеше бағыттары белгілі (П.Бэченин, Дж.Рейзел, М.Лакин, М.Либерман, И.Ялом, М.Майлз, Б.Лабин, У.Эдди, К.Хек, К.Рудестам, В.Биндер мен А.Биндер, Б.Римланд, П.Петерсен және т.б. ).Олар бір-бірінен жүйлеу негізі мен критерийлерінің сәйкес келмеуіне байланысты ерекшеленеді.Белсенді оқыту әдістерін жүйелеу:
1)оқытуды ұйымдастыруға;
2)қолданылатын әдістермен мен формалар доминанттылығына;
3)топтағы нақты қойылатын міндеттерге байланысты болады.
Осыған орай тренингтің бірнеше түрі белгілі болды:
1)тренинг – топ (К.Левин);
2)кедесу –тобы (К.Роджерс);
3)әлеуметтік – психологиялық тренинг (Б.С.Девятко,Л.А.Петоровская және т.б).
4)оқу-жаттығу топтары (Ю.Н.Емельянов);
5)белсенді оқыту тобы (Г.А.Ковалев);
6)видеотренинг (Х.Миккин);
7)тренинг-семинар (Л.М.Митина);
8)кәсіби-педагогикалык тренинг (В.А.Каи-Калик, В.В.Кузнецов,А.А.Лентьев);
9)белсенді әлеуметтік –психологиялық оқыту(Т.С. Яценко және т.б.);
10)оқу –педагогикалық тренингтері (К.Ж.Бұзаубакова және т.б.);
Педагогикалық тренинг-оқыту сапасын артыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру және жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламаммен жүргізілетін әртүрлі жатығулар жүйесі.Педагогикалық тренинг оқу –тәрбие үдерісінде ХХ ғасырдың 60- жылдарынан бастап қолдана бастады.Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы бар: 1)мақсаты шектеулі- алдына шағын мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін ғана жұмыс жасайды;2)өзіне ілестіру бағыттылығы- кең көлемде білім бермесе де,қандай да бір маселенің жеке жақтарын терең ашуға тырысады; 3)қолданбалылық сипаттылығы – оқытудың басқа әдістерімен салыстырғанда,алған білімнің өмірге тікелей пайдалануымен ерекшеленеді.Педагогикалық тренинг негізгі фунциясы – іскер қарым – қатынасты орнату:
•Арнаулы білім, дағдыны дамыту;
•Адам өміріне қажетті ақпараттарды беру;
•Адамның қазіргі іс –әрекетіне жаналық енгізу, жаңаша қөзқараспен қарау,болашаққа көз тастау және т.б.
•Ұжымдағы қарым –қатынасты жақсарту, оны бір –біріне деген сенім тұрғысында құру.
Педагогикалық тренингті көбіне тәрбиелік іс –шараларда қолдануға болды.Тәрбиелік тренингтер әрбір оқушының өзінің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін білуге,өзін –өзі тануға, өзін –өзін жетілдіруге, өзін –өзі белсендіруге көмектесіп,өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тындауға,көпшілік алдында шығып сөйлеуге,өз ойын дәлелдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді,ұжыммен жұмыс істеуді,ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйренеді,өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге,шығармашылыққа жол ашады.Тәрбиелік педагогикалық тренингтерді ұйымдастырғанда тәрбиеші төмендегілерді ескерген жөн: өзара қабылдаушылық;өзара түсінушілік;өзара іс-әрекеттілік Педагогикалық трениг - оқыту сапасын арттыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарды бағдарламамен жүргізілетін әртүрлі жаттығулар жүйесі.Педагогикалық тренинг оқу - тәрбие үдерісінде XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап қолдана бастады.
11-билет. 1. Сын есім, түрлері, шырай категориясы, синтаксистік қызметі, зерттелу жайы
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз. Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы, терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т.б.Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.1) сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т.б.2) сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, қою қалың қара, ақ шулан, ақ шабдар, т.б.Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім.Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде болады. Мысалы, көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т.б.Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семізшық (мақал). Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.Сапалық сын есімдер "Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.Қатыстық сын есімдер Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (М.Әуезов) Сын есім шырайлары. Заттың белгілері бізді қоршаған дүниеде бірде анық, бірде күңгірт, бәсең, енді бірде бір-бірінен салыстырыла аңғарылып жатады. Заттың түрлі белгілерінің арасын анықтап, неғұрлым дәл көрсету мақсатында тілде түрлі қосымшалар қолданылады.Зат белгілерінің әр түрлілігін, бір-бірінен артық-кемдігін білдіретін сын есім формалары шырай деп аталады.Қазақ тілінде шырайдың төрт түрі бар.Шырайдың түрлері:
1. Салыстырмалы шырай - зат белгілерінің артың-кем-дігін бір-бірімен салыстыруаркылы аныңтайтыншырай түрі.Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары 1) -ырақ, -ірек, -рақ, -рек: қаттырақ, жақсырақ, басымырақ, қызылырақ т.б. 2) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: жасылдау, қызылдау, аласалау, ұзындау т.б. 3) -қыд -ғыд -қылт, -ғылт: сарғылт, дымқыл, бозғылтт. 4) -шыд -шіл: көкшіл, ақшыл т.б.
2. Күшейтпелі шырай - зат белгілерібаска зат белгілерімен салыстырғанда өте артык немесе өте кем екендігің анықтайтын шырай түрі.
Күшейтпелі шырай негізгі сын есімге күшейткіш буынды қосу арқылы жасалады: жап-жасыл қап-қара, ап-аласа, боп-боз, аппақ т.б.
3. Асырмалы шырай - зат белгілерін басқа заттардан тым көтеріп немесе тым төмендетіп көрсететін шырай түр:
тым жақсы, өте қызыл, ең әдемі, аса биік т.б.
Шырай жасауға негіз болатын – сапалық сын есімдер.
Синтаксистік қызметі 1. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.Біп-биік тау шыңы көгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай.Қандай тау? – Біп-биік тау. Қандай аспанмен? – Көгілдір аспанмен.Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те анықтауыш болады. Жақсының (кімнің?) сөзі балдай, Жаманның (кімнің?) сөзі удай (мақал).2. Жіктік жалғауын меңгерген сын есім сөйлемнің баяндауышы болады. Туған жер, сен неткен көріктісің. Сіз осы әулеттің үлкенісіз.3. Сын есім етістіктің алдында тұрып, қалай? деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады.Үйдің ауласындағы заттар ұқыпты жиналыпты. Сөйлеушің судай есілген, тыңдаушың бордай езілген.4. Сын есім көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Бұл жалғауларды жалғаған жағдайда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімніңзаттануы – субстантивтенуі дейді. Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншектің (адамның?) – анықтауыш.5. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің жалғауын меңгеріп, заттанып,толықтауыш қызметін атқарады. Жақсымен (кіммен?) жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен (кіммен?) жолдас болсаң қаларсың ұятқа. Білімдіден (кімнен?)үйрен. Үлкенге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да, ақылдыны(кімді?) аға тұт. Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ.Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек(Абай).Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (ҒМүсірепов).Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғабиден Мұстафин). Жалпы сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады. Оның өзінде де сын есім жеке зерттелген емес. Сын есімнің зерттелуін М.А.Казембектің «Түркі – татар тілінің жалпы грамматиаксы» еңбегінен бастау керек. Профессор Н.К.Дмитриев сын есімнің морфологиялық жақтарын сөз етеді, түркі тілдеріндегі сын есімді тұлға жағынан негізгі және туынды деп бөлген.Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендердің бірі – М.Терентьев. Ол сын есімді жан – жақты қамтымағанымен, оның кейбір жеке мәселелері турасында дұрыс пікір айтады, мәселен, сын есімді ол өз алды сөз табы деп, оның салыстырмалы, таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолына тоқтайды. Қазақ тіліндегі сын есімді сөз еткенде өз алдына тоқтауды керек ететін — Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» деген тақырыпта жазған еңбегі. Бұл қазақ тіл білімі мәселесінде сын есімнің ең бір басты мәселесін алғаш сөз еткен еңбек. Автор мұнда тек шырайды ғана түсіндіріп қоймай, сонымен қатар сын есімнің жалпы мәселелерін де сөз еткен.Осы еңбегінде тарихи кезеңдерге байланысты сөздердің мағынасы өзгеретін сияқты жұрнақтар да бірден пайда болмаған, бұлар да тілдің өсу, даму жолында қалыптасып, грамматикалық құрлымының ерекшеліктеріне лайық болғанына тоқталып, туынды сын есім жасайтын жұрнақтардың кейбіреуіне тоқталған.Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы деуімізге екі түрлі дәлелі бар екендігі, бірі – сын есімде форманттың жоқтығы, бұл оны зат есімнен бөліп алуға керекті белгі екендігін, екіншісі – сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен, анықтауыш екендігін айтқан. 1945 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл мен әдебиет институты дайындап берген қазақ тілінің жоғарғы оқу орындарына арналған кітабі басылып шықты. Мұнда да сын есім өз алдына сөз табы ретінде қаралады. Оның сын есім тарауын жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сын есімнің негізгі мәселелерін қамтып, оны дұрыс түсіндірген.Ахмеди Ысқақовтың «қазіргі қазақ тілі» морфология еңбегінде алғаш рет жүйелі түрде сөз таптарына тән сөз тудырушы тұлғалар сарапталып, аффикстердің мағыналарымен түбірлердің мағыналары бөлек сипатталады. Сын есім туралы жазылған келесі бір еңбек – Ж.Шакеновтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы» атты зерттеуі. Еңбекте сын есім мәселесінде айтылған бұрын – соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын еісм категориясын белгілі жүйеге түсіріп айту мақсаты көзделген.Автор түркі тіліндегі сын есім категориясының зерттелу тарихынан қысқаша мәлімет береді. Түркі тілінде сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеліп келе жатқаны айтылады. Яғни М.Қазембек, Н.Гигамов, С.Б.Астремский, А.К.Боровков, И.А.Батманов, Н.П.Дыренкова, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, т.б. ғалымдар еңбектерінде берілген сын есімдердің ерекшеліктеріне тоқталады ондағы қайшылықтарға сын көзбен қарайды. Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сын есімдердің мағынасын, басқа сөз табына жасалуы, сапалық және қатыстық сыны туралы сөз қозғаған. Қ.Жұбановтың 1936 ж жарыққа шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» морфологияға арналған, онда сөздің жалпы құрылысы әңгіме болады. Сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, туынды негіз қосымша терминдеріне ғылыми негіздейді. «-қы, -кі, -ғы, -гі» үстеуін ертетін күн, жаз, жыл, мезгіл – мекен есімдеріне жалғанса, сын есімденеді. Профессор С.Аманжолов сын есімді мағынасына қарай екіге бөледі: белгі сыны (көк, күрең, жаман, кіші) және қатыстық сын (кешегі, блалы). Қатыстық сыны жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Туынды сын есімдер зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалады деп көрсетіп кеткен. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл. Сын есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -шыл, -шіл (ақшыл, көкшіл).Профессор Н.Сауранбаев сын есімді өнер сыны, сыр сыны, қатыстық сыны, салыстырмалы сыны деп төрке бөлген. Сыр сыныа түбір сөздерді жатқызады, қатыстық снына заттың текін, мекендік – мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін туынды сын есімді, ал өнер сынына –ғыш, -шыл, -паз жұрнақтары арқылы жасалған сындарды салыстырмалы сынына –дай, -дей, -тай, тей қосымшаларфы арқылы жасалған туынды сын есімдерді топтастырады. (13.93)
2. Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығы Қазақ қоғамында өмірін өлеңге арнаған ақын әйелдер аз емес. Мәселен, соғыстан бұрын- Мария Хәкімжанова, соғыс жылдары- Зияш Қалауова, 60-жылдар да Тұрсынхан Әбдірахманова, поэзия шолпаны Фариза Оңғарсынова, поэзия аққуы Марфуға Айтқожина, Аққұштап Бақтыгереева және де Қанипа Бұғыбаева, 70-жылдары – поэзия ханшайымы аталған Күлаш Ахметова мен Ханбибі Есенқараева, 80-жылдары- Шәмшия Жұбатова, Гүлнар Салықбаева, Баян Бекетова ,90- жылдары- Роза Қараева мен Жанат Әскербекқызы, Жанна Елеусіз, XXI ғасыр тудырған жас ақындар- Назира Бердалы, Танакөз Толқынқызы, Анар Шамшадиева, Айгүл Сейілова. Құралай Омар. Индира Керева… секілді тізімдермен бүгінгі күні толығуда XXI ғасырда да көптеген ақын қыздар әдебиет әлеміне лек-легімен келіп жатыр. Мәриям Хакімжанова (16 қараша 1906, қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданы Қобыланды а. — 1995, Алматы) — ақын, ҚР-ның халық жазушысы (1986). Абай атынд. ҚазПИ жанынан ашылған жұмысшылар ф-тін бітірген (1934). “Әйел теңдігі” журналында әдеби қызметкер (1929 — 1932), жауапты хатшы (1932), Орынбор облысы Адамовка ауданы “Екпінді” газетінде бөлім меңгерушісі (1936 — 1937),Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің меңгерушісі (1938 — 1944),Тіл және әдебиет ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1945 — 1947),Респ. кітап палатасында (1947 — 1951),“Жаңа өмір” журналында (1951 — 1956),Қазақстан мемл. көркем әдебиет баспасында аға редактор (1956 — 1958) қызметтерін атқарды. ШығармаларыТұңғыш өлеңі “Женотдельге” 1929 ж. “Әйелдер теңдігі” журналында жарияланды.Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 ж. жарық көрді.Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945, орыс тілінде 1947),“Ана махаббаты” (1953, таңдамалы),“ Ана көктемі” (1963),“Гүл туралы аңыз” (1970), т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары,балаларға арналған “Бөбегім менің — өлеңім менің” (1959),“Ана мейірімі” (1964) жыр жинақтары басылды.Хакімжанова Мәриям өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Ол балалар жазушысы Т.Диктің “Отты бұлақ” повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Хакімжанова Мәриям-ның өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған.МарапаттарыЕңбек Қызыл Ту, 2 рет “Құрмет белгісі” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталғанЗияш Қалауова 1921 жылы қазан айында Түркістан ауданына қарасты Ащысай руднигінде туған. 1932 жылы бұрынғы шәуілдір ауданындағы «Кеңес» колхозының жеті жылдық мектебіне оқуға барады. 13 жасар ақын қыз 1934 жылы Қазақстан Жазушыларының I съезіне қатысады. Ол 1939 жылы өткен Қазақстан Жазушыларының II съезінің делегаты. 1940 жылы Түргендегі бір жылдық мұғалімдер курсына оқуға түседі. 1934-45 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогика институтына оқиды.Соғыстан кейін ақын қыз Алматы облысы, ұйғыр ауданындағы «Ақсу» Орта мектебіне қызметке келеді. З.Қалауованың «Шолпан», «Кавказ шыңында», «Бейбітшілікті сүйеміз», «Алғыс» атты жыр жинақтары бар. Ол 1952 жылы 1 маусымда қайтыс болды.Зияш Төлеудің жалғыз перзенті. Ол кісі Зияш өлген соң Түркістан мен Кентаудың арасындағы «Құсшы ата» деген жерге көшіп келіп, 200 түп жүзім, 300 түп тал отырғызыпты. «Өзімнен ұрпақ қалмаса да, еңбегім жер бетінде қалсын» депті Төлеу қарт. Ал Төлеудің жалғыз қызына деген сағынышынан туған өлеңі де сақталыпты. Тұрсынхан Әбдірахманова 5 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты "Бөке" деген кеніште туған.Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1947-1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соң Алматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950-1954 жж. "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі, 1954-1956 жж. ҚазМУ-де студент, 1959-1963 жж.аспирант, 1966 жылға дейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте аға редактор, Қазақ КСР ҒА-сында (1967-1969) ғылыми хатшы, 1969 жылдан 1986 жылға дейін Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1964 жылы "Ілияс Жансүгіровтың лирикасы" атты тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы "Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Шығармаларының жинақтары «Ән» (1959).«Әннен әнге» (1962).«Танисыз ба бұларды» (1963).«Шырқау» (1966).«Көгершін көңіл» (1968).«Кілт» (1972).«Мерей» (1981).«Наз көңіл» (1984).«Ақшам» (1987).«Сыр бөлісемін» (1992).1992 жылы екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.. Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жыл жариялана бастаған. 1966 жылы «Сандуғаш» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.Фариза Оңғарсынова әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазаған. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады. Фаризаның шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Ақын туған жер, отан-ана тақырыптарында нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Фариза Оңғарсынованың өлеңдері сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынова 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті. Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы, 23 тамызда Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген.1967 жылы тұңғыш кітабы «Өрімтал» деген атпен жарық көрген. Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), « Сені ойлаймын» (1973), «Аққанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (таңдамалысы 1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары шыққан.Оның азаматтық үні «Трибун-ақын», «Ақ Жайықтың көз жасы», «Елдің елдігі – бірлігі», «Оралдағы ойран» сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Ш.Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т.б. ән жазған.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева өткен жылы жетпіс жылдық мерейтойын атап өтті. Ақын бүгінде Орал қаласында тұрып жатыр...Қанипа Бұғыбаева 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУді тамамдаған.Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. "Ақ гүлім менің" (1975), "Сен менің бақытымсың" (1977), "Жапырақ жаздың жүрегі" (1979), "Мейірім" (1981), "Бұлақтағы жұлдыздар" (1982), "Жасыл жағалау" (1984), "Ләйлектер қайтып келгенде" (1985), "Арғымақтар даласы" (1987), "Сен жанымда жүрсең" (1987), "Наурыз нұры" (1991), "Күн шыққанда күліп оян" (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды."Сен менің бақытымсың" атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған. Жанат Әскербекқызы 1966 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазакстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Ақын, филология ғылымдарының докторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1982-1987 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазак мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1987-1995 жылдары Шығыс Қазакстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте мүғалім болып қызмет атқарды. 1995-2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы болды. 1999 жылы ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасовтың жетекшілігімен "Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі" атты тақырыпта кандидаттық диссертация, ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалидың кеңесшілігімен «Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істеп келеді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.Республикалық «АҚҚҰС» жыр мүшәйрасының (1993) жүлдесін алған. Шығармашыл жастардың республикалық «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдегері (1999), Президент стипендиясының иегері (1999), Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының (2001), Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген мүшәйраның жүлдегері (2001), Қазақстан аграрлық партиясы тағайындаған Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), «Шығыс шынары» халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері (2010, 2011). ҚР БҒжМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік грантының, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Күлтегін» төс белгісінің иегері. 1995 жылы «Қарлығаш» жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғұмырымды» (1999), «Қаракөз бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуені» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007) жыр жинақтары шыққан. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сайгёнің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинағына енген. Ғылыми еңбектер: «Даңғыл». Ғылыми зерттеу. Алматы, 2007; «Көркемдік өріс». Ғылыми зерттеу. Алматы, 2009; «Мифтің поэтикадағы қызметі». Монография. Алматы, 2010; «Әдебиет әлемінде». әдеби зерттеулер. Астана 2012; 1993 жылы ұйымдастырылған республикалық «Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Республикалық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері. 2001 жылы Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының үшінші жүлдесін иемденді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде «Көктүріктер әуені» өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алды. Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004).
3.В Ф Шаталовтың тірек-сигналдар арқылы оқыту технологиясы. Технологиялардың дамуы, ерекшелігі, мақсаты мен түрлері. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стндартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық әдіс – тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден бір жолы.Осындай технологиялардың бірі – Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы.«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларға мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру, жеке мәліметтеріне қарамасан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту.«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының принциптері:Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту,тірек сигналдарын пайдалану; Жекелей әрекет жасау;Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);Мәжбүрсіз оқыту;Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиеленіссіз оқыту;Тәрбие мен оқытуды байланыстыру.«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшелігі.Оқу материалы ірілендіріп беріледі;Блоктық түрде беріледі;Оқу материалы тірек үлгі – конспект түрінде беріледі.Тірек сигналы – мән, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет және т.б.) білдіретін құрамды бейне.Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сигнал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).Жаңашыл ұстаз әдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны коталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты түсінуді және оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.Әдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сәйкес эпизодты қолданылады.Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы – оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде.Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге және оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын күнде тексеруді, бағалау мен өзін – өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту үдерісінің тұрақты және қажетті компоненті.Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, формалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратындай болуы қажет: игеру мүмкіншілігі, безендіру мәдениеті, формалардың әртүрлілігі, сезімдік құндылығы және т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді. В.Ф.Шаталов теориялық түсінікті іріленгн блоктар түрінде береді, бұған программаның үлкен тарауары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады.Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен – одан төмеңірегі және сол сияқты).Көрнекілік құралдарды қолданудың әртүрлілігі, тірек сигналдары мазмұнының абстрактылы және нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның аңыздылығы бойынша классификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибенің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс – әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруын В.Ф.Шаталов мынадай езеңдерге бөліп көрсетті. I кезеңде тақырыпты жан – ақты түсіндіріп,II кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,III кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,IV кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптеріне жазып,VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауап береді.Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрады. Шаталов тәдірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір – бірімен байланыты немесе қарама – қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған еекшеліктері:Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;Жеке бағдарлы қарым – қатынас, ықпал;Ізгілендіру, ерікті оқыту;Әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық тапсыраларды орындау талап етіледі. Осының нәижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауакершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір – біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңаматериалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.В.Ф.Шаталовтың оқыту әдістемесі, негізінен, жеті психологиялық – педгогикалық принциптерден тұрады. Олардың әрқайсысының мазмұнын ашайық.I.Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам жылжу принципі.Оқытудың дәстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау және есеп шығару жүргізіледі.Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, үдерістер және заңдылықтар бір – бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері.Теориялық өзекті мәселелерінен басқа ұсақ сұрақтар қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастырылады, не кейінгі сабақтарда атериалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбіек аударуды, себеп – салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.Блокты неесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді және олардың әрқайсысына үлгірім экранында қорытынды баға қойылады, «2» қойылмайды.Тақырып бойынша «түзету – жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады. II.Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет түсіндіре қайтлау негізінде білімді меңгерту принципі.В.Ф.Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек терең және тиянақты білім негізінде ғана ашылады. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».Жаң сабақты түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі әңгіме, дәріс, көрнекі құралдар пайдаланылған эвристикалық әңгімелесу түрінде өтеді.Шаталовтың әдістемесі бойынша жаң сабақты түсіндірі кезінде оқушылар ешнәрсе жақбайды, тек тыңдайды (психологтардың зерттеу қорытындылары бойынша қос қабаттасқан психологиялық іс – әрекет тиімсіз). Осы әдістемемен орта және жоғары кластарда жаңа тақыыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұқсат.Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тәсілдерді жаңа мәтінмен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау әдісі де жаңа формалы белсенді іс – әрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша ақырын баяндау және ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мәдениетін және оның жүйелілігін белсенді еске түсіру тәжірибесін арттырады.Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (магнитофон арқылы ақырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.Шаталовтың әдістемесі жаңа материалазмұнын түрлендіре, қайталау жолымен есте сақтауды қамтаасыз етеді. Бұл үйде тірек сигналды қулықтың сәйкес бөлімімен байланыстрап оқу, келесі сабақарды тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын және басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері боынша жауап және т.б. қайталау түрлері және көптеген есеп шығару.Осы әістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше аңызды формасы – өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 беттен, 5-сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол бетер бойынша білім тексеруді оқушылар өзара жүргізеді.Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30 – 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.III.Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар типтерінде де, олардың қиндық дәрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етедіОқушыларға күніне қанша тапсырма орындаймын десе де, ерік беріледі. «Үйге тапсырма» сөзі «мынадай тапсырманы орындауды ұмытпа» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.В.Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ:Бірінші ерекшелігі – нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу.В.Ф.Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз – ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат – берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы»Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн.
1. Тірек – сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.
2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.
3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.
4. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру.
5. Оқушының топпен және екі – екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

12-билет.1. Сан есім, құрылымы, мағыналық топтары, жасалу жолдары, синтаксистік қызметі, Сан есімнің зерттелу жайы.
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табыладыСан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.Дара сандар..Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100),мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион, сеацдециллион, сендендециллион,октодециллион, новемдециллион, вигинтилион...Күрделі сандар.Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.Сан есімнің семантика-морфологиялық топтарыСан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.Есептік сан есімдер Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)Реттік сан есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетіншінөмірлер екен (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).Жинақтық сан есімдербірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Мысалы:Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да,біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов)Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; Базаралының қасында бес-алты кісі қалған(Мұхтар Омарханұлы Әуезов).Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.
2. Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы лиризм...Көркем әдебиеттегі лиризм, психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз осы аталмыш авторлардың шығармаларынан көреміз.Қазақтың белгілі жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың бұл романы соғыстан кейінгі жылдары, қазақ жастары нәзік сезім мен жүрек тебірентер сөзге мұқтаж кезінде жазылды. Кейіпкері артиллериялық снарядтардың дүмпу дауыстарынсыз, жау ұшақтарының жарылыстарынсыз, қарапайым тыныш өмірді аңсаған әдеби-биографиялық романның жаңа түрі осылай пайда болды. Қазақтың бас ақыны Абайдың «Құдай-ау, қайда сол жылдар, махаббат қызық мол жылдар?! Ақырын-ақырын шегініп, Алыстап кетті ау құрғырлар» деген өлең жолдарын роман эпиграфы ретінде алған. Әлі күнге дейін құндылығын жоймаған бұл туындыны махаббат туралы поэтикалық симфония десе болады. Автор соғыс туралы айтса да, оқу аудиториясы туралы жазса да роман сөздері нәзік те терең лирикаға толы болып қала береді. Қаламгердің шын жан сыры халық жүрегінен орын табу үшін ол шығармада кӛңіл-күйдің, ой-арманның гуманистік сипаттары басым болуы қажет. Себебі лиризм «оқушының интеллектуалды-эмоционалдық сергектігіне сенімнен» қуат алады. Сондықтан да ғалымдар лирикалық прозадағы басты шеберлік кілті суреткердің ӛз ӛмірбаяны мен уақыттың күрделі тарихи, қоғамдық, рухани құбылыстарын терең байланыстырып, ӛмір шындығын қызғылықты беруі деп ұғады.Романның бас кейіпкері Ербол Есеновке сұрапыл соғыстан кейінгі бейбіт өмірге бой үйреніп кету оңайға түспейді. Қоршаған ортасындағы барлық дүниені әскери қимылмен елестететін ол романның алғашқы беттерінде-ақ қыздардың көздерінің «атқылауына» ұшырайды, кейіпкер бұны «сансыз прожектордың сәулесіне шаншылған сомолеттей» күй ретінде суреттейді. Автордың ««Гүл бақшасында болып па едіңіз? Гүл ашылған ғажайып сәтті көріп пе едіңіз? Бақшаның жер нәрі, күн нұрына қанып, толысқан ақ, қызыл, қызғылт, сарыкөк гүлдері біртіндеп, бірімен- бірі жарыса ашыла бастағанда жаныңызды ләззат кернеп, өз- өзіңізден өзгеше бір рақатқа кенелмейтін бе едіңіз. Сол гүлдердің торғыннан жұқа, әсем үлбектерінің әр діріліжаныңызды толқын- толқын қуаныш боп кернеп, басқаның бәрін ұмыттырып, елжіретіп, елтітіп әкетпейтін бе еді?!. Міне, қыздардың меніңсәлемімді алып, еріндерін сәнмен қозғаған осы бір сәті менің көз алдыма гүл бағын елестетті» деген сөздерінің өзі романға тамаша лирикалық леп сыйлайды. Нұршайықов өз туындысында ек қазақ ауыз әдебиетіне ғана тән лиризмнің керемет үлгісін қолданған. Ерболдың ғашығы Меңтайды
«Ай — қасы, күн — Меңтайдың екі көзі.
Самал жел — оның күле айтқан сөзі,
Рақат — соның кеудесі, гүл — мінезі,
От — өзіңе тура көз тіккен кезі.
Дүниедегі ең тәтті — соның ерні,
Дәмі қайтып, ешқашан етпес мезі,
Маржан, жақұт дейтіндер — соның тісі,
Көз тартар әдеппенен қылған ісі,
Бір ауыз айтқан сөзі жанды ерітіп,
Мас болар ақ дидарын көрген кісі» деп суреттеуі, өлеңде қолданылған поэтикалық метафоралар, автордың фольклорлық дәстүрге жақындығын байқатады.
Мінгенім дәйім менің сарым болса!
Қолымда жетелеген нарым болса!
Армансыз бұл дүниеден өтер едім:
Күлім көз, оймақ ауыз жарым болса! «Рас, Меңтай мендік болса, менің де арманым болмас еді!» деп іштей күрсінемін де, осы өлеңнен картина құрастырамын. Астында сары аты, қолында жетектеген жалғыз өркеш нар түйесі бар жігіт алдында ақ отаудың қасында тұрған күлім көз, оймақ ауыз келіншекке қарай асығып бара жатқандай көрінеді. Сонда менің де астымда атым, қолымда нарым болуы керек пе? — деймін мен өзіммен өзім дауласып. «Ат — адамның қанаты» деп білетін қазақ үшін бір жүйріктің болуы қажет-ақ дейік. Сонда нардың керегі не? Көшпей қонбай нар жетектеп жүрудің өзі ұят емес пе? Әлде нар деген дәулет деген мағынада ма екен? Бірақ қазіргі дәулет денсаулық пен білім емес пе?..» роман - нағыз қазақы сөз маржанынан тұнған лирика. «Не де болса көкіректі жарып шыққан пәле емес пе - осы жаман өлеңсымақ сол сәтте өзіме жап-жақсы сияқты боп көрінді. Айта берсеңіз, осындай өлең құрастырғаныма бейне бір Абайдың «Айттым сәлем, каламқасын» шығарғандай-ақ едәуір канаттанып калдым», дейді орманда Ербол. Ерболдың нәзік сезімі, махаббаты «қызыл көрпе» өлеңімен ұласып, кейіпкердің шығармашыл, лирикалық болмысы осы өлеңнен көрінеді. Романда лирика тек Ерболдан ғана көрініс таппайды, сондай-ақ Тананың мұңды әуенмен қарт әкесінің жалғыз ұлы Заманға арнаған жыры немесе соғыстың қиын кездерін жазған сәтері де оқырман көңілін алабұртып әкетеді. Көркемдік дегеніміз толып жатқан элементтер мен олардың компоненттерінің, яғни сюжет пен композицияның, тіл мен стильдің қарым-қатынасы бірлігінен құралады. Демек, автордың баяндау мәнерінен жасалады. Баяндаудың сәтті шығуында автордың дүниетаным мен жеке шығармашылық бағыты, композиция мен сюжет, кеңістік пен уақыт ұғымдары арасындағы байланысты түсіне білу қабілеті, көркем деталь-штрихтарды қолдану машығы үлкен рӛл атқарады. Демек, лиризм табиғаты жазушының мол ізденісін, суреткерлік парызын байқататын құбылыс.
3.Ұжымдық оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты мен түрлері.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетілгендей, білім беру саласында елеулі өзгерістер жүріп жатыр.Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жазылып, мектеп өміріне енгізілуде. Солардың бірі – Дьченконның ұжымдық оқыту технологиясы.Ұжымдық оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін- өзі өзгертуші субъектдәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.Ұжымдық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытудың негізгі факторына, мұғалімнің рқлі мен атқаратын қызметінде, әдіс- тәсілдерінде, оқушының белсендігі түрінде, ұжым мүшелерінің әрекеттестік, ынтымақтастық бірлігінде, олардың өзара қарым- қатыныс сипатында, танып білу үрдісінде.Ұжымдық жұмысыты ұйымдастырудың құрылымы:
I. Кіріспе бөлім.
1.1Ұжымдық жұмыстың мақсатын, міндеттерін анықтау, әрбір оқушының ұжымдық міндеттері анықталады;
1.2Жұмыс мазмұны бойынша оқушылар инструктаж (түсіндірме- негіздеме) алады.
II. Ұжымдық жұмыс кезеңдері.
2.1Ұжымдық жұмысты жоспарлау, тапсырма мазмұнымен таныстыру;
2.2 Жұмысты орындау.
III. Қорытынды кезең.
3.1Жасалынған жұмысқа баға және өзін- өзі бағалау;
3.2Ұжымдық жұмыстың нәтижесін қорытындылау (21- кесте)
Оқыту циклінің инварианттық негіздер жүйесінің 3 деңгейлік құрылымында көбіне репродуктивті әдіс пайдаланылады. Сұраққа жауап беру құқын топ жетекшісі анықтайды. Егер алдыңғы оқушы жауабында қателер жіберсе, жауап толық болмаса, онда келесі оқушы жауапты толықтырады, жіберілген қателіктерді түзетеді. Егер топтың басқа жауабы болмаса, онда оқулықтарды, оқу, дидактикалық, көмекші құралдарды пайдалана алады. Оқушылардың барлық жауабы (формулалар, сызбалар, суреттер, есептердің шығару жолы) бір ғана параққа түсіріледі. ұжымдық оқыту технолгиясы – шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беруді басшылыққа алады.. Ал бұл үрдісте ұжымдық оқыту технологиялардың орны ерекше. Себебі ол әр оқушының өзіне ғана тән ізденісі, қабылдауы, болжамы, сезімі, шешімі, тұжырымы негізінде жазылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.Бұл оқытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай, өзінің тиімділігін әр кезеңде дәлелдеп келе жатқан ерекшеліктері төмендегідей:
- жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар, жұмыс түрлері арқылы оқушылардың логикалық ойлауы жетіледі, тілі дамиды;
- сөйлеу үрдісінде есте сақтау қабілеті, зейіні дамиды;
- оқушының бұрынғы білім мен тәжірибесі, икем-дағдысы дами түседі, үнемі жаңғырып отырады;
- жеке тұлғаны дербес жұмыс істеуге, өз бетімен қорытынды жасауға дағдыланады;
- тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершілігі, іскерлігі артады;
- өзін-өзі бағалау, өз мүмкіндігі мен қабілетін саралау, жетістігі мен кемшілігіне көз жеткізу іс-әрекеті дамиды;
- өзін-өзі оқыту, бір-бірін оқыту үрдісі жүреді;
- ауысып келіп отыратын қатары, жұбы арқылы бір мәселе айналасында бүкіл ұжыммен жұмыс істеуге және оны талқылауға мүмкіндігі туады.
- оқушылардың білім мен дағдысы беки түседі, тиянақты білім қамтамасыз етіледі.
Ұжымдық оқыту технологиясын ұлы педагог Я.А.Коменский: "Если нужно - откажи себе в чем-нибудь и плати тому, кто будеть тебя слушать, многое спрашивать, усваивать, учить других тайны великой учености" – деп маңыздылығын түсіндіреді.Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізуде ұжымдық оқытудың төмендегідей жұптық тәсілі ерекше маңызды болып келеді.3. Вариациялық жұп (ерекше жұп) 1. Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім-оқушы; оқушы-мұғалім қызметінде іс-әрекет жасайды. Жұпқа екі жақсы оқитын, немесе бірі жақсы, бірі орташа оқитын бала жұпталады.2. Бір тапсырманы 4 бала төрт бөлімге бөліп алып орындайды. Әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын үш рет қайталап айтады. Әр баланың дербес қабылдауы, өзіндік білімін ескере отырып айтқанда, түсіндіру үш түрлі деңгейде болуы мүмкін. 3. Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді, қалғандары кезектесе отырып осы бағытта әрекет жасайды. Ұстаздың ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әртүрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Ұжымдық оқытудың мақсаты:
Адамды жан-жақты тәрбиелеу
-оқушының рухани дүниесін байыту;
- оқырмандығын күшейту;
- ауызша, жазбаша тіл мәдениетін дамыту;
- ойлау, елестете алу қабілетін қалыптастыру;
- көзқарасын тереңдету;
- өзінше бағалап, пайымдай білуге дағдыландыру;
- ойын жеткізе, талдай білуге үйрету;
- танымдық оқу ауқымын кеңейту;
- шығармашылық ізденіске жол ашу.
Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының жеке тұлға ретінде және ақыл-ой зердесін дамытуда үлкен рол атқарады.
Ұжымды оқытуда оқушы мынадай ролдер атқарады:
Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек. Өзінің ғана емес, өзгенің еңбегі де жауапкершілікпен қаралуы керек. Түсінген әр оқушы басқаға, серіктесіне меңгергенше түсіндіру. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет